Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері


Slide 1

Тақырыбы: Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм сезу талдағыштарының өзара әрекеттесуі.

Шымкент - 2021ж

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Орындаған:Амангельдиев О. М.

Группа: ЖМҚА 02-20

Қабылдаған:

Slide 2

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

А) Дәм талдағыштары туралы түсінік

В) Дәм талдағыштарының адаптациясы

С) Иіс талдағышы туралы түсінік

Д) Иіс талдағыштарының адаптациясы

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Анализатор, яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе

Иіс сезу және дәм сезу рецепторлары шетте орналасқан (экстерорецепторлар) хеморецепторлар болып табылады. Сыртқы ортамен байланысу түрінен:

1. Дистанттық: иіс сезу;

2. Контакттық: дәм сезу

Кіріспе

Slide 4

Дәм қабылдағыштары-дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі

Адамда дәм сезу баданасы=10 мың

Қабылдағыш пен тірек жасушалары=8-12

Ұзындығы мен ені= 70 мкм

Дәм сезу баданасының пішіні =сауытша тәрізді, төбесінде тесігі болады

Slide 5

Дәм талдағыштары туралы түсінік

Slide 6 Slide 7

Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасқан. Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады

Қабылдағыштардың ұзындығы=10-20 мкм

Қабылдағыштардың ені=3-4 мкм

Ұшқары жеріндегі өте сезімтал шағын түктердің саны=30-40

Демеуші заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың тесіктері арқылы өтеді

Қабылдағыштың әртүрлі заттарды іріктеп сіңіретін стереоарнамалы шектері болады деп жорамалдайды

Әрбір қабылдағыштардан сезгіштік жүйке талшықтары басталады

Қабылдағыштар организмнің ең аз өмір сүретін жасушаларына жатады

Олар әрбір 250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының шетінен ортасына жылжып келетін жаңа жасушамен алмасады

Көшкен кезде сүйке ұштары қабылдағышқа айналады

Slide 8

Дәм қабылдағыштары дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар

Ащы =тілдің түбінде

Тәтті= тілдің ұшында

Қышқыл және тұзды дәмді= тілдің бүйірлерінде

Алайда кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, тілдің түбінде орналасқан қабылдағыштардың ащы тітіркендіргішке сезімталдығы, оның ұшындағыларға қарағанда, тек 6 есе, ал бүйіріндегілермен салыстырғанда 4 есе жоғары екендігі көрсетіледі

Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып, тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың жалпы будасына келеді

Бұлардан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді

Одан ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін, үшінші нейрон басталады

Slide 9

Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан.

Ауданы=5-8см

Иіс беткей тіннің қалыңдығы=100-150мкм

Иіс қабылдағыштарының диаметрі=5-6мкм

Адамдарда иіс сезгіштердің саны=10-20млн

Әрбір қабылдағыш ұзындығы=10мкм

Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері=6-12

Slide 10

Стереохимиялық теория

Slide 11

Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін электроольфактограмма деп атайды

Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып, бірнеше секундқа созылатын, шайқалу тербелісі 10 мв монофазалық (көбінесе) теріс толқыннан тұрады

Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген талдағыштардан шығатын лайықты (синхронды) серпініс шоқтары қабаттасады

Жеке қабылдағыштардың серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және қарқынына сәйкес өзгереді

Иіс кірпікшелері

Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады

Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді

Олар аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерін сезгіш келеді

Иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, аңқыған иісті заттардың молекулаларымен белсенді түрде жанасады

Slide 12

Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әралуан түрлі қабылдағыштардан тұрады

Олардың мембранасы бетінде белгілі пішінді ойыс жерлері болады

Егер олардың пішіні иісті зат молекуласының белгілі пішініне (кілт пен құлып сияқты) сәйкес келсе ғана иіс түйсігі туады

Оcыған сәйкес иістің бастапқы бірнеше(камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, сасық иіс) түрін жіктейді. Олардың нақтылы қабылдағыштармен әрекеттесуі потенциал тудырады

Расында, көптеген зерттеулерде иіс буылтығында пайда болатын электрлік жауаптың көрсеткіштері оған әсер етуші иісті заттардың қасиеттеріне тәуелді екендігі көрсетілді

Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған және тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді

Рецептор жасушаларынан негізінен миелинсіз аксондар шығады. Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін құрады.

Slide 13

Иіс ұзақ әсер еткенде оған қабылдағыштардың бейімделетіндігін бақылауға болады

Талдағыштар көптеген исті заттарға толық бейімделеді, яғни оларға иіс түйсігі жойылады

Бірқатар заттарға талдағыштар баяу және ішінара ғана бейімделеді


Ұқсас жұмыстар
Иіс кірпікшелері
Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары
Иіс сезу талдағыштары
Иіс талдағышы
Аңдардың тыныс алу жүйесі
Иіс талдағыштары
Иіс және дәм сезу Мүшелері
Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (зейін,түйсік,ой,сана,сөз) туралы ақпарат
Шеміршектердің арасында
­ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz