Бронхиальды кірпікшелі эпителий


Slide 1

Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы

Шымкент-2021

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы:Өкпенің гистологиялық құрылымының

Жас ерекшеліктері

Орындаған: Амангельдиев О. М

Тобы: ЖМҚА 02-20

Қабылдаған: Едіге А. Ж.

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Жаңа туған нәрестелерде бронхиолды тармақтың микроскопиялық құрылысынжәне гистофизиологиясы

Нәрестелер мен балалардағы өкпенің респираторлық бөлімінің және бронх ағашының эмбрионалды дамуы мен құрылыс ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Тыныс алу жүйесіне: мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрын бөлігі, кеңірдек, өкпеден тыс жатқан бронхтар мен негізгі мүше өкпе жатады.

Көмекей, кеңірдек және өкпе эмбриогенездің үш және төртінші аптасында алдыңғы ішектің вентральды қабырғасынан пайда болатын өсіндіден дамып, жетіледі. Эмбриогенездің 8-аптасында қысқа түтікшелер түрінде, майда бронхтардың бастамасы пайда болады. Ал, ұрықтың 12-аптасында бұлардың қабырғасында цилиндр тәрізді эпителиоциттермен астарланған қатпарлар түзіледі. Эмбриогенездің 4-айының соңында қабырғасы куб тәрізді эпителиймен тысталған бронхылар пайда болады. 6-айдан бастап, нәресте туғанға дейін өкпеде альвеола жолдары мен альвеолалардың даму процесі жүзеге асады.

Slide 4

Постнатальдық кезеңде жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпесіндегі тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп белсенді түрге ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге қарағанда шамамен он есе көбейіп кетеді. Елу-алпыс жастан кейін өкпенің дләнекер тінді стромасында тұздардың шөгуі орын алады. Бұл өкпе қозғалысының шектелуіне және тыныса алу қызметінің әлсіреуіне әкеп соғады.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді.

Slide 5

Анте- және постнаталды кезеңдердегі тыныс алу жүйесінің құрылыс және даму ерекшеліктері

Эмбриогенездің 3-аптасында тыныс алу жүйесінің дамуы басталады.

Алғашқы ішектің алдыңғы бөлімінің вентральды қабырғасында кішкене иілім пайда болады (ішінен- прехордальды табақша, ортасы- мезенхима, сыртынан-спланхнотомның висцеральды жапырақшасы) . Бұл бүртік алғашқы ішекпен паралллеь өседі, кейін дихотомды бөлінеді.

Прехордальды табақшадан: ауа өткізу жолдарының жіне респираторлық бөлімнің эпителийі, ауа өткізу жолдарының қабырғасының безді эпителийі; мезенхимадан - дәнекер тінддік элементтер; спланхнотомның висцеральды жапырақшасынан - плевраның висцеральды жапырақшасы.

Жаңа туылған нәрестелерде тыныс алу мүшелері әлі толық жетілмейді, ал тыныс алу мүшелерінің толық қалыптасуы 7 жасқа аяқталады, ал кейінгі жылдарда тек көлемі ұлғаяды.

Slide 6

Барлық ауа өткізу жолдары балаларда ересектерге қарағанда өлшемдері кішкентай және өтістері тар болып келеді.

Алғашқы жылдардағы балалардың морфологиялық ерекшеліктері:

Жұқа, жұмсақ, тез жарақатталатын құрғақ шырышты қабықшасы, бездері толық дамымаған, сурфактант аз бөлінеді, имммуноглобулин аз секреттелуі;

шырышасты негіздің бай қантамырлануы, эластикалық және дәнекер тіндік элементтердің аз болуы, көп бөлігін борпылдақ дәнекер тін алуы;

төменгі ауа жолдарының шеміршек сақиналарының жұмсақтығы, оларда және өкпеде эластикалық тіннің болмауы.

Бұл шырышты қабықшаның барьерлік қорғаныш қабілетін төмендетеді, сондықтан инфекциялық агенттердің оңай енуі жүреді.

Slide 7

Мұрын қуысы

Жаңа туған нәрестелерде мұрын қуысы өте тар, қуыс түбі ересектерде қарағанда төмен орналасады. Төменгі мұрын жолы дамымаған, жоғарғысы нашар дамыған, ортаңғысы жақсырақ дамыған. Барлық мұрын жолдарының дамуы 14-15 жасқа қарай аяқталады. Мұрын аймағындағы қуыстар бітелген күйде болады. Торлы сүйек қуысы 2 жасқа қарай дамыса, маңдай және сынатәрізді қуыстар жаңа туған нәрестелерде болмайды, олар 1-2 жас аралығында пайда болады, жоғарға жақсүйек қуысы нашар дамыған, 9 жасқа қарай жақсы дамиды. Сондықтан жас балаларда фронтит, гайморит аурулары болмайды.

Slide 8

Мұрын қуысының шырышты қабықшасының құрылысы (схема)

Slide 9

Мұрын қуысының респираторлық бөлімінің эпителийі

Slide 10

Нейросенсорлы жасушалар

Slide 11

Көмей

Жаңа туған нәрестелердің көмейі қысқа, кең, құйғыш тәрізді, ұзындығы 1, 53 см-ге дейін, ересектерге қарағанда жоғары орналасады (ІІ-ІV омыртқа деңгейінде) . 13-14 жасқа қарай тқмен орналасып, ересектермен бірдей болады. Көмейдің жоғары орналасуына байланысты жаңа туған және емулі нәрестелердің көмейүсті тіл түбірінен жоғары орналасады, сондықтан жұтыну кезінде тағам сұйықтығы көмейүстінің жанынан өтеді, . Нәтижесінде бала ему кезінде, бір уақытта жұта да, тыныс алада алады.

Көмей кіреберісі жаңа туған нәрестелерде ересекертге қарағанда кең. Кіреберісі қысқы, сондықтан дыбыс саңылауы жоғары орналасқан. Оның ұзындығы 6, 5 мм(ересектерген қарағанда 3 есе қысқа) . Дыбыс саңылауы сәбидің алғашқы 3 жасында және жыныстық жетілу кезеңінде кеңейеді. Көмей бұлшықеттері жаңа туған және балаларда нашар дамыған.

Slide 12

Көмей

Көмей сәбидің алғашқы 4 жасында тез өседі. Жыныстық жетілу кезінде (10-12 жастан кейін) қайтадан тез өсуі басталады, ол ерлерде 25 жасқа дейін, ал әйелдерде 22-23 жасқа дейін жалғасады. Көмей ересектер деңгейіне 17-20 жасқа қарай төмен түседі. Көмейдің жыныстық айырмашылықтары ерте кезде байқалмайды, тек өсу кезінде ер балаларда қыз балалаға қарағанда тез өседі де, 6-7 жастан кейін ер балалардікі ірілеу келеді, 10-12 жаста ер балаларда көмей шығыңқысы аның байқалалды(Адам алмасы) . Көмей шеміршектері жаңа туған нәрестедерде жұқа, жас ұлғайған сайын қалыңдайды, бірақ созылғыштығын ұзақ сақтайды. Жасы ұлғайған адамдарда көмей шеміршектерінде, көмейүстінен басқасы, кальций тұздары жиналады. Шеміршектер сүйектеніп, сынғыш келеді.

Slide 13

Кеңірдек

Жаңа туған нәрестелердің кеңірдегінің ұзындығы 50 мм-ге дейін, конус тәрізді, орта сызықтан оңға қарай, IV мойын омыртқасынан III-IV кеуде омыртқасына дейін орналасады, 13 жасқа қарай IV кеуде омыртқасының төменгі жиегіне дейін жетеді. Кеңірдек кіреберісі тұрақсыз, жаңа туған нәрестелерде жазықтанған, кейінірек көлденең-домалақ, ересектерде дөңгелек пішінді. Жаңа туған нәрестелерде шеміршексіз артқы қабырғасы ересектерге қарағанда көп бөлігін алып жатады. Туылғаннан кейін кеңірдек алғашқы 6 айларда тез өседі, кейін өсуі баяулайды да, жыныстық жетілу кезінде қайтадан өсуі жүреді(12-22 жастарда) . 3-4 жасқа қарай кеңірдек кіреберісі екі есе ұлғаяды. Бала кеңірдегі 10-12 жаста жаңа туған нәрестелерге қарағанда 2 есе ұзарады, ал 20-25 жасқа қарай 3 есе ұзарады.

Оң жақ бронхтың ұзындығы жаңа туған нәрестелерде 1, 17 см, сол жақ- 1, 6 см, ені сәйкесінше 1, 4 см және 1, 2 см; кейінірек 15-16 жасқа қарай ұзындығы оң жақ - 3, 28 см, сол жақ -3, 05 см; ал ені сәйкесінше 3, 6 см және 3, 16 см.

Slide 14

Кеңірдек Бояуы гематоксилин-эозин

1 - шырышты қабықша 2 - шырышасты негіз 3 - талшықты-шеміршекті қабықша 4 - адвентициальды қабықша

Slide 15

Кеңірдек Бояуы гематоксилин-эозин

1 - шырышты қабықша 2 - шырышасты негіз 3 - талшықты-шеміршекті қабықша 4 - адвентициальды қабықша 5 - шырышты қабықшаның эпителийі 6 - шырышты қабықшаның меншікті табақшасы 7 - шырышты қабықшаның бұлшықетті табақшасы 8 - шырышасты негіздің бездері 9 - гиалинді шеміршек

Slide 16

Кеңірдек Бояуы гематоксилин-эозин

1 - шырышты қабықша 2 - шырышасты негіз 3 - талшықты-шеміршекті қабықша 4 - адвентициальды қабықша 5 - шырышты қабықшаның эпителийі 6 - шырышты қабықшаның меншікті табақшасы 7 - шырышты қабықшаның бұлшықетті табақшасы 8 - шырышасты негіздің бездері 9 - гиалинді шеміршек

Slide 17

Бронхиальды

кірпікшелі эпителий

Slide 18

Өкпе

Жаңа туған нәрестелердің өкпесі алғашқы тыныс алған сәттен бастаптыныс алмаған өкпемен салыстырғанда көлемі үлкенірек болады. Олар біршама ұзарған, кеуде қуысын толық алып жатады(жүрек және айырша безбен) . Тек алғашқы 2 жастарда өкпе үлестері арақатынасы ересектермен бірдей болады. Бронхиальды және альвеоларлы ағаштың өсуі 7 жасқа дейін жалғасады. Екі өкпенің салмағы жаңа туған нәрестелерде 57 г(39-70 г аралығында), көлемі - 67 см3. Жаңа туған нәресте альвеолары толық амниотикалық сұйықтықпен толған өкпемен туылады. Бұл сұйықтық стериьді және туылған сәттен 2 сағат бойы тыныс алу жолдарынан бөлініп отырады. Бұған жаңа туған нәрестенің алғашқы сағаттан терең дем алып шыңғыруы әсер етеді.

Slide 19

Өкпе

Туылған сәтте бронхиальды ағаш әлі қалыптасып үлгермейді. 1 жасқа қарай оның интенсивті өсуі байқалады (үлестік бронхтар -2 есе, ал басты бронхтар - 1, 5 есе) . Жыныстық жетілу кезінде бронхиальды ағаштың өсуі қайтадан жылдамдайды. 20 жасқа қарай барлық үлестері (бронхтар) жаңа туған нәрестемен салыстырғанда 3, 5-4 есе үлкейеді. 40-45 жастағы адамдарда бронхиальды ағаш көлемі өте үлкен келеді. 50 жастан аса бронхтардың жастық инволюциясы жүреді.

Жасы келген адамдарда сегменттік бронхтардың ұзындығы мен диаметрі кішірейеді, кейде қабырғаларының қабысуы байқалады. Қорыта келгенде жаңа туған нәрестелердің бронхиальды ағашының фуенкциональды ерекшелігі дренажды, тазалау қызметін толық атқара алмауы болып табылады.

Slide 20

Өкпе

Туылған сәтте үлес, сегмент сандары ересектермен сәйкес келеді. Туылмаған сәтте өкпе альвеолалары ұйқы жағдайында, қабырғасы қалың, куб тәрізді немесе төмен бағаналы эпителиймен қапталған, тіндік және аминиотикалық сұйықтықпен араласып толған күйде болады. Алғашқы дем алғанда немесе шыңғырғанда альвеолалар кеңейіп, ауамен толып, альвеола қабырғасы созылып - эпителий жазықтанады. Өлі туылған нәрестелерде альвеолалар ұйқы жағдайында қалады(микроскоппен қарағанда эпителийі бірқабатты куб немесе төмен бағаналы жасушалы, егер өкпе бөлігін суға салса - батады) .

Тыныс алу жүйесінің кейінгі дамуы саны мен көлемінің ұлғаюымен, ауа өткізу жолдарының ұзаруымен жүреді. 8 жасқа қарай өкпе көлемі - 8 есе, 12 жасқа қарай - 10 есе үлкейеді. 12 жастан бастап өкпенің сыртқы және ішкі құрылысы ересектерге ұқсас келеді, бірақ тыныс алу жүйесінің жай дамуы 20-24 жасқа дейін жалғасады. 25-40 жас шамасында өкпе ацинустары өзгермейді деуге болады. 40 жастан асқан соң өкпе тінінің біртіндеп қартаюы жүреді.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Эпителийлік ұлпа немесе шекаралық ұлпа
Кеудеде ауру сезімі
Жалпақ құрттар
Бронх ағашының құрылысы
Эпителий ұлпасы туралы
Эпителий ұлпасының қызметі
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
Жалпақ құрттар Жалпақ құрттардың Сорғыш құрттар өкілі Жалпақ құрттар типіне жататын ішекқуыстылардан жәндіктердің негізгі айырмашылығы ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz