Ақпараттық үрдістер мен автоматтандырылған басқару жүйелерінің кибернетикалық негіздері


Slide 1

111

Ақпараттық жүйелердегі информация берілісі

Slide 2

Ақпараттық үрдістер және автоматтандырылған жүйелерде информация айналымы. Адамзат қоғамының өміріндегі кез келген процесс информациямен жұмыс істеуді қажет етеді. Қазіргі кезде материалдық, еңбек, қаржы және т. б. ресурстар сияқты информацияға деген көзқарас та өзгеріп, оның қоғамға келтіретін қажеттілігі мен маңызына үлкен мән беріле бастады. Қазіргі кезде информациямен қамтамасыз етілу және информациялық ресурс көлемі қоғамның даму деңгейінің негізгі көрсеткішінің бірі болып есептеледі.

Slide 3

Информациялық ресурс дегеніміз жеке құжаттар мен олардың жиыны; мысалы, кітапханалар, архивтер (мұрағаттар), қорлар, деректер базалары мен банктері және т. б.

Информация туралы сөз болғанда онымен қамтамасыз етілу, информация көзі мен информация пайдаланушы туралы сөз болады. Информация көзінен оны пайдаланушыға жеткізгенге дейін ол әртүрлі өңдеуден өтеді; оған әртүрлі амалдар қолданылады.

Информатика пәнінде, информацияға қолданылатын амалдардың тізбегі информациялық процесс деп, ал оны жүзеге асыратын жүйені ақпараттық немесе информациялық жүйе деп аталынған болатын.

Slide 4

Ұйымдастыру мүкіншіліктеріне байланысты ақпараттық жүйелердің келесі түрлері болуы мүмкін:

- анықтамалық ақпараттық жүйелер;

- ақпараттық іздеу жүйелері;

- деректерді өңдеу және жеткізу жүйелері;

- байланыс жүйелері.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің көпшілігі кәсіпорындар мен мекемелер деңгейіндегі локальді (жергілікті) жүйелер болады. Қазіргі кезде ондай жүйелердің корпоративтік жүйелерге бірігуі, ал одан кейін аймақтық және глобальді (дүниежүзілік) жүйелермен байланысуы жүзеге асырылған.

Slide 5

Кибернетикалық тәсіл. Егер берілетін информация белгілі бір объектіден (процестен) алынатын болса, ал шығарылатын информация сол объектіні (процесті) өзгертуге бағытталған болса, информацияны пайдаланып, негізгі басқарушы әсерді (шешім қабылдауды) таңдаушы адам болса, ондай автоматтандырылған жүйені автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ-АБЖ) деп атайды.

Slide 6

Басқару мен информация кибернетика атты ғылым саласының негізгі түсініктері болып есептеледі. Кибернетика дегеніміз әртүрлі жүйелерде: техникалық, биологиялық, әлеуметтік және т. б. басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.

Басқару - табиғаты әртүрлі (техникалық, биологиялық, әлеуметтік және т. б. ) ұйымдастырылған жүйелердің қойылған мақсаттарына жету мен оларға тән ішкі құрылымын қолдауға бағытталған функциясы.

Slide 7

Бұл «кибернетика» деген термин грек тіліндегі «кибернетикос» - шебер басқарушы деген сөзден алынған. Ежелгі Грекия елінде мұндай атаққа соғыс арбасын шебер басқаратын адамдар ие болатын. Кейіннен бұл сөзді римдіктер пайдаланды; латын тілінде «губернатор» (провинцияны басқарушы) деген сөз пайда болды. Ғылыми термин ретінде «кибернетика» деген түсінікті атақты физик Андре Мари Ампер енгізген. Ол кибернетика деп адамдар мен қоғамды басқару өнерін зерттеумен айналысатын ғылым саласын атаған.

Slide 8

Қазіргі заманғы кибернетика ғылымының негізін салушы ретінде америкалық математик Норберт Винер танылды. Ол 1948 жылы «Кибернетика немесе басқару мен байланыс жануарлар мен машинада» деген кітапта алғаш рет кибернетика ғылымының негізгі түсініктерін сипаттаған болатын.

Slide 9

Қазіргі кезде басқару туралы ғылымда келесі жалпы заңдылықтар бар:

1. Кез келген басқару мақсатқа бағытталған процесс.

2. Кез келген басқару дегеніміз ақпараттық процесс.

3. Кез келген басқару жабық контур ішінде орындалады (тура және кері байланыс арнасы)

Slide 10

АБЖ қазіргі қоғамның көптеген саласында қолданыс тапты; әсіресе, технологиялық процестерді және адамдардың ұжымын басқару жүйесі ретінде кеңінен қолданылады. Технологиялық процестер қарастырылғанда, АБЖ өндірістің әртүрлі функцияларын автоматтандыру үшін қолданылады. Олар тасқынды жолдарды ұйымдастыруда, микросхемаларды дайындауда, машина жасау саласында технологиялық циклдарды жұмыс жасатқанда және т. б. кеңінен қолданылды.

Slide 11

Қырғызбаева Көзайым, 111-Тобы


Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: анықтамасы, құрылымы және жіктелуі
Қонақ үй кешенін басқаруда ақпараттық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелер
Медициналық ақпараттық жүйелердегі дәрігерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: анықтамасы, құрылымы, жіктелуі және қолданылуы
Ақпараттық жүйелердің негіздері мен компоненттері
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ): анықтама, құрылым, жіктелуі және енгізу кезеңдері
Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер және дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны
Контроллер арқылы автоматтандырылған басқару жүйесін жобалау: экономикалық тиімділігі мен еңбек қауіпсіздігі
Ақпараттық үдерістер және үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу: ақпарат іздеу жүйелерінің негіздері
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz