Қоянның іні


Slide 1

Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі”

Орындаған:Аманжолов Дидар

Топ:2ВФ-17

Тексерген:Бахытбекова А. Б

ҚОЯНДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ

Slide 2

Жоспар:

1. Қоян туралы мағлұматтар

2. Қазақстанда кездесетін түрлері

3. Қоянды азықтандыру (негізгі азықтары)

4. Көжекті азықтандыру

Slide 3

Қоян шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы. Еті, терісі, тұқымы үшін, еті диеталық тағам, терісі бағалы шикізат ретінде қолданылады. Қояндар - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0, 1 - 4, 5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 -16 көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Қоян түстері әртүрлі болады: көгілдір, сұр, сұрғылт-қара, қара, күміс түсті, қара-қоңыр, қоңырлау, ақ.

Қоянның іні

Жалпы сипаттама:

Slide 4

Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі:

Орқоян - қоян тәріздіздiлер отрядынын өкілі. Бұл отрядқа қояннан басқа шақылдақтар жатады. Орқоян осылардын iшiндегi ең үлкенi (денесiнiң ұзындығы 50-70см, салмағы 4-6кг) . Басқа қояндар сияқты мұнын да артқы аяқтары алдынғысына қарағанда ұзынырақ, сондықтан секiрiп жүгiредi. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетедi, куғыннан қашқанда көбiне кiлт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жүгiредi. Жазда терiсiнiң түсi сұр, ал қыста қатты ағарады, бiрақ ақ қоянның айырмасы, құйрығынын үсті қысы-жазы қара жолақты. 12 жылдай өмір сүреді. Аналығы 44-46 күн буаздықтан кейiн, 6 көжектен дүниеге әкеледі. Көжектерi көздерi жабық, денесi жүнмен қапталған, өзінше қозғала алатындай ширақ болып туылады. Негiзгi жаулары - қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркітте қоян алады. Қазақстанда аңшылар жылына 3000 қоян аулайды.

Slide 5

Ақ қоян-негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Slide 6

Құмқоян - Қазақстанда мекендейтiн үш қоянның iшiндегi ең кiшкентайы (денесiнiң ұзындығы 50 см, салмағы 2, 5кг) . Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулерiне дейiн көтерiледi, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған. Ін қазбайды, күндіз демалысы үшiн таяз сайларды пайдаланады. Жатқанда жүнi үйпаланбай және бөтен дыбыстарды есту ушiн басын желге қаратып жатады, жел бағыты алысқан сайын, бұл да бағытын ауыстырып отырады. Басқа қояндар сияқты бұл да жылына 5-7 рет көбейеді, бір көбейгенде 6-7 көжек туады. Аналығы алғашқы кезде көжектерiнің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. Құмқоян қасқыр, түлкi, дала мысығы және iрi қанатты жыртқыштар - бүркіт, кезқұйрық, тiлемiш, тіпті шөл қарғасынын да негiзгi қорегі болып табылады. Үкі қояндарға көп зиян келтiредi. Қазақстанда жылына 85 мын құмқоян терiсiн даярлайтын болған.

Slide 7

Үй қоянын белгiлi бiр мезгiлде күніне 2-3 рет азықтандырады. А) таңертеңгі мезгiлде жеңіл тамақ шөп, су, бақша дақылдарын берген жөн. Ә) түскі мезгілде-бұршақты астық тұқымдас дақылдар қоспасын, жусанды, түйе жапырақты жақсы жейдi. Б) кешкi мезгiлде жеңіл тамақ-сәбіз, қызылша, тары, асқабақ, орамжапырақтың жапырағын берген пайдалы. Үлкен қоянға 300 грамм, көжегіне 30-40 грамм азық беруге болады.

Құнарлы азық - астық және бұршақ тұқымдастар; техникалық және майлы кебек, кендір, шекілдеуік қоспалары, құ-рама жем - жас тамыр-түйнектер т. б. сәбіз, қызылша, картоп, капуста, сүрлем; жасыл шөптер - екпе шөптер, пішен, ағаштардың жас бұталары; ірі азықтар - шөп, сабан, топан, құрғақ бұталар, малдан алынатын азықтар - сүт, қаймағы алынған сүт, ет-сүйек ұны, қан ұны; минералдық азықтар - ас тұзы, сүйек ұны, жеміс-жидек және тамақ қалдықтары. Сонымен бірге азықтың құрамына витаминдер мен антибиотиктер қосылады.

Үй қояны үшін ең жақсы азық - құрамында клетчаткасы аз жапырақты шөптер, дала өсімдіктері - манжетка, тобылғы, тоз-ғанақ, түйежапырақ, сүттіген, шайқурай, жусан, түйебұршақ, қырық жапырақ, сиыржоңышқа, бидайық, шытыр, жабайы шетен, жабайы беде. Бұл шөптердің құрамында қоректік заттар, минералды тұздар және витаминдер көп болады.

Мысалы, қояндар бақбақты, иманшөпті қоңырбасты, калленді, жусанды, аңбас жусанды, қалақайды, жоңышқаны, қышаны, бидайықты, өгейшөпті, қызыл-бояу шөпті, түймешекті, шоңайнаны, аю балдырғанды т. б. дала шөбін сүйсініп жейді. Шөптерді шапқаннан кейін бірден берген жөн, ал егер дымқылдау болса берердің алдында. жел қақтырған дұрыс.

Көктемде көк шөппен қоректендіруге біртіндеп көшіру қажет. Демек, тәулігіне әр қоянға 50 - 100 г ғана беріледі. Азық рацио-нына бұршақ тұқымдас шөптерді енгізгенде, астықты елеулі мөл-шерде аз беріп, қояндардың азықтануын екі есе арзандатуға болады. Қояндар бұршақ тұқымдас шөптерден жоңышқаны, бедені, эспарцетті т. б. сүйсініп жейді.

Slide 8

Үй қояннын өсіру. Ет, тер, түбіт алу мақсатында қоян өсiретiн мал шаруашылыгынын бiр саласы. Үй қоянның жыныстық жетілу әдетте 3, 5-4, 5 айлық кезiне қарай аяқталады, бiрақ оларды бұдан біраз кешірек шағылыстырады. Үлкен ақ және сұр қоян секiлдi кеш жетiлетiн тұқымның жас ұрғашыларын 5 айлық кезiнде ғана шағылыстыру керек.

Калифорнийская порода

Slide 9

Қояндардың көжектеуі. Қояндардың көжектенуiне бiр апта қалғанда торға iшiне төсеніш салынып, дезинфекцияланған ұялы жәшік қою керек. Көжектенуіне 3-4 күн қалғанда ұрғашы қоян ұя жасай бастайды, оған өзінің бауыры мен төсiн жұлып алган түбiтiн төсейді. Көжектеу алдында және одан кейін науада таза су болуға тиiс, өйткені бұл кезде аналық қоян өте шөліркейді, сондықтан кұюлы су болмаса өз төлін жеп қоюы мүмкін. Қоян көбiне түнде көжектейдi. Көжектерi сүт тiстi, кызылшақа және соқыр болып туады. Тiрiдей салмағы 40-80 грамм болады. Көжектеу аяқталысымен ұяны тексерiп, ондағы өлi жане әлсiз көжектердi алу керек.

Slide 10

Көжектер 11-күнге қарай көзін ашады. Туғанына 45-60 күн болған көжектердi жынысына қарай топтастырып, енелерiнен бөледi де, еденнің ауданы әр көжекке 0, 1-0, 15 шаршы метрден келетiн торға орналастырады. Бөлінген көжек мiндеттi түрде жерден көтерiңкi етiп орнатылған торда ұсталынуы тиіс. Ішек-қарын ауруларынан сақтандыру үшін көжекке енесiнен айырған айда, енесiмен бiрге жеп үйренген азықтардан беру керек. Тұқымға қалдырылған аталықтарды 3 айлық кезенiнде торға бiр-бiрден, аналықтарды екі-екіден бөліп орналастырған жөн.

Slide 11

Көжектерді азықтандыру


Ұқсас жұмыстар
Ана тілі
Қоян және терісі бағалы аңдар
Аға редактор
Мәтін түрлері
Қоян түлкі
Қосу және азайту 26+7, 33-7
Ертегі
Отбасының адам өмірінде алатын орны
Жеті ата
Төртбұрыштың бұрышы нешеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz