АДГЕЗИВТІК АКУЫЗДАР



Дайындаған: ҚДС 101 студенттері Байқадамова Жаңылсын
Сапарбаева Жайна
Тексерген: Сатыбаева Амина Тлекеновна
Тақырыбы:Цитоқаңқа. Клеткааралық байланыс, клеткааралық адгезия, және клеткадан тыс матрикс
2021 жыл

Клеткақаңқасының негізгі элементтері.
Цитоқаңқа-жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады
Негізгі құрылымдары:
Микротүтікшелер
Актин филаменттері
Аралық филаменттер
Үшеуіде полимерлік құрылымдарға өздігінен кірігіп, мыңдаған актин бөлшектеріне, сызықты массивтерге жинақталады. Олар органеллаларды ұстап тұрушы және органеллалар қозғалатын рельстер қызметін атқарады.

Цитоқаңқа құрылымы қалыптасуында қосымша ақуыздар да маңызды рөл атқарады. Олар:
Органеллалардың цитоскелетке жабысуына
Органеллалардың бағытты қозғалуын қалыптастыруға
Цитоскелет байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне жауап береді


Аралық филаменттер деп аталу себебі диаметрі актин филаменттері мен микротүтікшелер диаметрінің аралық көрсеткішіне ие. Яғни 10 нм дей.
Аралық филаменттер
Қызметтері:
цитоплазма бойымен бір жасушадан екіншісіне өтіп, ұлпалардың беріктігін қамтамасыз етеді.
Мықты, талшықты, тартылысқа төзімді полипептидтер болып цитоплазмада торланып орналасып, жасушаға мықтылық қасиет береді
Жасуша иілімдігін қалыптастырып, механикалық әсерлерге шыдамдылығын жоғарылатады
Аралық филаменттер ядрода ядро ламинасының құрамына кіреді

Аралық филаменттің негізгі ақуыздары
Бірінші түрі эпителий жасушаларында кездесетін қышқыл және бейтарап кератин филаменттері. Кератиндер гетерогенділікке ие. Сонымен, эпителийде кератиндердің 20-ға дейін түрі, шаш пен тырнақта 10 түрі кездеседі.
2. АФ ақуыздарының екінші түрі дәнекер тінінің жасушаларының, эндотелийдің және қан жасушаларының цитоскелетінің бөлігі болып табылатын мезенхимальды жасушаларға тән виментин филаменттері. Фибробласттарда, эндотелиалды жасушаларда кездесетін десмин, перферин т. с. с Десмин тегіс және жолақты бұлшықет жасушаларына тән.

3. Нейрофиламенттердің белоктары (молекулалық массасы 60-тан 130 мыңға дейін), жүйке жасушаларының аксондарында кездеседі.
4. Ядролық ламина ақуыздары. Бұл соңғыларының ядролық локализациясы болғанымен, олар құрылымы мен қасиеттері бойынша аралық жіптердің барлық ақуыздарына ұқсас.


Микротүтікшелер
Микротүтікшелер-ұзын әрі түзу, бір ұшымен центромераға байланысқан, Гольджи кешенінің жанында орналасқан құрылымдар
Цитоқаңқаның негізгі ақуыздарының ұзын филаменттерге полимерленуінің нәтижесінде түзіледі. Филаменттердің полимерленуі бір бағытта полярлы болады. Ұштары бір бірінен еркеше:
Оң ұшы үнемі өседі (полмерленеді)
Теріс ұшы тубулин бөлшектері тұрақтанғанға дейін ыдырайды.
Қасиеттері:
Динамикалық құрылымдар. Бір мезгілде кейбір микротүтікшелер өссе, екінші біреулері қысқарып отырады.
Қатты құрылымдар. Микротүтікшелер тек цитоплазманың тірек сәулелері болып қана қоймай, органеллалардың бағытты қозғалуының рельстері де болады


Оларда, сондай-ақ жасушалардың цитоплазмасында ол бір α-тубулин молекуласының және бір β-тубулин молекуласының димері түрінде болады. Мұндай димердің бөлігі ретінде әрбір тубулин молекуласына ГДФ молекуласы бекітіледі.

Центриоль (centriol, лат. centrum - орталық) - центросоманы құрайтын майда денешік. Бұл ядролық қабықшаның жанында, цитоплазмада орналасқан органелла. Центриоль және оны қоршаған цитоплазманың ақшыл мөлдір бөлігі (центросфера) бірігіп, центросоманы (орталық денешік) құрайды. Центросоманың екі центриолі (диплосома) бір-біріне перпендикулалы орналасады. Центриольдің біреуін "аналық", ал бұдан пайда болған екінші денешікті жас центриоль деп атайды. Ол цилиндр пішінді құрылым. Цилиндрдің қабырғасы 9 топ микро түтікшелерден құралған. Әрбір топта диаметрі 25 нм 3 микротүтікшелер болады. Центриоль - жасушаның митоздық бөлінуін іс жүзіне асырады.

Центросома-ядро қабықшасына жақын орналасқан аморфты денешік. Ол центриолядан құралған. Интерфаза кезінде центросомада цитоплазмалық микротүтікшелер түзіледі, бұл МҰО(микротүтікшелероді ұйымдастырушы орталық) деп аталады.
Интерфаза кезінде цитоплазмалық микротүтікшелер жаңадан түзіліп отырады
Профаза басында ыдырайды
Центросома айналасында қысқа микротүтікшелер пайда болады. Олар өте тұрақсыз болады
Қысқа микротүтікшелер сәулелі микротүтікшелер деп аталады. Олар бір бірімен айқасып олардың тұрақтануына алып келеді.
Жасушаның қарама-қарсы полюстерін байланыстыратын микротүтікшелер полярлық деп аталады. Олар анафаза сатысында ажыраған жасушалардың поюстерге тартылуын қамтамсыз ететін рельстер болып табылады

Жасушалардың бір-бірімен тіркесіп байланысуы
жасушааралық адгезия
жасушааралык түйісу (контакт)
Бұлардың екеуі де бір-біріне ұқсас, ортақ бір нәтижеге, жасушалардың өзара байланысуына, алып келетін үдерістер. Дегенмен, айырмашылықтары да жоқ емес, мысалы: адгезия - жасушалардың уақытша байланысуы жәнеиол әртүрлі ұлпа жасушалары (қан жасушаларымен эндотеломиоциттер) арасында болатын байланыс.
Адгезиялық байланыстар - ағзаның қабыну, иммундық т. б. сияқты маңызды құбылыстарына алып келеді.

Кодгериндер-адгезивтік қабілеті тек Са ионы болған жағдайда ғана байкалатын ақуыздар. Олардың қызметі-эпителий, нерв және бұлшыкет ұлпаларында салыстармалы түрде тұрақты жасушааралық қалыптастыру болып саналады.

Адгезивтік акуыздар
1) Интегриндер - құрылысы гетеродимерлі (α, β) болып келетін интегралдық акуыздар.
α- бөлшектің 10 түрі β- бөлшектің 15 түрі белгілі(β1интегрин, β 2 интегрин, β3 интегрин)
β1-интегриндер - лимфоциттердің жәнетромбоциттердің мембранасында кездеседі.
β 2 интегриндер біріншіден эндотелий жасушаларымен, екіншіден фагоциттелуші субъекттермен әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
β3 интегрин кейбір лейкоциттер, активтенген тромбоциттер беттерінде табылған. Соңғыларында ол фибриногенмен байланысуүшін қажет.
Екі бөлшектіңде ж асушаішілік, мембраналық, жасушадан тыс деп аталатын-3 домендері болады.

Селектиндер
Мономерлер болып табылады, оның N-ұшы домені лектиндер қасиеттеріне ие.
Лектиндер олигосахаридтік тізбектердің соңғы бір моносахаридіне ерекше сай болып келетін ақуыздар тобы болып табылады. Лектиндік домен арқасында, селектиндер жасуша беттерінде гібелгілі бір көмірсу компоненттерін «таниды».
L-селектинәртүрлі лейкоциттер Селектенбеттерінде кездеседі және әрекеттесуіне қатынасады.
P және E-селектиндер-қабынуды стимулдайтын факторлармен ститмулданған эндотелий беттерінде кездеседі және олар қатынасады.

Адгезивтік иммунноглобулиндер
(Jg) және иммуноглобулин тектес(Jg-тектес) ақуыздар лимфоидтық жасушалар бетінде, рецепторларретінде, кездеседі.
В-лимфоциттер беттеріндегі иммуноглобулиндер (Jg) жеңілтізбектерден (L) және ауыр тізбектерден (H) тұратын олигомерлік құрылымболып табылады.
Т-лимфоциттер бетіндегі Јgорталық. тек ауыр тізбектен тұрады, мұндайақуыздарды Т-жасушалык рецепторлар (ТЖP) деп аталады. Оның да екідомені (құбылмалы және константты) болады.

Қабыну
Ағзаның корғаныстық реакциясының бірі болып табылады.
Бұл күрделі патобиологиялық үдерісте-екі маңызды құбылысты атауға болады:
-қантамырлық реакция (ұсақ қан-тамырлардың кеңейуі және қабырғаларының- лимфоцит өткізгіштік қабілетінің жоғарлауы) ;
лейкоциттердің сыртқа шығуы.

Жасушааралық түйісу (контакт)
жасушалардың салыстырмалытүрде тұрақты байланысуы, ол ұлпалардың түзілуіне алып келеді және бірұ ұлпа жасушаларының арасында болады

Жасушааралық байланысулардың (түйісу-контакт) түрлері
1) Қарапайым типті түйісулер (байланысулар-контакт) :
а) қарапайым жасушааралық қосылулар;
б) интердигитация (айқаса байланысу) ;
2) Тіркесу типті түйісулер (байланысу-контакт) :
а) десмосомалар;
б) адгезивтік белдеушелер;
3) Жабыстырушы (қапсыру) типті түйісулер (байланысулар) :
тығыз қосылу (жапсыру (қапсыру) немесе zona occludens) ;
4) Коммуникациялық типті түйісулер (байланысу-контакт) :
а) саңылау типті қосылу (нексустар немесе-junctions) ;
б) синапстар.

Түйісулердің маңызы
Алғашқы екі топ түйісулері (байланысулары) жасушаларды бір-біріментіркестіріп байланыстыру үшін қажет. Жабыстырушы (қапсырушы) типті түйісулер (байланысулар-Контакттар) жасуша тақтасының әртүрлі беттерінің орталарын бір-бірінентолық шектеу қызметін атқарады. Коммуникациялык типті түйісулер жасушалардың заттармен(нексустар) не сигналдармен (синапстар) алмасуына мүмкіндік береді.

Қарапайым жасушааралық қосылыстар
адгезиялық әрекеттесулерге өте ұқсас.
Бұл жерде ешқандай қосымшақұрылымдарсыз, жасушалар бір-біріне жай 15-20нм-ге жакындап, өздерінің плазмолеммаларының адгезиялық акуыздары арқылы әрекеттеседі.
Бұл қосылуда кодгериндер маңызды рөл атқарады.

Интердигитация немесе саусақтардың айқасуы типті қосылуы
екі жасуша плазмолемалары бір-біріне ілесіп алған бір жасуша цитоплазмасына инвагинацияланады (енеді), ал сосын көршілес жасуша цитоплазмасына енеді.
Интердегитация әртүрлі ұлпаларда, мысалы, кардиоциттер арасын дажиі кездеседі.

Десмосома
Түйісуші екі плазмолеммалардың қатынасуымен түзілетін кішкентай домалақ құрылым
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz