Құстардың тыныс алу жүйесінің құрылысы және газ алмасу механизмі


Slide 1

Құстардың тыныс алуы және газ алмасуы.

Орындаған:Ахатова Жұлдыз

Маратова Фариза

Түркүстанова Бағдат

Әліп Айдана

Адаева Гүлнұр

Ситалиева Жолжібек

Slide 2

Құстардың тыныс алу жүйесі өткізгіш жолдардан кеңірдек, бронхылар, сол сияқты көкірек клеткасының дорсальды бөлімінде орналасқан аздаған кеуекті құрылысты өкпеден және жұқа қабырғалы қапшықтардан тұрады. 9 ауа қапшығының болуы, олардың өсінділері кейде құстың бүкіл денесін тесіп өтеді, құстардың тыныс алу жүйесіндегі ауа көлемі сүтқоректілерге қарағанда біршама көп болуына себебін тигізеді.

Кеңірдек, оның ұзындығы мойынның ұзындығына байланысты, әдетте сүйекті сақиналардан тұрады және ол бірден көмекейден соң басталады, ал соңғысы құстарда ожау және сақина тәрізді шеміршектерден қалыптасады. Өкпеге жақындаған сайын кеңірдектің қимасы кішірейеді. Кеңірдектің еркін жатқан екі бронхыға бөлінуі әдетте көкірек тесігінің енген жерінде басталады. Кеңірдектің бронхыларға айырылу аймағында төменгі немесе нағыз көмекей орналасады, ол көптеген түрлерде күрделі құрылысты, дыбыс байланыстарының құрылысы түрлі отряд өкілдерінде түрліше болып келеді.

Slide 3

Өкпенің ішкі құрылымы ерекше. Бронхылар өкпеге енген соң, олардың шеміршекті сақиналары жойылады. Әрбір өкпеге бір басты бронхы еніп, онда кеңейеді (вестибулум) . Вестибулумнан кейін өкпенің каудальды ұшына қарай мезобронхы жатады. Басты бронхы мен оның бөлімдерінен екінші дәрежелі бронхылар шығады, олардың арасынан вентральды және дорсальды екінші дәрежелі бронхыларды ажыратуға болады.

Slide 4

Құстардың тыныс алу жүйесінің өте маңызды ерекшеліктерінің бірі - ауа қапшықтарының болуы, олар жұқа қабырғалы кеңейген бронхылар болып саналады және өкпеден тыс жатады. . Ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейді, олардың қабырғаларында капиллярлар тым аз және олар таза немесе

қолданылған ауаның резервуарлары болып табылады. Барлығы 9 өкпе қапшығы бар. Олар: дара бұғанааралық және жұп мойын, төсалды, төсарты және құрсақ ауа қапшықтары. Ауа қапшықтары ішкі мүшелердің үйкелуін азайтады және ұшу кезінде организмнің жылу реттелуін қамтамасыз етеді, өйткені құстарда тері бездері жоқтың қасы.

Slide 5

Ауа қапшықтары

Денесін жеңілдетеді

Денесін қызып кетуден сақтайды

Ауаның сыйымдылығын

арттырады

Газ алмасу жүрмейді

Slide 6

Су құстарында ауа қапшықтары өсінділерінің жақсы жетілуі мен сүйектерінің ауаға толы болуы олардың жүзгіштігін жақсартады. Өкпеде газ алмасу жүреді, ал артқы қапшықтарда оттегіге байыған ауа қоры болады.

Дем шығарғанда төс омыртқа жотасына қарай көтеріледі, көлемі кішірейген дене қуысында қысым артып, құрамында көмірқышқыл көп ауа өкпеден алдыңғы қапшықтарға өтеді және кеңірдек арқылы сыртқа шығарылады, Осы кезде артқы ауа қапшықтарындағы таза ауа өкпеге айдалады.


Ұқсас жұмыстар
Құстардың тыныс алу жүйесінің құрылымы мен газ алмасу ерекшеліктері
Тыныс алу жүйесінің анатомиясы мен газ алмасу физиологиясы
Тыныс алу жүйесінің биохимиясы мен физиологиясы: құрылым, газ алмасу, өкпе көлемдері және тыныс жетіспеушілігі
Тыныс алу жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы
Тыныс алу жүйесі: кезеңдер, газ алмасу және климаттық-барометрлік әсерлер
Тыныс алу жүйесі: құрылысы, қызметі, газ алмасуы және патофизиологиясы
Сыртқы тыныс алу және бронх жүйесі: газ алмасу, тасымалдау және нейрорегуляция
Өсімдіктердің тыныс алу механизмі және тыныс алу коэффициенті
Ұрықтың респираторлық жүйесінің құрсақ ішілік дамуы және алғашқы тыныс алу механизмі
Жануарлардың тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысы мен түрлік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz