Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы


Slide 1

Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы

Slide 2

Әдіснама/методология - әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық үдерісінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.

Әдіснама:

ғылыми әдістер туралытеориялық ілім;

әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;

жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;

белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.

Slide 3

Әдіснамалық зерттеу түсінігі

1970 жылдардан бастап қарастырылды

педагогикалық қызметтің заңдылықтарын және құрастыру жүйесін анықтау міндеті бар арнайы-ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бағыт ретінде қызмет етеді

зерттеу тақырыбын қалай құрастыру керектігін, мәселелерді шешу жолдарын, болжамды құруды, зерттеу логикасының қалай болу керектігі туралы білімдер жиынтығы

Slide 4

Э. Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі:

философиялық

жалпы ғылыми

нақты ғылыми

технологиялық

Slide 5

Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құрса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.

Екінші деңгейде, жалпы ғылыми әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.

Үшінші деңгей, нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Төртінші деңгей, технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материялдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т. б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.

Slide 6

Әдіснамашы-ғалым В. Е. Гмурман педагогика әдіснамасының пәнін нақтылауға ұмтыла отырып, оның пәні ретінде педагогикалық шынайылықты тану үдерісі мен оның нәтижесі деп педагогикалық білімдердің жүйесін (жиынтығын) түсіндірді.

Slide 7

М. А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады».

Slide 8

Зерттеу әдісі - күрделі таным сатыларының реті, зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.

Slide 9

Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа бөлінеді:

Эмприкалық Әдіс

математикалық әдістер

теориялық зерттеу әдістері

Slide 10

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Теориялық әдіс -талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, жіктеу, моделдеуге құрылады.

Эмпирикалық әдіс деректер жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құжаттарды зерттеу, әңгімелесу, сауалнама, сұхбаттасу, т. б. енеді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.

Математикалық әдіс - құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің арақатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен деңгейіне қарай сапқа түзу, т. б. енеді.

Slide 11

Эмпирикалық әдістер

Бақылау

Сұхбат

Анкета

зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы.

қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі.

ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады

Slide 12

Теориялық зерттеу әдістері

Индуктив әдіс

Дедуктив әдіс

Дедуктив әдіс

Slide 13

Талдау (анализ; грек. analusis- ыдырату, ажырату) - затты, құбылысты, үрдісті ойлау деңгейінде бөліктерге бөлу. Талдау нақты практикалық іс-әрекетпен жүзеге асырылады.

Индуктивті әдіс - ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін айтады.

Дедуктив- жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.

Slide 14

Математикалық және статистикалық əдістер

тіркеу (регистрация)

ранжирование (тəртіпке келтіру)

өлшемге түсіру (декодирование)


Ұқсас жұмыстар
Педагогика әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Музыкалық – педагогикалық білім беру әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz