Қазақстанның көрікті жерлері



Менің Қазақстаным

Қасым Аманжолов
“. . . Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
“

1986 жылғы оқиғадан кейін, 1991 жылдың 10 желтоқсанында, республика атауын өзгерту туралы заң қабылданған болатын. Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталды.
Ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз егемендік алып, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.
Тәуелсіздік күрес үшін жолындағы Қазақстан
Тәуелсіздік алмас бұрын, ел-жұртымыз қиын да, қаралы кездерді бастан кешірген болатын. Біздің қазіргі кездегі егемен ел болуымыз- ата-бабаларымыздың арқасы.
«Кейінгі ұрпақтың болашағы жарқын болсын»-деген ниетпен, еркіндік үшін күресте жандарын қиды.

Қабылданған жыл: 1992 жыл, 4 маусым
ҚР мемлекеттік Туы
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті.
Өйткені олар- халқымыздың мақтанышы біздің ең киелі құндылықтарымыз. »
Н. Ә. Назарбаев
Мемлекеттік рәміздер
ҚР мемлекеттік Елтаңбасы
ҚР мемлекеттік Әнұраны

ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы- ҚР Ата Заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылданған екінші конституциясы. Бірінші конституция 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған.

Қазақстан валютасы
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша
белгісі- ұлттық валюта. Теңге- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Н. Ә.
Назарбаев «Қазақстан Республикасында
ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. 15 қараша күні теңге айналымға енгізілді.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің сессиясында Қазақ КСР президенті лауазымы құрылып, оған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев лайық деп танылды.
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Н. Ә. Назарбаев- 1940 жылдың 6 шілдесінде, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі - Әбіш, анасы- Әлжан.
1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Еңбек жолы 1969 жылдан басталды.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
2019 жылдың 19 наурызында, сағат 19:00-де Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев жасаған үндеуінде президенттік өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Коснитуцияның 48- бабының 1-ші тармағына сәйкес, осындай жағдайда парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев-1953 жылдың 16 мамырында, Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы - Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева- Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Еңбек жолы 1975 жылы басталған.
2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында 70% дауыс жинап, ҚР Президенті болып сайланды.

Ел астанасы
Нұр-Сұлтан- 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап
Қазақстан Республикасының елордасы болды.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өткен болатын. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Нұр-Сұлтан «Бейбітшілік қаласы»
атанды. 2019 жылы 23 наурызда елордаға Нұр-Сұлтан
атауы берілді.
Қазіргі таңда астананың аумағы 722 шақырымнан
асады. Қала тұрғындарының саны 1 млн-нан астам.

Қазақстанның көрікті жерлері
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан- Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Бұнда маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Қалада ҚР Президентінің резиденциясы- Ақорда, елдің басты монументі-Бәйтерек және т. б маңызды да танымал кешендер орналасқан. 2017 жылы қалада ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі өткен болатын.

Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық. Бұл қала табиғатымен, архитектуралық ескерткіштерімен танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, Тәуелсіздік монументі және т. б көрікті жерлері көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде тарихи, мәдени, өндірістік ортаға айналған.
Алматы

Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұнда ең танымал жер- Жұмбақтас. Оның тұрпаты бір қарасаң кемпір кейпін, енді бірде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады.
Бурабай -курорттық аймақ
Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың әсемдігін көруге болады. Жазында көлдің жағасында демалып, ал қысында көңілді сергітер спортқа арнауға болады.

Балқаш көлі
Балқаш көлі- Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Көлдің батыс бөлігіндегі суы тұщы, ал шығыс бөлігіндегі суы ащы болып келеді. Тіпті оның әртүрлі болуы ғарыштан да байқалады екен.

Егемендік алған жыл
ЕХРО-2017 көрмесі өтті
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Тәуелсіздікке 30 жыл
1991
2017
2013
2021

Қорытынды
Біздің еліміз 30 жыл ішінде біршама жетістіктерге жетті. Қаншама қиын-қыстау кезеңдер болғанына қарамастан, Қазақстанымыз әлі де көтерілу үстінде. Ал осы еліміздің одан әрі биік жетістіктерге жетуі үшін, үкіметтің ғана тер төгуі емес, сонымен қатар біздің, яғни қазақ халқының да ат салысқаны жөн.
Жұртымызды құрметтейік, егемендігімізді аялайық, еліміздің өркендеуі үшін барымызды салып, күресейік.

Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz