Саусақ сорғыш бала



ШЕРХАН МҰРТАЗА
«АЙ МЕН АЙША» РОМАНЫ

БӨЛІМДЕРІ:
Боз ала таң
Қырау қанат балапан
Бір тарының қауызы
Саусақ сорғыш бала
Бақа жұтқан жылан
Ноха
Жалаңаш қасқыр, қоңыраулы еліктер
Киіз допҚара арпа, қара бие
Аққыз
Өскенбай
Шолақ Сияқұл
Шақпақтас
Қаратаудың “Күйік” деген асуы бар
Тентек көше
Алғашқы сынақ
Көк қалпақ
Шақпақтың желі

ФИНАГЕНТ ПОРТРЕТІ: Сталин фурашкелі, галифе шалбар, сары гимнастерка, белдік, иығында қайыс сөмке, шикілсары, орыстан аумайды, даусы жіңішке, бірақ удай.
МҰРТАЗА ПОРТРЕТІ: Өңірінде өңірінде қара ши барқытпен тысталған көмкерілген жосалы сары тон, басында дәл сондай теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі; соқалы сарыдан қызғылттау.

ҮБӘЙДА ПОРТРЕТІ: Айша шамалас, бәлкім одан да жас па екен, бірақ самай шашы ағарған, екі езуінен жоғары қарай терең сызық түскен, шап-шақ қана кісі екен.
МҰХАМЕТЖАН ҚАРАТАЕВ ПОРТРЕТІ: Қоладан құйғандай шомбал денелі, түр-түсі тотыққан, дидары мейлінше пейілді, көзқарасы ибалы, жұмсақ.

«АЙ МЕН АЙША» романы қазақ елінің тарихи мекендерінің бірі - Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өскен Барсхан дейтін баланың өмірін арқау еткен. Кішкентай кейіпкер автордың өзі екені бірден сезіледі. Ал негізгі кейіпкер баланың анасы Айша.

Шығармада соғыс жылдарындағы аналардың, «41-ші жылғы келіншектердің» символына айналған Айшаның тағдырдың ауыр тауқыметін тартып, қиындыққа мойымай, Аллаға сиынып, айға сырын ақтарып, сыртқы жаумен емес, ішкі қас-дұшпанмен арпалысқандығы шебер суреттеледі.

Жазушы Шерхан Мұртаза оқиғаларды, кейіпкерлерді бұрмаламайды және өзінің ойын ашық білдіреді. Оқырман мен туындының арасында басқа нысана жоқ, оған жазушы жол бермеген. Өзіндік баяндау стилімен сөз сахнасын құрады, тіршілік пен өмірдің көрініс спектаклін ойнатады.

Күйеуі Мұртаза тұтқындалғаннан кейін үш баласымен қалған Айша ана колхоздастыру науқанының құрбаны болады. Жоқшылықтың азабын, жалғыздықтың зардабын шегеді. Арсыздықпен арпалысып, үш баланың болашағы үшін күреседі.
Айшаға күш беретін - Жаратушы, ал оны жұбататын аспандағы Ай. Автор Ай мен Айшаның арасында тамаша рухани байланыс орнатқан.

Мыңбұлақтағы суреттер, Барсхан мен Айшаның тіршілігі киноның естен кетпес фрагменттері тәрізді қайта-қайта көз алдыңа тіріліп келеді. Қол бұлғасаңыз сізге де қол бұлғап, сәлем беретін тәрізді. Қолыңызды соза қалсаңыз Барсханның басынан аялай сипап өтетін сияқты сезінесіз.

Аштықты сезбеу үшін шарасыз күйде ұйықтаған, әкесіздіктің не екенін Айшаға сездірмеу үшін апасының тілін алған, сыныптас қызға ғашық болып сандуғаштай сайраған сандықты ашқысы келген, Айдың етегінен ұстаған Айшаны әлсіз қолыменен демеген, балалығымен апасынан ұрыс естіген, аяқ киімі болмағандықтан күс-күс болып жарылған табанына Жуалының майлы топырағын жағып жүрген, қиял мен қиянат әлемінде өмір сүрген бозбала еді Шерхан Мұртаза.

Шерхан Мұртазаның "АЙ МЕН АЙША" кітабы - қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналған қазына. "Ай мен Айшаны" оқып отырып, адамға азық болар қанатты сөздерді тердім.

Тарпаң тағдыр табанына адамды бір салмасын. Бір салса, тас керең боп, айқайласаң да, арызыңды есітпейді.
Айша кейде осындай. Мейірімі түседі. Кейде суға салып сабайды. Құдайым Айшаның көңілін көл қылсын. Қазір көңілі шалқар сияқты. Мүмкін, Төскейдің арша сасыған жұпар ауасы, әуедегі бозторғайдың шырылы, бөдененің бытпылдығы, сары торғайдың сарнауық әні - бәрі-бәрі Айшаға Алланың рахым-шапағатын мол себелеген шығар, бұл жолы ұрыспады. Мұндай кәусар ауаны үзіп-жұлқып жұтпай, сіміре беру керек саумал қымыз сияқты.
Көңілсіз әңгіме үзіліп қалғанда, дарбазаның алдында жем іздеп құрқылдап жүрген екі-үш тауықтың үні естілді.
Сонда менің көз алдыма Шоңқара диірмені келді. Оның айдын суында неміс диірменшінің үйрек-қаздары қаптап жүреді. Ауласында тұмсығы салбыраған түйетауықтар . . . шыңғырған торайлар, қорсылдаған мегежіндер . . .
Ал мұнда болса, екі-үш тауық жем таба алмай шұрқырайды. Қазақтың тауығына дейін ебедейсіз бе . . . Былайырақ көгалға шықса, құрт-құмырсқа, шұбалшын, көбелек деген қаптап жүрген жоқ па, соны теріп жесе қайтеді. Е, ол үшін жүгіру керек, көбелек оңайлықпен ұстатпайды . . .

Тұла бойы тұнған намыстан жаралған қайран қазақ. Намысы мол, айласы аз, бағы да сол, соры да сол.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz