Ӛндірістік үстеме шығындар есебі




Презентация қосу
Тақырып 5. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар
есебінің тапсырыстық әдісі

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Тапсырыстық әдістің мәні,
қолдану салалары және есебін ұйымдастыру, ӛнімнің, жұмыстың және
қызметтің ӛзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке
алудың тапсырыстық әдісі
Лекция мазмұны.
1.Тапсырыстық әдістің мәні, қолдану салалары және есебін ұйымдастыру
2.Ӛнімнің, жұмыстың және қызметтің ӛзіндік құнын калькуляциялаудың
және шығындарды есепке алудың тапсырыстық әдісі
3. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары)
4. Ӛндірістік үстеме шығындар есебі.

1.Ӛзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісін ӛндірістік
шығындарды белгілі бір ӛнімге тікелей жатқызуға болатын кәсіпорындарда
қолдануға болады, яғни арнайы тапсырыс бойынша жиһазды дайындау,
жӛндеу жұмыстар, құрылыс, полиграфия, құбыр құрастыру, ғылыми-зерттеу
және конструкторлық жұмыстарды орындау, аудиторлық, кеңестік қызмет
кӛрсетулер және т.б аз сериялы және жеке-дара ӛндірістерде.
Тапсырыстық әдісті қолданылатын 3 саланы айта кетуге болады:
1/ арнайы және жеке тапсырыс бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар.
Шығындар есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі әрбір тапсырыс
болып табылады;
2/ тауарлар партиясының ӛндірісі. Шығындар есебі объектісі мен
калькуляциялау объектісі ӛндірістік наряд болады, ол ӛзіне ӛнімнің белгілі
бірліктер санын қамтиды;
3/ контракт бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар. Шығындар есебі
объектісі мен калькуляциялау объектісі әрбір контакт болады.
Тапсырыстық әдісте шығындарды есепке алу келесідей принциптерге
негізделеді.
1/ Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыс, ӛндірістік наряд немесе
контракт бойынша есепке алынады.
2/ Қалған барлық шығындар туындау жері бойынша және қабылданған
бӛліп тарату базасына сәйкес калькуляциялау бірлігінің ӛзіндік құнына
енгізіледі.
Тапсырыстық калькуляциялаудың орталық элементі және негізгі есеп
регистрі тапсырыс карточкасы болады.келесі 1 суретте к ӛрсетілген. Әрбір
тапсырысқа жеке карточка ашылады және оған код беріледі. Ол код
тапсырыстың шығындар есебі карточкасына, сондай-ақ материалдар
шығыны, еңбек ақысы және тб. Шығындар бойынша барлық бухгалтерлік
құжаттарына қойылады.
Тәжірибеде калькуляциялау мақсаты үшін тӛмендегілер атқарылады:
1/ негізгі ӛндіріс шоты қолданылады. Аналитикалық шоттар саны
кәсіпорында орналастырылған тапсырыстар санымен сәйкес болуы қажет;
2/ талдамалық есептің регистрі ретінде әрбір тапсырыс бойынша журнал
ашылады.
Тапсырыс карточкасын толтыру үшін келесідей негізгі құжаттар
қолданылады:
- материалдарды босатуға талаптар;
- жұмыс талоны /наряд/. Әрбір цех бойынша 2 сурет үлгісінде үстеме
шығындарға арнайы журнал ашылады.

2.Шығындарды есепке алудың және ӛнімнің ӛзіндік құнын
калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке дара ӛндірісі
бар кәсіпорындарда, жӛндеу және эксперименттік жұмыстарда
пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір жекелеген тапсырыстар
бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады.
Тапсырыс кәсіпорынның ӛндірістік бӛлімшесінде арнайы бланкілерде
ашылады, содан соң ол орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі. Әр бір
тапсырысқа ӛзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген еңбек ақы,
барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, ӛндіріске кеткен шығын
есебін жүргізетін карточкаға кӛшіріліп жазылады. Тапсырыстың ӛзіндік құны
оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.
Тапсырыстық тәсілдің ерекшеліктері :
- барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып
және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын ӛнім партияларына жатқызу;
- уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша
шығындарды жинақтау;
- тек бір ғана шотты жүргізу, «аяқталмаған ӛндіріс» (батыс есебінде
барлық ӛндірістік шығындарды жинақтау тек осы «аяқталмаған ӛндіріс»
шотында кӛрсетіледі). Осы шотта ӛндірістің әрбір тапсырысы бойынша
шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізу
ұсынылады.
Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:
• бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы ӛнім ӛндірісінде, не болмаса
жұмысты (қызмет кӛрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс
бойынша жасалатын ӛнім бірегей болмаса да, басқа тапсырыс
ӛнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда;
• күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;
• ұзақ технологиялық циклды ӛндірісте;
• едәуір бӛлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны
шағын болып шығарылатын ӛнімнің кӛп әр түрлілігінде;
• жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс
орындарына белгілі бір операциялар мен б ӛлшектетіктерді тұрақты
бекітудің мүмкін болмауы;
• әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;
• барлық қолдан құрастырушы және жеткізу операцияларының
салыстырмалы үлкен үлес салмағында;
• жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың кӛп
болғанында;
• ӛнім дайындаудың (ӛндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ
мерзімінде.
Тапсырыстың ӛзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдіс
пайдаланылады. Тек дайындау цехында (құю, ұсталық-пресс, т.б)
шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек аталған цехтар бойынша жеке
калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау
процесі цехтан цехқа ӛтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік
есепте кӛрініс таппайды.
Цехтар шығындары әрбір табыстың кескінінде, калькуляциялаудың
бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар,
технологиялық отындар мен энергиялар – белгіленген топ кескінінде
аналитикалық есептекӛрініс табады. Ал үстеме шығндар олардың ӛндірілген
орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі
бойынша әрбір тапсырыстың ӛзіндік құнына жатқызылады
Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануы
тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін ӛндірістік бӛлім кәсіпорынның
бухгалтерисына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң
тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кез келген
тапсырыстың ӛзіндік құны бұрмаланбауы үшін (әсіресе бітпеген
тапсырыстарға қатысты) артық немесе пайдаланбаған материалдық
құндылықтар қоймаға тапсырылады.
Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі ӛзіндік құн тапсырыс
аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған
ӛндіріс ретінде қарастырылады.
Тапсырыстық әдістің кемшіліктері: күрделі, қайталанбайтын немесе
сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек
шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, номативті калькуляцияларды
жасау және ӛндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды
қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін ӛндірістің ұзақ циклінде ірі бұйымды
әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына
(агрегаттарына, конструкциялық элементтеріне) жекелеген тапсырыс ашуды
ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.
Тапсырыс есебінің карточкасы
Тапсырыс № ____________________________
Қорлар үшін _______________________________Сатып алушы ____________________________
Ӛнім ________________ Жұмыстың басталу Жұмыстың аяқталу
мерзімі ________________ мерзімі _________________________

______________________________________________________________________________________
А цехы

Негізгі материалдар Ӛндірістің негізгі еңбек ақысы Ж ӚШ
/тікелей қатысты/
Мерзімі Құжат түрі Сома Мерзімі Құжат түрі Сома Мерзімі Құжат түрі Сома
/талаптама /талаптама /талаптама
№/ №/ №/
_______________________________________________________________________________________
Б цехы
Негізгі материалдар Ӛндірістің негізгі еңбек ақысы ЖӚШ
/тікелей қатысты/
Мерзімі Құжат түрі Сома Мерзімі Құжат түрі Сома Мерзімі Құжат түрі Сома
/талаптама /талаптама /талаптама
№/ №/ №/

Барлық шығындар
А цехы Б цехы Барлығы
Негізгі материалдар ..................... ..................... ......................
Ӛндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы ..................... .................... ......................
Жалпы ӛндірістік шығындар /ЖӚШ/ ...................... .................... ......................
________________________________________________________________________________________
Барлығы
1 сурет. Тапсырыс карточкасы

3. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары).
Ӛнімнің ӛзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілінің мәні
мынада, барлық тікелей негізгі шығындар (шикізаттың, материалдың кұны,
ӛндірістік жұмысшыларды еңбекақысы аударымдарымен бірге) жеке
ӛндірістік тапсырмалар бойынша калькуляциялық парактың белгіленген
баптары тұрғысында ескеріледі. Қалған (жанама) шығындар пайда болған
жерлері бойынша (машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану
жӛніндегі шығындарды жинақтап қорыту кезінде, не болмаса қосымша
шығыстарда, не болмаса қосалқы ӛндіріс шығыстары бойынша),
тапсырыстардың сәйкес баптары (бӛлу базасы белгілеген негізде) бойынша
ескеріледі.
Ӛнімнің немесе жұмыстың калькуляциялық бірлігінің нақты ӛзіндік
құнын шығын сомасын дайындалған ӛнім немесе орындалған жұмыс санына
шығын бӛлу жолымен есептейді.
Ӛнім бірлігінің ӛзіндік құны жеке тапсырыс бойынша жинақталған
шығын сомасын осы тапсырыс бойынша дайындалған ӛнім бірлігі санына
бӛлу нәтижесінде айқындалады. Сондықтан тапсырыстық тәсілдің
принципиальды ерекшелігі - шығын кӛлемін уақыт аралығы үшін емес, әрбір
біткен тапсырыс бойынша қалыптастыру.
Бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы ӛндірісте жеке есепті ұйымдастыру
үшін, әдетте, шығындар есебі шотында әрбір тапсырыс бойынша жеке
аралық шот (субшот) ашылады. Егер тапсырыстар саны кӛп болса,
аналитикалық есепті бӛлу алғашқы құжаттарға код беру жолымен жетеді.
Тапсырыстар коды шикізат пен материалдарды беруге арналған материалдық
талаптарда, еңбекақы негізінде, кесімді түрде есептеу ж ӛніндегі есептесу
ведомосінде қойылады. Содан кейін орындауға байланысты шығын к ӛлемі
жазбаларды тапсырыстың бірден кодымен бірге іріктеу жолымен белгіленеді.
Жеке тапсырыстар тұрғысында аналитикалық есеп ұқсас түрде (аралық
шоттар немесе кодтеу тәсілімен) және дайын ӛнім есебі шоттары мен ӛткізу
(сату) есебі шоттарында құрылуға тиіс. Осылайша, тапсырыстық тәсілдегі
есептік процесті қисынды біткен соңы әрбір нақты тапсырысты ӛткізудің
қаржылық қорытындысы туралы акпаратты алу болып табылады.
Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде кӛрсету үшін мысал қарастырайық.
Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бӛлшектерден
тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін
құрастырылатын бӛлшектерден басқа, екі технологиялық операция -
құрастыру мен сынақ кажет.
Тапсырыстардың ӛзіндік құны мыналардан құрылады:
• бӛлшектер тапсырысына кіретің ӛзіндік құннан;
• екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;
• осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.
Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы
шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) ӛнімнің ӛзіндік кұнына
жатпайды.
Шығындарды жанама бӛлу сызбасы жалпы түрде былайша кӛрінеді:
• шығындар бӛлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың
пайда болған жері);
• шығындарды бӛлу базасы таңдалады - шығындарды бӛлу жүргізуге
пайдаланылатын кӛрсеткіштер түрі;
• бӛлудің коэффициенті (мӛлшерлеме) бӛлінетін жанама шығындардың
шамасын тандалған бӛлу базасының кӛлеміне бӛлу жолымен есептеледі;
• жанама шығындардың әрбір объектісіне келетін к ӛлемі шығындарды
бӛлудің есептелген (мӛлшерлеме) шамасын осы объектінін бӛлу базасының
шамасына кӛбейту жолымен анықталады.

4. Өндірістік үстеме шығындар есебі

Нақты бір ӛнімге тікелей апаруға болмайтын, бірақ ӛндіріспен тікелей
байланысты әр түрлі шығындар жиынтығы.
Ӛндірістік үстеме шғындардың ӛнімге апарылу себептері:
1. ӛндірістік үстеме шығындардың ӛнімге толық таратылмауы баға
қалыптастыруда қателер туындауы мүмкін
2. қаржылық есептің стандарты бойынша ӛнімнің ӛзіндік құнына оған
кеткен шығындар толығымен қосылуы қажет.
Ӛндірістік үстеме шығындар ӛнімнің ӛзіндік құнына тарату үшін 1 – ші
тарату базасы анықталады. Кӛп жағдайда ӛнім үшін бір ғана тарату базасы
анықталады. Тарату базасы ретінде негізгі жұмысшылардың жұмыс істеу
уақыты немесе жабдықтаушының жұмыс істеу уақыты алынады.
Үстеме шығындарды тарату ставкасы = үстеме шығындар \ тарату базасы
Ӛндірістік үстеме шығындардың таратудың заводтық және цехтік
ставкасы.
Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасы.
Ӛндірістік үстеме шығндарды тарату кезінде нақты мәліметтерге сүйеніп,
ставканы анықтау тӛмендегідей мәселелерге алып келеді:
1. нақты үстеме шығындарды пайдалану үшін есепті кезеңнің соңын күту
қажет
2. ӛндірістік үстеме шығындар айдан – айға ӛзгеруі мүмкін, яғни бұл
үстеме шығындардың тарату ставкасының әр түрлілігін білдіреді.
Сондықтан үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын
пайдаланамыз. Жоспарлы ставканы пайдалану тӛмендегідей қадамдардан
тұрады:
1. болжанған үстеме шығындардың кӛлемін анықтау
2. үстеме шығындар тарату базасын таңдау
3. болжанған үстеме шығындарды тарату базасына бӛлу арқылы
жоспарланған тарату ставкасын пайдаланамыз
4. анықталған ставканы пайдалана отырып, үстеме шығындарды әрбір
ӛнім түріне таратамыз.
Тәжірибе жүзінде жоспарлы ставканы пайдаланып, таратылған үстеме
шығындар мен нақты үстеме шығындар арасында айырмашылық болады,
яғни артық немесе кем таратылған үстеме шығындар болады. Бұл ауытқулар
тӛмендегідей 3 шотты пайдалана отырып түзетіледі:
1. сатылған ӛнімнің ӛзіндік құны
2. аяқталмаған ӛндіріс шоты, сатылған ӛнімнің ӛзіндік құны және дайын
шоттары арасында пропорционалды болуы мүмкін.
Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісі.
Ӛнім ӛндіріске тікелей байланысты,ӛндірістік бӛлімшелерден басқа,
ұйымда қызмет кӛрсетуші бӛлімшелер болады. Бұл бӛлімшелер ӛндірістік
бӛлімшелерге және бір – біріне қызмет кӛрсетеді.
Қызмет кӛрсетуші бӛлімшелердің үстеме шығындарын таратудың кең
тараған түрі – тікелей әдіс. Бұл әдіс бойынша қызмет кӛрсетуші
бӛлімшелердің үстеме шығындары ӛндірістік бӛлімшелерге тікелей
апарылады. Мысалы, бӛлімшелер: ӛндірістік - бұл машина цехы, жинақтау
цехы. Қызмет кӛрсетуші: кӛмекші цех және материалдық техникалық
жабдықтау. Қызмет кӛрсетуші бӛлімшелердің үстеме шығындарын тарату
үшін тӛмендегідей ақпараттар берілген.

Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру туралы
Тапсырыс калькуляциялау ведомості
Құрылыстағы қаржылық есепті ұйымдастыру
Материалдар бойынша ауытқулар
Орындалған контрактан алынған пайда есебі
Директ-костинг және абзорпшен-костинг жүйелерінің айырмашылы
«1С: Бухгалтерия 8 Казахстан үшін» бағдарламасының сипаттамасы
ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Пайданы есептеу түрлері
Пәндер