Кампилобактериоздың бактериологиялық диагностикасы




Презентация қосу
Кампилобактериоздың
бактериологиялық
диагностикасы.

Орындаған: Қалдыхан Айгүл,
Кеңесбек Ақжан ВМ203
Қабылдаған: Жылқайдар Арман
Жоспар

1)Кампилобактериоз ауруына сипаттама.

2)Қоздырушысы. Морфологиясы, биохимиялық
қасиеті, төзімділігі, антигендік құрылысы.

3)Ауруды ажыратып балау.
Ауруға сипаттама
Кампилобактериоз (Campylobacteriosis) – жыныс мүшелері
зақымданып, іш тастаумен, қайталап күйлеумен, бедеулікпен,
шала жансар төл тууымен сипатталатын, негізінен сиыр мен
қойдың жұқпалы ауруы. Жануарлардың көптеген түрлері
патогенді кампилобактериялармен аурады, жыныс мүшелерінің
зақымдануымен, вагиниттермен, уақытша бедеулікпен, жаппай
түсік тастаумен, 40 метриттермен, шуы түспей қалуымен, өмір
сүруге қабілетсіз төлдің тууымен қоса жүретін зоонозды
жұқпалы ауруы;ал құстарда әсіресе бройлер тауықтарының
массасының өсуінің төмендеуімен, тауықтардың жұмыртқалануы
төмендеуімен және балапандардың өлімен сипатталады.
Кампилобактериозбен адамдар да ауырады.
Қоздырушысы.
Жануарлар патологиясы үшін маңызды
микробтың үш түрі C.fetus, C.sputorum және
C.fecalis деп аталады. Кампилобактериоздың
негізгі қоздырушысы – C.fetus үш түр
тармағына бөлінеді: C.fetus subsp. fetus –
сиырдың кампилобактериозының
қоздырушысы, C.fetus subsp. intestinalis –
қойдың кампилобактериозының
қоздырушысы, C.fetus substp. jejuni – бұзау
мен қозыда іш өту арқылы байқалатын және
құста болатын кампилобактериоздың
қоздырушысы, ол адамға да жұғады.
C.sputorum – шошқа үшін зардапты. C.fecalis –
ішек кампилобактері деп аталады, ол
жануарлардың ішегінде болады да, нәжіс
арқылы бөлініп шығады. Аурудың
қоздырғышы-Campylobacter текті
микроорганизмдер. Ірі қара малында -
Campylobacter fetus subspecies fetus, қойда-
Campulobacter fetus subspecies intestinalis.
Кампилобактериялар – аэробты және микроаэрофильді,
грам теріс, спираль тәріздес таяқшалар, өлшемі 0.5-5.0 х
0.2-0.8 мкм. Бір екі жіпшелері, жасушаның бір немесе екі
жағында орналасуы мүмкін. Капсула, спора түзбейді.
Кампилобактериялар – микроаэрофильдер 37-44°С өсуге
қабілеті бар. Дақылданыру үшін оттегінің төмен, ал
көмірсудың жоғары болғанын талап етеді. Сұйық қоректік
ортада қиын бұзылатын тұнбамен диффузды лайлану
байқалады. Тығыз қоректік ортада 2 типті колония түзеді:
а) дөңгелектеу формалы, шеттері тегіс, 2-8 мм түссіз, мөлдір.
б) дөңгелек шеттері тегіс 1-2 мм, беті жылтыр, мөлдір.
Қоздырғыштың төзімділігі
50ºC – 30 мин;
80ºC – 5 мин;
100ºC – сол сәтте қырылады;
Топырақта, нәжісте, шөпте 20-37ºC – 10 күнге
дейін;
Түсікте, өлекселердің мүшелерінде – бірнеше
айлар;
Ең қолайсыз температура – 0-10ºС
Биохимиялық қасиеті және
антигендік құрылысы

Кампилобактериялар энергияны аминоқышқылдан және
үшкарбон қышқылдарына дейін бөледі (көмірсудан емес).
Көмірсутектерді ферменттемейді.
Желатинді және мочевинаны гидролиздемейді, оксидазалық және
каталазалық активтілігі бар.

Кампилобактерилерде О, Н және К антигендер анықталған,
термотөзімді О-антиген бойынша 55 серотобы анықталған.
Ажыратып балау үшін клиникалық белгілері
кампилобактериозға ұқсас бруцеллез бен трихомонозға
баса назар аударады. Бруцеллез кезінде өте ерте іш
тастау сирек ұшырасады, негізінен құнажындар іш
тастайды. Трихомоноз кезінде тек қана ерте іш тастау
байқалады да, сиыр іріңді метритке шалдығады. Бұл екі
ауру кезінде мал іш тастау салдарынан қысыр қалса,
кампилобактериоз кезінде алғаш рет ұрықтандырылған
құнажын бедеулікке ұшырайды. Кампилобактериозға
күдік тудырған қойдың сальмонеллез бен хламидиялық
іш тастауға қандай дәрежеде бейім екендігін тексеру
қажет.
Қорытынды сұрақтар:

1. Кампилобактериоз ауруының сипаттамасы?
Жауабы:

• Жыныс мүшелерінің зақымдануымен,
• іш тастаумен,
• қайталап күйлеумен, бедеулікпен,
• шала жансар төл тууымен сипатталады.
Негізінен сиыр мен қойдың жұқпалы ауруы.
2. Кампилобактериоз жұқпалы ауруға
жатады ма және адамдарға жұға ма?
2.Зоонозды жұқпалы ауру, адамдар да ауырады.
(C.jejuni және C.Pylori)
3.Кампилобактериоз қоздырушысының
морфологиясы?
3.Кампилобактериялар – аэробты және микроаэрофильді, грам
теріс, спираль тәріздес таяқшалар, өлшемі 0.5-5.0 х 0.2-0.8
мкм. Бір екі жіпшелері, жасушаның бір немесе екі жағында
орналасуы мүмкін. Капсула, спора түзбейтін, қозғалмалы
микроб, анилин бояуларымен жақсы боялады.
4.Антигендік құрылысы?
4. Кампилобактерилерде О, Н және К антигендер
анықталған, термотөзімді О-антиген бойынша 55
серотобы анықталған.
5.Кампилобактериоз ауруын қандай іш тастау
ауруларынан ажырату керек?
5. Бруцеллез және трихомоноз.Бұл екі ауру кезінде мал іш
тастау салдарынан қысыр қалса, кампилобактериоз кезінде
алғаш рет ұрықтандырылған құнажын бедеулікке ұшырайды.

Ұқсас жұмыстар
Жыл бойы тіркеледі, бірақ жиі күзгі - қысқы кезеңде
Холера
Жедел дизентерияның гастроэнтероколиттік варианты
Лептоспирозды диагностикалау
Тырыс қақтың микробиологиялық диагностикасы. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактериялар Геликобактерияла
Менингококкты инфекция - антропонозды ауру
Сібір жарасының клиникасы, диагностикасы және емі
Ветеринарлық зертхананың негізгі қызметі
Дисбактериоз емі
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялықсанитариялық-токсикологиялық бағалау
Пәндер