Өмірдің мәні


Slide 1

Өмірдің мәні

Лев Толстой

Орындаған: Қалдыхан Айгүл

Қабылдаған: Сембаев Руслан

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1 Л. Н. Толстой туралы.

2. 2 Толстойды мазалаған басты философиялық сұрақ.

2. 3 Толстойдың екі жарты өмірі.

2. 4 Адамдарды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне

қарай торт топқа бөлу.

III. Қорытынды.

Slide 3

Ерте замандарда адамдар сауаты саяз, ілім-білім болмаған кезде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа онша терең бойлай алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес, «өзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни «Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды қашап жазып берген. Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін. Келе-келе адамзаттың сана-сезімі өсіп, жерге жол көрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып, қоғамда сауатты, саналы адамдар көбейген кезде Құдай «мені не үшін жаратты?» «Тағдырымның мәні не?»-деген сұрақтармен басы қата бастады. Осылайша «өмірдің мәні» деген ұлы философия алдыңғы орынға шықты. Бұл сұраққа Ү-ІҮ ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап берді. Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз адамдар қоғамда жетіп артылады.

Ерте замандағы өмірдің мәні туралы

Slide 4

Лев Николаевич Толстой

Лев Николаевич Толстой орысжазушысы, ағартушысы, публицисті және ойшылы. Әлемдегі ең ұлы жазушылар-романисттардың бірі. 1854-1855 жылдарғы Севастопоь корғанысының қатысушысы. Ғалым және діни ойшыл, оның беделі ойы жаңа діни-этикалық және саяси қозғалысты жаратты - толстойшылдық. Өзінің ойы үшін шіркеуден бөлінген. Әлемдік әдебиеттің классигі.

Slide 5

Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л. Н. Толстой. Избранные философские произведения. М., 1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л. Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.

Slide 6

Екінші рет туылу

Лев Толстойдың өмірі теңдей 32 жылдан екі бөлікке бөлінеді.

Оның өмірінде өмірдің адамгершілік негіздерінде улкен өзгерістер болды.

«То, что прежде казалось мне хорошо, показалось дурно, и то, что прежде казалось дурно, показалось хорошо. Со мной случилось то, что случается с человеком, который вышел за делом и вдруг дорогой решил, что дело это ему совсем не нужно, - и повернул домой. »

Slide 7

Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л. Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе - адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не?

Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - «Исповедь»

Slide 8

Ең жоғары дворяндардың типтік өкілі

Негізгі кәсібі - жазушылық

Рухани дағдарыстык күшеюі Толстойдың дүниетанымындағы күрт және қайтымсыз сілкіністерге әкелді.

Толстой өзі үшін - мәнсіз

өмір сүріппін деген

қорытындыға келеді

Ол Христостың бағдарламасын

қабылдапғ оны негіздеуге,

орындауға және уағыздауға

бар күшін салды.

Өмірінің бірінші және екінші

бөлігі

Slide 9

Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л. Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы «Не үшін өмір сүрдім?» деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-философиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдайын жазушы оте дәл суреттейді: «…сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады.

Slide 10

Жазушыны таңдандырған бір нәрсе - осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Артур Шопенгауэр өмірдің мәні туралы
Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы - сол адамның өзі
Кәсіби таңдау
Өмірдің мәнін негізгі тақырып етіп ұстанған ойшылдар
Философиялық антропология жайлы
Қуана біл
Ақша және өмірдің мәні
Түркі дәуірі ойшылдарының нақыл сөздері
Қажеттіліктер пирамидасы
Толстойдың өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz