Ұрықтың даму кезеңдері
Презентация қосу
Боөж №2
Тақырыбы:Адам эмбриологиясы. Ұрықтың даму
кезеңдері.Ұрықтан тыс мүшелер.
Орындаған:Ташпулатов Ш
Тобы:204 Б
Қабылдаған:Мажитовна Н
Алматы 2022ж
ЖОСПАР:
•Кіріспе
Адам эмбриологиясы туралы жалпы түсінік
•Негізгі бөлім
1. Ұрықтан тыс мүшелер
А) Амнион
Б) Сары уыз қап
В) Аллантоис
Г) Кіндік бау
Д) Хорион
Ж) Плацента
2.Дамудың кезеңдері
•Қорытынды
•Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Адам эмбриологиясы- адам ұрығы дамуының, яғни оның
құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.Студент үшін кейбір клиникалық пәндерді
игеруіне және болашақ дәрігерлік практикасында
эмбриологиялық мәліметтерді жетік білуінің маңызы
зор.Себебі,әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың
әсерінен қалыпты эмбриондық даму, ана – нәресте
жүйесіндегі әртүрлә қатынастар бұзылып, түсіктер, туа
біткен кемістіктер, нәрестенің туылғаннан кейін болатын
аурулары пайда болады.Олардың даму механизмдерін ,
факторларын анықтау негізінде, медициналық эмбриология
осы эмбриопатияларды алдын-алу, емдеу шараларын жете
зерттейді.
Ұрықтан тыс мүшелер
Ұрықтан тыс ағзалар деп эмбриогенезде ұрық денесінен
тысқары қалыптасып, оның өсуі мен дамуын қамтамасыз
ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және
онтогенездің тек қана пренатальді кезеңінде болатын
құрылымдарды атайды. Провизорлық ағзаларға амнион,
сары уыз қабы, аллантоис, хорион, плацента
жатады.Ұрықты қоршағандықтан, олардың біреулерін
(амнион,хорион,аллантоис)ұрық қабықтары деп
атайды.Плацента, ұрық қабықтары және кіндік бау ана
организмі мен ұрық арасындағы екі жақты қатынастарды
камтамасыз етіп, босану кезінде нәрестеден кейін
шығатынбала жолдасын құрайды.
Ұрықтан тыс
мүшелердің пайда
болуы(схема): 1 –
амниондық көбікше; 1а
–амнион қуысы; 2 –
ұрық денесі; 3 –сары
уыз қабы; 4 – ұрықтан
тыс целом; 5 –
біріншілік хорион
бүрлері; 6 –екіншілік
хорион бүрлері; 7 –
аллантоис
жапырақшасы; 8 –
үшіншілік хорион
бүрлері; 9 - аллан-тоис;
10 –кіндік бау; 11 - тегіс
хорион; 12 –
котиледондар
Амнион(амниондық қабық, амниондық қап,
қағанақ)
Ұрық қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет сулы ортаны
қамтамасыз ететін уақытша ағза.Адам эмбриогенезі
гаструляцияның екінші фазасында амнион эпибласт жасушалары
арасындағы кішкене қуыс- амниондық қабық құрайды.Оның
сыртқы қабығын ұрықтан тыс эктодерма және мезодерманың
париетальді жапырақшасынан тұратын жартылай мөлдір жұқа
амнион қабығы құрайды.Қуысқа қараған амниондық эпителий
қағанақ суын өндіруге және оны резорбциялауға ерте
маманданады.
Қызметтері:
•Қағанақ суын өндіру;
•Ана мен ұрық арасындағы зат алмасуға плацента құрылуына
қатысу;
•Ұрықты қолайсыз әсерлерден қорғау;
•Пренатальды диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Сары уыз қап
Адам ұрығы дамуының 2- аптасында қалыптасып, ол ұрықтың
қоректенуін аз ғана мезгіл қамтамасыз етеді.Себебі,3-аптадан
бастап, ұрық пен ана организмі арасында байланыс орнап,
гемототрофты қоректену өтеді.Сары уыз қаптың қабырғасы екі
қабаттан тұрады: ішкі қабаты-ұрықтан тыс энтодерма, ал, сыртқысы
–ұрықтан тыс мезодерманың висцеральді жапырақшасы.
Функциясы:
•3 аптадан бастап, ұрықтан тыс мезодермада эмбриондық гипопоэз
өтеді;
•Энтодермасынан біріншілік жыныстық жасушалар-гоноциттердің
даму көзі;
•Сары уыз каптың ұрық ішегімен байланысы сары уыз сабақшасы
деп аталатын қуысты жіп түрінде сақталады;
•Эмбрион дамуының 7-8 аптасына дейін қызмет атқарып,3-айдың
соңында кері дамиды да, қан тамырларын плацентаға өткізетін тар
түтікше түрінде кіндік бау құрамына кіреді.
Аллантоис
Жатырдағы дамудың 16-тәулігінде адам ұрығында сары уыз
көбікшесінің артқы қабырғасынан ұрық сабақшасына қарай
саусақ тәрізді кішкентай өсінді-аллантоис өсіп
шығады.Аллантоис хорионның дәнекер тінді табақшасына
жетпей бітеу аяқталады.Ұрық денесінен шыққан кіндік қан
тамырлары аллантоисты бойлай болашақ плацентаға қарай
бағыттайды да, плацентаның тамырлы торын құруға
қатысады.Эмбриогенездің 2-айында аллантоис редукцияға
ұшырап,сары уыз қаптың дәл сондай қалдығымен бірге
жасушалық тартпа түрде кіндік бау құрамына кіреді.
Кіндік бау
Адам ұрығының денесі амниондық және сары уыз
көбікшесінен жекешеленген кезде қалыптасатын, ұрықты
плацентамен байланыстыратын серпімді бау.Кіндік баудың
стромасын ұрықтан тыс дәнекер тінінің ерекше түрі-
шырышты немесе сілікпе тәрізді дәнекер тін
құрайды.Мұнда екі кіндік артериялары,бір кіндік венасы,
сары уыз қаптың түтігі, аллантоис түтігі өтеді.Шырышты
дәнекер тін кіндік баудың серпімділігін қамтамасыз етеді,
кіндік тамырларын сығылысудан сақтайды.Нәтижесінде,
эмбрион қоректік заттармен, оттекпен үздіксіз
жабдықталып тұрады.Ол зиянды агенттердің плацента
тамырларынан тыс жолдармен ұрыққа өтуіне тосқауыл
жасап,қорғаныс қызмет атқарады.
Хорион
Ұрықты қоршайтын және плацентаның нәрестелік бөлігін құрайтын
ең сыртқы ұрықтан тыс қабық.Бетінде жатыр қабырғасына кіре өсетін
көптеген бүрлер болуына байланысты, оны бүрлі қабық деп те
атайды.
Хорион қалыптасуының кезеңдері:
1. Бүрлер алды-дамудың 7-8-тәуліктері;
2. Бүрлер қалыптасуы;
3. Котиледондар кезеңі-50-90-тәуліктерге дейін
Плацента (бала орны)
Эмбриогенездің 3-айында түзіліп,ана мен нәресте
организмдерін байланыстыратын ұрықтан тыс уақытша
ағза. Ол ұрық дамуын қамтамасыз ететін бірнеше аса
маңызды қызметтерді атқарады:
1. Тыныс алу;
2. Транспорттық
3. Экскреторлық
4. Миометрий қысқарылуын реттеу
5. Иммундық қорғаныс
6. Эндокриндік
7. Барьерлік
Плацента екі бөліктен тұрады:ұрықтық-pars foetalis, және
аналық-pars materna .
Плацентаның аналық бөлігі
Жатырдың түрі қатты өзгерілген шырышты қабығының
децидуальді, яғни босанғаннан кейін түсіп қалатын
қабатының ұрық пен миометрий арасындағы decidua
basalis бөлігі.
Қалыптасқан плацентаның құрылымдық-функционалдық
бірлігі болып котиледондар табылады.Ол бағана бүрден
және ішінде нәрестенің қан тамырлары бар оның
тармақтарынан тұрады.Жүктіліктің соңында плацента
диаметрі 15-18 см, орталық бөлігінің қалыңдығы 2-4 см,
массасы 500-600г жұмсақ диск түрге ие болады.
Дамудың қауіп-қатерлі кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның
әртүрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін
айтамыз. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен
онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады,
не міндетті түрде әр түрлі ақаулықтар қалыптасады.
Адам эмбриогенезінің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады:
-имплантация –эмбрионның жатырдың кілегей қабатына
енуі (ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәулік)
-плацентация – плацентаның түзілуі (ұрықтанғаннан кейін
14-15 тәулік)
-перинатальді (туылу) кезеңі (39-40 апталар)
Қорытынды
Адам эмбриогенезіне трофобласт пен ұрықтан тыс
мезодерманың ерте және жақсы дамуы тән. Бұл оның
жұмыртқа жасушасында қоректік заттардың мөлшері аз
болғандығынан және де аналық қанайналым жүйесімен
ерте кезде және тез арада контакт құру қажеттілігіне
байланысты. Осыған орай, провизорлық ағзалар
құралады:амнион, хорион, сары уыз қап, аллантоис,
плацента.Олар ұрықтың қабықтарын құрайды және
бірқатар маңызды қызметтер атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Гистология. І-бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы (төрт
бөлімді оқу құралының І-бөлімі). С.А.Ажаев. Кентау,«Еркін и К-ХХІ»
баспасы. 2006 . – 200
2.С. Т. Нұртазин Жалпы гистология: жоғары оқу орындарына
арналған оқу құралы -А.:Қазақ университеті,2015ж., -220
3.Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина
жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
Р.Б.Абильдинов,Ж.О.Аяпова, Р.Н.Юй. Алматы. «Эффект» баспасы.
2014. – 411 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz