Таным мен шығармашылық
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
Таным мен шығармашылық
Дайындаған: Ерназарова Л.
Тобы: 204Б
Қабылдаған: Абдиева Р.
ЖОСПАР:
1.ТАНЫМ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ
2.ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ
3.ДҮНИЕНІҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ТАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
4.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-БҰЛ ПСИХОЛОГИЯ
Таным дегеніміз- адамның жаңа білімдерді игеру процесін
айтамыз. Адамдардың білімге жетуге бағытталған қызметі.
Дүниені танып білу қабілеті –
Гносеологиялық оптимизм
Танымды жоққа шығару - Агностицизм
Күмәндану, сын, терістеу догматизмге,
абсолютизацияға қарсы, адамды тереңдікке жетелейтін
философияға қажетті элемент - Скептицизм
Таным теориясы— философия ғылымының саласы.Басқаша
айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы,
формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің
жолдары туралы ілім.
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына
1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері
арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден
бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де,
ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика,
эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз
байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының
дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық
қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге
тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз.
Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам
немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық,
дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де
болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін
шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект
болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал
етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және
олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Таным объектілері
адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және
әрқашан соған тәуелді болады.
•мифология;
•өнер;
•діни таным;
•ойын танымы, ойындық таным-математикада, экономикада,
кибернетикада қолданылады.
•Методологиялық көзқарас жағынан алғанда ойын дегеніміз ең алдымен
баршылық шынайы тіршіліктің немесе потенциалды жүзеге асатын
гипотезалар, теориялар, қатыныстар жүйесі, іс-әрекет ережелерінің
(нормаларының) имитациясы.
•Ойын танымы ұғымын голландия тарихшысы мен мәдениет теоретигі
Иохан Хейзинга(1872-1945) «Homo ludens»( «Ойнаушы адам») (1938)
деген еңбегінде қарастырды.Ойын дегеніміз «трансценденция тілі», сол
дүниеде адами іс-әрекет, қылық еркіндігі толық ашылады.Өнер арқылы
құбылатын ойын-бұл фәнилік пен бақилық, адам мен Құдай, жердегі мен
көктегінің айтысы кеңістігі.
ТАНЫМ
- бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі;
- білім алу үшін шығармашылық ізденіс;
- таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы
болып табылады;
- адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып,
мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі;
- адамның нақты мақсатына бағытталған және
шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның
нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары
қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.
Біз адамдармыз жер шарының мұрагерлеріміз.Өмірімізде нақты ғылымдар
арқылы сауат алып, білімді
үйренеміз,үйретеміз.Философия,логия,математика,жаратылыстану,география,
биология т.б көптеген қоғам мен дүниеге деген қарым-
қатынасымыз,көзқарасымыз,ақыл-ой,сана-сезіміміздің өлшемі сипатталады.
Адам баласы дүниені, айналаны қоршаған ортаны тану арқылы, ой-өрісін,
білімін кеңейтеді. Таным- өмір шындығын бейнелеу, айналаны тану оны іс-
әрекетке араластыру, жетілу. Адам білімді ақпараттан алса, ақпаратты
ақылымыз арқылы ғана білімге айналдыра аламыз. Әрине, таным үшін объект
те, субъектте қажет-ақ. Ол екеуі бір бірімен тығыз байланысты. Сезімдік,
рациональды ғылыми т.б таным түрлері бар. Ғалымдар танымға келген 2 түрлі
көзқараста екені белгілі. Бірі дүниені тануға болады, екіншісі болмайды дейді.
Бірақ адамзат танымның шексіз мүмкіндіктерін игере алады. Демек, таным
біздің көзқарасымызды қалыптастырады. Әрине, танымның теориясы, түрлері
болуы хақ, және біз білімді таным арқылы алып, ақыл-сана көкжиегімізді
кеңейтеміз. Танымнан тыс білім де, ғылым да пайда бола алмайды. Сезімдік
таным- қабылдатады, ғылыми таным -жүйелі таным. Терең ізденісті,
дайындық пен тынымсыз еңбекті қажет етеді. Эмпириялық таным-
эксперимент, баяндау, салыстыру, өлшеу.
Дүние дегеніміз- бүкіл әлем, жалпақ жер жүзі, бізді қоршаған орта. Ал
жер жүзін, бұл дүниені тірі табиғат, түрлі тіршілік иелері мекендейді.
Әрине, олардан ақыл-ойы, сана-сезімімен адамзат ерекшеленіп сөйлеу
қабілеті арқылы үстемдікке ие болып дараланады. Танымның не екенін
білеміз. Ал, ендігі көп ғалымдар тарапынан талқыланатын мәселе:
«Дүниетаным бізге дүниені түбегейлі таныта алады ма?» Бұл сұрақ түрлі
формаларда философиялық ойдың серігі болып келе жатқаны белгілі. Осы
сұрақтың жауабына қатысты философия тарихында 3 негізгі түсінік бар.
Олар- скептицизм, оптимизм, агностицизм. Скептиктер дүниенің танылуын
жоққа шығармайды, алайда, оған күмән келтіре қарайды. Оптимизмді
жақтаушылар дүниені тануға болатынына, адамның танымдық қабілетінің
шексіз екеніне сенеді. Агностицизмді жақтаушылар дүниені танылмайды
деп есептейді. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек
бөлшектеп ғана таниды, немесе мүлде тани алмайды. Философияда
скептиктер мен агностиктер көп емес.
Адам ең алғашында табиғат туралы, өздері туралы, өмір жағдайы мен
қоғам туралы тани бастайды. Тұрмыстық таным осының нәтижесі болып
табылады. Таным формалары көп түрлі, сол формалар арқылы
дүниетанымымыз қалыптасады. Мысалы: танымның тарихи формаларына
ойын арқылы тану жатады. Яғни, балалар мен ересектердің дүниені тануына
ойындар да ықпал етеді. Мысалы: цирктегі ойындар спорт ойындары,
іскерлік, театрдағы т.б. Ал танымның ежелгі формаларына аңыздың және
діни танымдар жатады. Аңыздың танымда адамдардың табиғат және өздері
туралы біршама білімдері көрініс табады. Діни таным- қоршаған ортаға,
мынау жарық дүниеге әсер ететін табиғаттан жоғары әрі қабілетті ғажайып
күштің бар екенін негізге алады. Діни таным: әлемнің пайда болуын,
адамның өмірі, табиғи құбылыс, өлім т.б мәселелерді зерттейді. Дүние
жүзінде негізгі 3- ислам, христиан, буддизм діндері мен синтоизм, индуизм
сияқты ұлттық діндер бар. Діни танымның міндетінің бірі- дүниені таныту.
Иә, біз дүниені таным арқылы ғана танимыз және сол арқылы ғана танимыз,
және сол арқылы жеке тұлға, қоғам мүшесі, өз өмірінің тәуелсіз иесі бола
аламыз.
Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы
шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.
Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген
көзқарастар жүйесі.
Біз дүниені тану арқылы көптеген дүниелерге үйренеміз, олармен танысамыз.
Дүниені түбегейлі тану арқылы ақиқатқа, әділдікке, сенімділікке үйренеміз.
Дүниеге көзқарас ол біздің- қоршаған орта, айналамыз, әлем,табиғат, т.б
біздің соларға піірлеріміз,оны түсінуіміз. Дүниені өз дәрежесінде танып білу
әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге
асады.
Шығармашылық параметрлері
Көптеген психологтар бұл жолы, тез проблемалық жағдайларды шешу жолдарын
табу үшін қабілетін ойлау стандартына ауытқу ерекше және бірегей идеяларды өндіру
қабілеті деп ойлаймын. W. Симпсон, өз жолында «шығармашылық» ұғымы анықтады:
бұл идеялар әдеттегі ретін жоюға қабілеті болып табылады.
J. Gilfrod шығармашылық келесі параметрлерді анықтады:
•Беглость. Ол белгілі бір уақыт сомасына идеялар көп генерациялау білуді талап
етеді.
•Икемділік. түрлі стратегияларды ақаулықтарын жою үшін пайдалануға және бір
идеядан тез ауысу мүмкіндігі.
•Бірегейлігі. әдет-ғұрпы мен дәстүрлі схемалары айырмашылығы бар түпнұсқа
идеяларды генерациялау қабілеті.
•Әзірлеу. идеялар жүзеге трэш қабілеті пайда болды.
Жеке Шығармашылық - бұл, ең алдымен, түрлі жағдайларда шығармашылық
шешімдерді табу қабілеті болып табылады. Көптеген адамдар стереотиптер ойымша,
бірақ күнделікті қызметпен айналысатын адамдар үшін ойлау бұл түрі. Мысалы,
бухгалтер жанынан ойлау үшін ешқандай қажеттілігі болып табылады. Бірақ, кез
келген өнімнің насихаттау ерекше көзқарасты талап етеді. бүгінгі бизнес әлемдегі ең
үздік лауазымдар шығармашылық ойлауға, кім біледі айналысады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz