Бейбіт уақыттағы Радиоактивті ластану



Бейбіт уақыттағы Радиоактивті ластану
Орыдаған : Сибат Султан
Тексерген :Ибраиммрва Сания Ерболатқызы


Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбею түсуде. Атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. [1]
Табиғатта адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады. Радиaция адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отыр, әсіресе радиоактивті сәулені жерден алады, қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Радиоактивті ластану - қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда [1] .
Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану

Табиғи радиоактивтілік
Табиғи жолмен пайда болған радиоактивті элементтерді қоршаған ортаның барлық жерінде кездестіруге болады және миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейінгі кезеңде, тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болған. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында бар. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде радиоактив болады . Адам денесі таканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий-87, калий-40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80% -ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де, радиацияның негізгі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтанғанымен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады [2] .
Қоршаған ортадан келетін радиацияның адамға әсер салыстырмалығы

Иондаушы сәулелену - бұл элементарлы бөлшектер мен электромагнитті сәулелердің кванттар ағымы, олардың заттармен өзара араласу әсерінен әр полярлы иондар пайда болады.
Иондаушы сәлелену:
альфа-бөлшектері - ядролық алмасу кезінде бөлінетін гелий атомдарының ядролары;
бета-бөлшектері - үздіксіз энергиялық спектр бөлетін электронды (позитронды) сәулелену;
гамма-сәуле - фотонды (электромагнитті) иондаушы сәулелену;
нейтронды сәулелену - нейтрондар ағымы [7] .

Техногенді радиоактивтілік
Техногенді радиоактивтілік-адамныің іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болатын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және тағы басқа жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Және де адамзаттық авиация сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады [7] .

Радиоактивті ластану және қазіргі жағдайы
Радиоактивтілік ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Айналадағы радиация қалдықтармен ластау-адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электор станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Аймаққа радиоактивтілік зақымдану, ластану қаупі төнгенде азаматтық қарғаныс мекемесі халықты алдын ала сақтандыру үшін радиациялық қауіп дабылын береді. Ластанған аймақта жүріп тұру ережесі және қорғаныс ғимараттарынын шығаруды азаматтық қорғаныс штабтары мен бастықтары белгілейді [3] .

2. Радиацияның ағзаға түсу жолдары мен әсері
Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді. Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы, сонымен қатар медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады. Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады [7] .

Иондық сәулелердің әртүрлі материалдар мен адамға әсері

3. Сәулелік ауру және құтқару жұмыстары
Сәулелік ауру-әр түрлі иондаушы сәулелердің әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануарлар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер (K, Ra, Rn, C т. б. ) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады [2] .
Сәулелік ауру

Радиацияға қарсы қоғаныс. Медициналық көмек көрсету
Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдырын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың мағызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек. “Радиоактивті зақымдану” дабылы берілген жағдайда жеке қорғаныс заттарын, дайындалған азық-түлік пен су қорын алып паналау ғимараттарына тығылу қажет [6] .

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі - 90*100*20 мм, массасы - 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz