Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны




Презентация қосу
Түркілік қайта өрлеу және оның
әлемдік мәдениет мұрасындағы
орны.
Орындаған: Бакарам Асемай

Тобы: ФӨТҚА-05-21
Қабылдаған: Ғалия Сарыбаевна

Шымкент 2022 ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қайта өрлеу дәуірі
2. Европадағы классикалық ренессанс
3. Шығыс ренессансы
4. Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік
мәдениет мұрасындағы орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасы –
материалдық және рухани құндылықтардың тұтас
қабаты. Көптеген ежелгі өркениеттер бізге қалдырған
құндылықтар.
Олардың арасында түркі өркениеті басым болды.
Дүниеде өзіндік орны бар түркі өркениетінің түп
атасы атанған ол кейінірек болған ең ежелгі қуатты
мәдениеттер мен өркениеттер дүниежүзілік тарихтың
барысына шешуші әсер етті. Бұл мәдениеттің көптеген
элементтеріөркениеттер қазіргі қазақ және басқа
түркі этностарының өмірінің негізін құрады.
Қайта өрлеу дәуірі

Қайта өрлеу дәуіріне белгілі бір дәрежеде
классикалық анықтаманы өз кезінде Ф.
Энгельс бере алды. Оның әділ айтуынша
қайта өрлеу өткендегінің, ескінің, антиканың
қайта жаңғыруы ғана емес, бұл дәуір сауда
мен қолөнердің орталығы — қалалардың
дамуы қала сословиелерінің пайда болуы,
қоғам мен мәдениетттің өркендеуі, сонымен
қатар, феодалдардан да және халықтың
ішінен де зиялылыар қауымының бөлініп
шығуы болып табылады.
Европадағы классикалық ренессанс

Европадағы классикалық ренессансты Шығыстың немесе
мұсылман қайта өркендеуімен салыстыру және олардың
ұқсастық жақтары туралы пікір таластырудың қазіргі
ғылым дамуының дәрежесінде беретін пайдасы шамалы.
Оны өз кезінде . шығыстанушы В.В. Бартольд те атап өткен.
Өйткені Европа жағдайындағы ренессанс — классикалық
антика заманындағы өнер, ғылым мен әдебиеттегі
жетістіктерді бағаламаған «қараңғы орта ғасырдың»
қайтадан бойына сіңіріп, пайдалану немесе жоғалтқан,
айырылған нәрсені қалпына келтіру» тұрғысында болса,
Шығыста қайталанбағандықтың, жаңашылдыктың көрінісі
ретінде бой береді.
Шығыс ренессансы
Ренессанс мәселесі туралы тарихнамада Шығыстағы
«өркендеуге» батыстық немесе эллинистік көзқараспен
қарастырушылар да, сонымен қатар, керісінше бұл
бағытты сынаушылар да қездеседі. Батыстық тұрғыдағы
көзқарастар мұсылман ренсессансындағы ежелгі Европа
мәдениеті мен элленизмнің рөлін жоғары, басым етіп
көрсетсе, бұл бағытты сынаушылар көне грек мәдениеті
әсерін толық жоққа шығармастан бұның себептерін,
негізінен Шығыстың өзінен іздестіреді. Бір қызығы, бұл
көзқарастардың түйісетін жері — Шығыс ренессансын
тек арабтармен ғана байланыс-тырмауында.
Мұсылман ренессансын зерттеушілердің осы өрлеуде
арабтардың парсыларлың немесе эллинистік грек
мәдениеті мен европалықтардың ықпал-әсерлері мен
үлестері туралы тоқталып, атап өтуі жиі кездеседі. Осы
орайда ортағасырлык түркілердің Шығыс
ренессансындағы орны мен үлесінің көрсетілмеуі, ал
аталған күнде түркілердің «мұсылман туы астында
бүркемеленіп», арабтар болып шығатындығындығын
айта кету орынды. Сондықтан, сөзіміз дәлелді болу үшін
төмендегі мәселелерге көңіл аударайық. Араб халифаты
империясының соңғы әулеті аббасидтер X ғасырдың
ортасында әлсіреп, өздерінің маңайындағы түркілерден
құралған әскери қолбасшылардың ықпалына түсе
бастады.
945 жылдан бастап Халифат тек Бағдадтағы
сарайда тұрып, монғол шапқыншылығына дейін
іс жүзінде мемлекет басқарудан қалды. Тарихта
халиф Мансұр (726-766) тұсында-ақ түркілердің
халифат маңайында көрнекті орын ала
бастағанын көруге болады. Мысалы,
тохаристандық түркілерден Бармакқұлы Халит
пен Яхьяұлы екеуінің салдырған сарайлары мен
ұйымдастырғаи кітапханалары парсы, грек
және санскрипт тіліндегі ғылыми шығармалар
мен философиялық кітаптар арабшаға көптеп
аударылды(3,190б).
Бағдад манайындағы Самарра мен Египеттегі Каир және
Ел-Катай қалалары халифаттағы түркілер өркениетінің
орталықтары десек қателеспейміз. Самарра IX ғасырдың
соңына қарай 33 шақырымға созылған, түркілер тұратын
калаға айналған болатын. Ондағы әсем архитектуралык
кұрылыстарды (бұдан былай санат дейміз негізінен
түркілер салды. Самарра санатындағы көптеген өрнектер
мен құрылыс өңдеу техникаларының әдістері арабтар,
гректер Византия калаларында болмаған, керісінше, біздің
эрамызға дейінгі дәуірден келе жатқан азиялық скифтер
меи алтайлық түркілердікі болып шығады(4,143б). 865-905
жылдары түркі командашысы Ахмед Тулун Мысырды
билеген кезінде түркілер шоғырланған Ел-Катай мен Каир
қалалары мәдениет өркениетін бастарынан кешірді.
Ел-Катайдағы мешіт, сарай, мәдениет үйлерін салуда ағаш
және гипс материалдарын қолдану жоғарыда аталған
Самаррадағыдай түркілердің әдіс-тәсілдері аркылы
жүргізілді. Ерекше атап өтетін нәрсе, ісләм мәдениетіне тән
және оның ең бір «шұрайлысы» болып табылатын санаты –
«Арабеск» осы Самаррада туындағаны белгілі(5,15б.).
Халифаттың күші шарықтау шегіне жетіп тұрған кезде түркі
қолбасшыларының ер жүрек, батыл даңқтысы – Бежкем
болды. Ол аз ғана, 300 шақты жасағымен халифаттың
Вавилон аймағын билеп тұрды. Халиф исламның шиит
бөлігіне қарсы күресте Бежкемге сүйенді. Ол Бағдадтан
шииттерді қуып, халифтің сеніміне ие болды. Қабәлетті және
ер жүрек қолбасшы екендігін Бежкем әсіресе Сирия мен
Месопатамияны билеген Хамдинидтер әулетінің
өкілдерімен күресте танытты.
Мысалы, ол өзінің 290 түркілерден құралған
жасағымен әл-Баридидің 10 мыңдық әскерін жеңіп
шықты (6,35б.). Негізінен түркілер шоғырланған
халифат құрамындағы аудандардың елдегі саяси
маңызды күшті болды. Бағдадтың бас судьясы –
«кади өзін орнынан аламын деген халифқа «егер ол
Хорасанға шағымданса бүкіл халифаттың іргес
шайқалатындығымен»(7.20б.) қорқытуы кездейсоқ
емес еді. Сот, құқық істерін жүргізуде де Халифат
аудандарын басқарған түркі тектес басқарушылар
дінге негізделген «кадилік» жүйеден гөрі
демократиялық құрылымнан тұратын азаматтык
құқық органдарына сүйенді.
Мысалы, Египеттегі басқарушы түрік Ахмед тулун өз кезінде «кади
сотынан бас тартып, азаматтық сот жүйесін енгізді(8,15б). Египет
пен Сирия билеген түркі әулет: тулунидтардан соң, Түркістан
түркілерінің ихшидтар әулеті келді. «Ихшид» — Ферғана
басқарушыларының титулы болатын. Мухаммед ибн Тугдж 935
жылы Египеттегі халифтын наместнигі қызметіне тағайындалды.
Кейін, 941 жылдан бастап оның қол астына Египет, Сирия. Йемен,
Мекке және Медине облыстары қарады. Мухаммедтің күшейгендігі
сондай, оны халиф ал-Мустакфи саяси тұрғыдан «мазасыз
Бағдадты» басқару қызметіне шақырғанда ұсынысын қабылдамай
тастады. Махмуд ихшид алып денелі, зор күш иесі болған.
Садағының үлкендігінен өзінен басқа ешкім тарта алмаған. Жасағы
да сол замандағы ең алдыңғы қатарлы қару-жарақпен
жабдықталған. Египетте өз атынан ақша соқтырған. Жеке басында
аңқаулық, сенгіштік. адалдық, сонымен қатар дүниеқорлық мінез-
қасиеттердің қатар болғандығы туралы көптеген деректер
кездеседі. Түркілер халифат тұсында алғашқы халықтық
ауруханаларды салу ісінде де алғашқылардың бірі болды.
Египетте 873 жылы алғашқы аурухананы Ахмед ибн Тулун
салдырды. Бұл аурухана мен емханасы бірге ірі комплекс еді.
Онда ерлер мен әйелдерге арналған моншалар болды. Бір
жағынан бұл денсаулық сақтау комплексі негізінен қарапайым
халыққа арналды да, онда сарай маңы шенеуніктері немесе
әскери шендегі адамдарға кызмет көрсетілмеді. Ауруханаға
түскен адам, киім, ақша және басқадай заттарын сол
мекемедегі арнайы сақтайтын орынға тапсырма алды. Бұл
мекемеге мың динар ел басқарушы тарапынан беріліп,
Ахмедтің өзі аптаның жұма күні барып тұрды. Ах-Тулун
сонымен қатар, мешіт жанынан дәріхана аштырып, онда
дәрігер әр аптаның жұма күні ауруларды ақысыз емдейтін
қылды. Ауруханада ақыл-есі кем адамдарға арналған бөлме
де болды. Ал 941 жылы түрік әмірі Бежкем Тигр өзені
жағасында халифаттың үшінші ауруханасын салдырта бастады.
Египетте түркі әулетінің тулунид тегінен шыққан
Хумаравайхи зор көлемде жануарлар паркін
ұйымдастырған. Жануарлардың түр ерекшелігіне
қарай тор бөлімшелер мен су бассейндері
жасылынған. Түркілердің ортағасырлық қалалық
мәдениетке шаруашылық өнірлерін өндіру мен
оларды саудаға шығару арқылы елеулі үлес қосты.
Ақ-Тепе мекені түркілер өмірінің маңызды бір даму
кезеңін, яғни бір жағынан көшпелі, екінші жағынан
отырықшылыққа көше отырып, керуен сарайларды көбейту
арқылы сауда жолына тартылғанын, ақырында бір кешендік
мәдени-шаруашылық типін қалыптастыра алғанын
көрсетеді. Көшпелі түркілердің сарқылмас, үнемі әкеліп
тұратын шикізаттарының арқасында қалалардың өздері
белгілі бір өнім шығаруға мамандана бастады. Мысалы. әл-
Макдисидің хабарлауы бойынша: «Шаштан сапалы
ертоқымдар, оқ салғыш қорамсақтар мен орамалдарі Тері,
түріктерден әкеліп иленеді… Ферғана мен Испиджабтан ақ
матамен, қарумен, семсерлермен, мыс және темірмен
Шелжіден күміс келеді. Хутталдан әкелген сияқты,
Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен кашыр әкелінеді».
Қорытынды
Өркениеттің қай саласында болмасын: басқару,
сот, білім, ғылым және т.б. ортағасырлық түркілер
белсене ат салысты, ал тіпті кейбірінде жетекші
орын алғандықтары да байқалады. Оларды толық
дәлелдеуге әлі де көлемді зерттеулер қажеттігі
айтпаса да түсінікті. Басшылары түркі әулетінен
шыққан халифат құрамындағы қала адамдарының
демалу, көңіл көтеру орындары қазіргі
өркениеттілік тұрғыда ұйымдастырылғаны
байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Р.Е. Жүншеев, Ө.С. Төкенов, А.Ә. Ізтілеуов
«Философия» Алматы 2007 ж.
2. Т. Ғабитов «Философия» Алматы 2004 ж.
3. Қ. Бейсенов «Философия тарихы»
Шымкент 2005 ж.
4. «Қоғам және дәуір» № 2 (2) 2004 ж.

Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қайта өрлеу мәдениеті
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Жаңа заман мәдениеті
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Мәдениеттану тарихы
НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Антикалық мәдениет
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Пәндер