Субадтар қолында


Slide 1

Үндістан

8-сынып Дүниежүзі тарихы

Сабитова А. Б.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Ұлы Моғол империясының құрылуы және нығаюы

Мемлекеттің саяси-экономикалық дамуы

Тәуелсіздік үшін күрес. Сипайлар көтерілістері

Slide 3

Сабақтың түрі: аралас, презентация

Әдісі: баяндау

Пән аралық байланыс: География

Slide 4

ХҮІІ ғасырдың ІІ-жартысындағы Ұлы Моғол мемлекеті

Үндістанның солтүстігінде мұсылман мемлекеті -Дели сұлтандығы өмір сүрді.

1526 жылы Бабыр жаулап алды.

Slide 5

Захиредден Мұхамед Бабыр - өзбек және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің орнатушысы, ақын мен жазушы

1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы - Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі - Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері - бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар - бөле болып келеді.

Slide 6

1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі өзбектердің «толғама» атты әскери тактикасын шебер меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде «Ұлы моғұлдар империясы» мағынасы (Аспан адамдары) аталған үлкен мемлекет құрылды.

Slide 7

Бабырға Үндістанның ауа-райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды.

Slide 8

Ақбар билігінің кезеңі/1556-1605жыл/ империяның гүлденген кезеңі

Slide 9

Ғылым мен білімнің қамқоршысы, мұсылмандар мен үнділер арасындағы некені қолдады. Дінге еркіндік берді. Діни әртектілік халық арасында наразылық туғызды.

Slide 10

Ақбар падишах жерленген сарай

Slide 11

Моғолдардың соңғы билеушісі Аурангзеб/1658-1707/

Шах Жахан мен Мүмтаз бегімнің үшінші ұлы, елді 19 облысқа/суба/ бөлген. Субадтар қолында әкімшілік, әскер, сот билігі болған.

Slide 12

Тадж-Махал-махаббат символы

Slide 13 Slide 14

Ұлы Моғол империясындағы жер мәселесі: бүкіл жердің иесі падишах

Заминдар- жеке меншік жер, жерді өңдеуге шаруаларды пайдаланды. Алынған өнімнің 10 өздеріне қалдырып, қалғанын мемлекетке өткізген.

Джагидарлар- әскери қызметі үшін берілетін жер үлесі. Джагидарлар көбінесе мұсылмандар болды.

Инам- мұсылман дінбасыларының меншігіне берілген жер

Вакф-діни орындардың меншік жері. Вакфқа салық салынбады.

Slide 15

Үндістанның Бенгал, Маратха, Гуджарат, Пенджаб сияқты ірі ұлыстары кастаға бөлінді.

Slide 16

1675-1708 жылы Сикхалар көсемі Говинд Сикха мемлекетін құрды: Мұсылмандарды қуып, жер мен билікті өз қолдарына алуды көздеді.

ХҮІІІ ғасырда Моғол үстемдігіне қарсы Шиваджи/1627-1680/ көтеріліс болды.

Slide 17

20 жыл бойы моғолдарға қарсы партизандық күрес жүргізіп, жеңіске жетті. Үндістанда күшті Маратха мемлекетін құрды.

Slide 18

Ахмед - шах Дуррани

1747 жылы Ауғанстанда Дуррани мемлекетінің негізін салушы Ахмед-шах жорық жасады. 1761 жылы Панитат жазығындағы кескілескен шайқаста маратхалар ауғандардан күйрей жеңіледі. Бұл оқиға Маратхалардың бүкіл Үндістан жерін жаулап алуды болдырмайды.

Slide 19

ХҮІІІ ғасырда Үндістанды отарлауда Франция мен Англия арасында күресте /1756-1763/ Ост-Үнді компаниясы жеңіске жетті.

Үндістанның бытыраңқылығын пайдаланып, Ост-Үнді компаниясы Бенгалияны жаулап алды.

Отарлаушыларға қарсы үнді халқының күресі өрістеді.

1773 жылы Үндістанға басқаратын генерал-губернатор тағайындады. Алғашқы г-г Уоррен Гастингс тағайындалды.

Ағылшындар өз қолдарына жергілікті жердегі әкімшілік, сот, полиция т. б. қызметтерді қолдарына алды.

Үндістанда ағылшындар өз мүдделерін қорғау үшін арнайы әскер ұстады. Олар сипайлар деп аталды.

Slide 20

Уоррен Гастингс-1773-1785 жылдардағы Үндістан генерал-губернатор

Slide 21

Сипайлар

Slide 22

Ағылшындар:

175 7-1780 жылдарда Үндістаннан тауар мен ақша түрінде 38млн фунт стерлинг алып кетті.

Халықты қанап, салық салды.

Үндістан арзан шикізат көзіне айналды.

Халық наразылығы күшейді.

Сипайлар әскері үнді халқы жағына ойысты.

Slide 23

Үндістанның экономикалық дамуы

Бомбей, Мадрас, Калькутта ірі сауда орталықтарына айналды.

Үндістан арқылы ірі халықаралық сауда жолдары өтті.

Ост-Үнді компаниясы жергілікті халықтан қолөнер бұйыдары мен мата сатып алып отырды.

Мақта мен мата өнеркәсіптері мен кеме жасау мануфактуралары құрылды.

Slide 24

Бекіту тапсырмалары:

Жұмыс дәптері бойынша орындау

25-27 беттер


Ұқсас жұмыстар
Сипайлар көтерілістері
БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Электрондық оқулықтардың пайдалану тиімділігі
Ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!!!
Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
Ежелгі Грек және Шығыс ойшылдарының саяси көзқарастары
Қорытынды мектепте практика ретінде конференция мектепте
Грамматикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдері
Денім сау болсын десең
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz