Цифрлық технологиялар және әлеуметтік өзара әрекеттестік: жаһандық үрдістер мен Қазақстанның стратегиясы


Slide 1

ТАҚЫРЫП:ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖӘНЕ ӘЛЕУМТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК

Slide 2

Құндылық

ретінде

Жүйе

ретінде

Процесс

ретінде

Нәтиже

ретінде

Slide 3

«Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында» деген қанатты сөзді тарих белгілі банкир Нотан Ротшильдтің аузына салды. Осыдан екі ғасыр бұрын айтылған сөз өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, күн өткен сайын өміршеңдігін айғақтай түсуде. Бүгінгі әлемнің әр қадамы ақпаратпен байланысты екенін ескерсек, оның болашағы да цифрлық ақпаратқа тәуелді болары сөзсіз. Сондықтан да, цифрлық технологиялар Елбасы айтқан төртінші өнеркәсіптік революцияның өзегіне айналды. Мемлекет басшының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауының жүзеге асуының маңызды факторы - цифрлық технология. Біздің санамызда цифрлық технология ұғымы күнделікті пайдаланылатын компьютер немесе ұялы байланыспен шектеліп қалмауы тиіс. Инновациялық технологияның мүмкіндігі - шексіз. Соны қоғамның барлық саласына енгізетін, азаматтардың санасына жеткізетін уақыт келді.

Slide 4

2. Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық болмақ, және мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді.

Әлемнің 15-тен астам елі цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруда: Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Аустралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан.

Қытай өзінің «Интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияларды дәстүрлімен ықпалдастырады. Сингапур «Ақылды экономиканы» қалыптастырады, Канада Торонтода АКТ-хаб құрады. Ал, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды дамытуға, кәсіпкерлікке және АКТ жетістіктерін таратуға бағыт алады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруды көздейді.

Slide 5

Қазақстан «басынан» бастамайды, 90-шы жылдары үдемелі индустриялық инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама іске қосылды, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасына бастамашы болды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылды, «Алатау» ИТП» арнайы экономикалық аймағы, «Назарбаев университеті» жұмыс жасайды, Astana Нub халықаралық технопаркі іске қосылды.

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпінді қамтамасыз ететінін атап өтті. Осыған байланысты Елбасы цифрлық технологияларды қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды дамыту бойынша міндетті алға қойды.

Slide 6

Бүгінгі күні цифрлық технологиялар жаһандық экономикалық дамудың негізгі факторларының біріне айналып отыр. Цифрландыру ел экономикасының болмысын түбегейлі өзгертіп, еңбек өнімділігінің артуы мен өмір сапасының жақсаруына зор ықпалын тигізуде.

Мемлекет басшысы айқындап бергендей, цифрландыруды кеңінен қолданысқа енгізу елімізді жаңғыртудың басты бағыты. Бұл туралы Елбасы «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында тағы айтып өтті.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2025 жылға қарай цифрландыру арқылы ішкі жалпы өнімнің 19 пайыздан 34 пайызға дейін өсуі күтілуде. Болжам бойынша 2020 жылға қарай цифрландыру әлем экономикасының төрттен бірін құрайтын болады.

Slide 7

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Цифрландырудың ғаламдық тенденциялары және Қазақстанның цифрлық индустриясын дамыту стратегиясы
Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп-қатерлер: экономикалық үрдістер мен жаһандық денсаулық
Цифрлық технологиялар мен бұқаралық коммуникация: теориясы, түрлері және әлеуметтік әсері
Отбасы мен бала бақша арасындағы ұйымдастырушылық-педагогикалық өзара әрекеттестік
Жаһандық урбанизация: себептері, салдары және өңірлік үрдістер
Қазақстанның үшінші жаңаруы: цифрлық технологиялардың экономикалық маңызы
Қазақстан-2050 стратегиясы: жаһандық сын-қатерлер, ұлттық даму басымдықтары және әлеуметтік-экономикалық жетістіктер
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Жедел экономикалық модернизация, әлеуметтік жаңғырту және Индустрия 4.0: Қазақстанның даму стратегиясы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz