Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт


Slide 1

Будда (санскрит बुद्ध) - будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі - Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 - 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.

Slide 2

Конфуций, Кун-цзы, яғни ұстаз, "Ұстаз Күн" деп атаған. Құң-фу-цзы (б. з. б. 551, Цзоу, Лу патшалығы Қыт - Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні - конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б. з. б. 11 - 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 - 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті.

Slide 3 Slide 4

Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том

Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 XI том

Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 бет

Slide 5

Легизм. Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ ЯН (б. з. д. 390 - 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың ұмтылыстарын басшылыққа алды. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл-өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра тексерілген бағдарламасы болатын.

Slide 6

Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория. [1]

Dao Tao

Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б. з. д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.

Slide 7 Slide 8

Платон (көне грекше: Πλάτων, б. з. д. 427 - 347) - ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан “жалпақ”, “кең” деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі - Аристокл.

Slide 9

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б. з. д. 384 - б. з. д. 322 жылдар) - грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Slide 10

Полибий (Polybіos) (шамамен б. з. б. 201, Мегалополь қ. Аркадия - б. з. б. 120 ж. ш. сонда) - ежелгі грек тарихшысы. Ахей одағы басшыларының бірі Полибий б. з. б. 171 - 168 ж. болған 3-македон соғысынан кейін тұтқындармен бірге Римге аманат ретінде жіберілді. Римде болған 16 жылда ол Сципион Эмилиан бастаған Рим ақсүйектерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Полибий саяси көзқарас жағынан Грекияның олигархтық топтарының жетекшісі, демократтардың қарсыласы болды. Полибийдің негізгі еңбегі - 40 кітаптан (бізше тараудан) тұратын “Жалпы тарих”. Бізге еңбектің алғашқы 5 кітабы және үлкенді-кішілі үзінділері жетті.

Slide 11

Цицерон Марк Туллий (б. з. б. 3. 1. 106, Арпинум - 7. 12. 43, Кайета маңы) - Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б. з. б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды) . 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б. з. б. 58 - 57 ж. қуғынға түсті.

Slide 12

Платон б. з. б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Саясаттануға қатысты еңбектері “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т. б. Платонның ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды. Адамдар бірігіп қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, олигархия, демократия, тимократия, тирания.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Мектептің шығу тарихы
Ежелгі Қытай мәдениеті. Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт
Даосизмнің негізін қалаушы
Даосизм философиясының мәні
Ежелгі Қытай философиясы
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Ежелгі шығыстың саяси ойлары
Ұлттық діндер
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
СОҒЫС СТРАТЕГИЯСЫ ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz