Жарлысу ауылының төр жағындағы шатқалда кіре беріс тұста




Презентация қосу
Жарлысу ауылы – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының
аумағындағы Тян-Шань сілемдерінің қойнауында орналасқан шағын
ауыл. Халқы негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. 178
түтіні бар, қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрімізді бекем ұстайтын
мекен. Қазақстан картасына түспеген, бірақ басқа да қазақ ауылдары
сияқты қойнауына талай сыр бүгіп жатқан, елмен бірге жасасып,
талай заманды,талай оқиғаны бастан кешіріп келе жатқан киелі
бесік.
«Жарлысудың тарихи аталуы ежелден осылай аталады екен.Тау
сілемдерінен аққан судың мол болуына байланысты ауылға қарасты
жерлердегі жарлардың бәрінде мол су ағып жатқан. Сол себептен
«Жарлысу» аталып кеткен. Ал ауыл маңындағы тау бөктерінен бастап
шыққан өзенді «Талдыөзен» дейді. Ал өзеннің «Талдыөзен» аталуы
өзен .жағасында тал көп болғандықтан «Талдыөзен» аталып кеткен
Жал-жал болып жайғасып жатқан төбелері, ирелеңдеген сан тарап
жолдары Ұлы Жібек жолынан өткен сансыз керуеннің табанымен
тапталған, ұлы сауда жолының жүріп өткен жолы болған деседі
аңыздар. Бұл жөнінде арнайы зерттеулер жоқтың қасы, Тек белгілі
журналист Сейсен Қожекенің мақалаларында жер атаулары тарихы
кездеседі. «Жарлысу ауылының төр жағындағы шатқалда кіре беріс тұста
«Елубайдың диірмені»деген көне қоныс бар.Сол тұста ерте заманның
жәдігеріндей болып кеткен үлкен таңбалы тас бар. Бұл өзі бағзы заманның
тылсым сырын шертіп тұрған бірден-бір белгі.Көне тайпалы ел шамасы
аңшылықпен күн көріп,мал өсірген болуы керек тасқа арқар мен киіктің,тау
ешкі мен барыстың,түйе мен күліктің, қой мен ешкінің сұлбасын қашап
ойып түсіргені күні бүгінге дейін өшпеген.Талдыөзеннен табылған таңбалы
тасқа бес тайпалы дулаттың бір руы өз таңбасын салып кеткені анық.Атан
түйедей шөгіп жатқан алып тастың аңыз әңгімелерге сүйенсек, арқалығы да
бар көрінеді.Бұл жерде ілгері заманда «тайпа көсемдерін сайлаған» деген ел
ішінде сөз бар.
2008 жылғы деректер бойынша, «Құлан – киелі бесік»
энциклопедиясынан ауыл жайлы мына бір деректі көруге
болады: «Жарлысу ауылы. Өрнек ауылдық округіне қарасты
елді мекен. Өрнектен 10 шақырым қашықтықта. Халқының
саны – 1135 адам. 1930 ж. құрылған өзі аттас ұжымшардың және
«Сазарық» ауылдық кеңесінің орталығы болды. 1932 ж.
«Сазарық» пен «Жарлысу «ұжымшарлары бірігіп, 1938 ж. дейін
Әулиеата (қазіргі Байзақ ) ауданына қарады. 1950 ж.
ұжымшарларды ірілендіру кезінде «Алғабас» ұжымшарының
құрамына кірді. Жалпы жер көлем 422га, оның 60 га.егістік,331
га. жайылымдық жер.
Тағы бір еленетін деректі бірнеше жыл «Алғабас» совхозын
басқарған Әуезхан Әміреқұлұлының «Өнеге болып сөз қалар»
жинағынан табамыз: « ... 1962 жылы партия мен үкімет кішігірім,
экономикасы әлсіз шағын колхоздарды біріктіріп, жаңа
мамандандырылған совхоздар құру туралы қаулы қабылдады. ...Осы
қаулыға сай Луговой ауданында да Ақыртөбе аумағындағы Еңбекші,
Бірлес, Өрнек, Қызылту, Талдыөзен және Жарлысу атты шағын
колхоздарды біріктіріп, «Алғабас» деген совхоз ұйымдастыру туралы
шешім шығыпты» . Сол уақыттан бастап еліміз егемендік алып,
шаруашылықтар тарағанға дейін «Алғабас» совхозының бөлімшесі
болып келді. Қазіргі уақытта Өрнек ауылдық округінің құрамында
Жарлысу ауылы аталып өмір сүруде.
Ауылдың бүгінгі келбеті
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы
мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру
мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты»,- дей келе Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Жолдауының «Өмір сүруге жайлы орта
қалыптастыру» тарауында: «Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын
үйдің қолжетімділігі,ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке
және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы
инфрақұрылымның болуы» деген пікірін алға тартып, тиісті
тапсырмалар берді.
Ауылдың бүгінгі жағдайының айнасы іспеттес көрікті нысандар кейінгі жылдары бой
көтерді. Бұрынғы совхоз бөлімшесі болған кезде ескі мектеп пен ескі медпунктпен
шектелген Жарлысуда халық игілігіне арналған ғимараттарды мақтанышпен атауға
болады.
Ауылдағы білім мен мәдениеттің ордасы – Айтқұл Шынасилов атындағы орта
мектеп ғимараты 2010 жылы салынған. Оқу кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған.
Компьютер сыныптары,лингафон кабинеті, 5 мультимедиалық кабинет, үлкен спорт залы,
заманға сай жабдықталған асханасы, бір сөзбен айтқанда, жас ұрпақтың жан-жақты
дамуына бар жағдай жасалған.
Мектеп жанында 40 орындық интернат үйі жұмыс істейді. Мұнда алыста еңбек етіп
жатқан малшылардың балалары мен аз қамтылған отбасы балалары тәрбиеленеді. Екі
қабатты ғимараттың іші де, сырты да кірсе шыққысыз тап-таза, әдемі, жанында ата-анасы
жоқ балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптасқан. Интернат ғимаратын
«Шәушен» шаруа қожалығы малшы және көп балалы,аз қамтылған отбасы балаларына
арнап салып берген.Ондағы балаларға тәрбие беріп жағдай жасау үшін 10 адам еңбек
етуде.
“Шәушен” қожалығы интернаттың жанынан саябақ та салып берді.
Тұрғындардың демалуына,мерекелік іс-шараларды өткізу үшін
таптырмас орын, бұл саябақтағы Ашаршылық пен қуғын-сүргін
құрбандарының рухына арналған ескерткіш-монумент, субұрқақ және
ойын алаңдары көз тартады.
Ауылымыздағы ел игілігіне қызмет етіп тұрған тағы бір кешен
– Мұрат баба мешіті. Ерекше архитектуралық үлгідегі мешіттің
жанында мейрамхана, медресеге арналған құрылымдар орналасқан.
Ауылдың батыс жақ шетінде орналасқан «Тәттімбүбі» балалар
бақшасы 2017 жылы ғана пайдалануға берілді. 92 орындықты
балабақша құрылысы ерекше үлгіде салынған, заманға сай
жабдықталған.Біздің ауылға жақын маңда орналасқан елді
мекендерде ондай балабақша жоқ деуге де болады.Бұл екі
ғимарат та «Шәушен»шаруа қожалығының каржысына
салынды.
Ауыл азаматтары, осы ауылдан қанат қағып әр
тізгінін ұстап отырған түлектер
«Туған жерге тағзым» акциясының аясында ауылдың
кіреберіс тұсына еңселі белгі орнатты.
«Наурызтөбе» кешенін орнатуға да ынтымақпен
жұмылып,ауызбіршілік танытты. Бұл жерде
халықтық мерекелер, ұлттық ойындар, концерттік
бағдарламалар өткізу үшін арнайы орындар, алаңдар
жасалған,халықтың жаппай мерекелеуіне
бар жағдай жасалған.
Көкпар ойынына арналған алаң,
атшабар, киіз үй үлгісінде
жасалған тамақтанатын орындар ауыл тұрғындарының
дем алуына, ұлттық спорт ойындарын өз дәрежесінде
өткізуіне қызмет етуде.
Соңғы жылдардағы халық санасының,
рухының жаңғыруының арқасында осындай даму жолына түскен
Жарлысу ауылындағы жұртшылық жұмыспен біршама қамтылған
Туған өлкеден шыққан тұ
«Ауылына қарап, азаматын таны»дейді халық.
Алтын бесігін жұмаққа айналдыруға атсалысқан
пайымы үлкен азаматтың бірі де бірегейі –
ауылдың жанашыры Сайранбай Дөненбаев.
Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,
қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып
көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп
еңбек ет.
Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа»
деген сөздері Сайранбай Дөненбаевқа арналғандай.
1965 жылдың 1 сәуірде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, «Алғабас»
совхозы, Жарлысу бөлімшесінде дүниеге
келді. 1972 жылы Жарлысу сегізжылдық мектебінде, одан
кейін Тараз қаласындағы А.С.Макаренко атындағы
мектеп интернатта оқыды.
1983-1985 жылдары Әскери борышын өтеп келді.
1986-1993 жылдары Мемлекеттің малын бақты.
1993-1996 жылдары «Алғабас» совхозында ферма меңгерушісі, зоотехник
болып істеді.
1997 жылдан бастап «Шәушен» шаруа қожалығын құрылып, жұмыс
келеді.Республикаға белгілі «Шәушен» шаруа қожалығы 27 мың қой, 1530 бас
жылқы және мүйізді ірі қара малын бордақылау кешенін іске қосып, бұл
табысты саланы дамытуғы өзгелерге үлгі- өнеге көрсетіп отыр. Қожалық асыл
тұқым еділбай қойын өсірумен, текті тұяқты тұлпарлар өсірумен және элита
тұқымды егін шаруашылығымен тұрақты түрде айналысып келеді.
«Астанаға 10 жыл» медалі
«Ерен еңбегі үшін»
медалі

Ұқсас жұмыстар
Жансейіт күмбезі
Сыртқы құлақ
Білім беру мекемелерінің аумағын көгалдандыру
Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ ӨҢЕШТІҢ ТАРЫЛУЫ
Есту мүшелері
Бала – бақша ауласын көгалдандыруды жоспарлау
Шарын ұлттық табиғи саябағы
Жамбас сүйегі
Туризмдегі тамақтандыру
Пәндер