Модуляция және демодуяция




Презентация қосу
Модуляция және
демодуяция

Орындаған: Сиазбаева А
Қабылдаған: Бектурганов Ж
Тобы: РТК-311
Модуляция
Модуляция (латынша modulatіo – өлшемдік) – қандай да бір
стационар физикалық процесті сипаттайтын параметрлердің
уақытқа байланысты берілген заңдылық бойынша өзгеруі.
Модуляцияның мысалына, гармондық тербеліс
амплитудасының, жиілігінің және фазасының белгілі
заңдылық бойынша өзгеруі, электрон-сәулелік осциллографта
арнаулы электрод (модулятор) көмегімен электрон ағыны
қарқындылығын уақыт бойынша өзгеруі, жарық айқындығын
(жарықтылығын) поляризациялауыш құрылғы (Керр ұяшығы)
арқылы реттеу, т.б. жатады.
Модуляция арқылы стационарлық процестің бір немесе
бірнеше параметрлерін (қарқындылығын, амплитудасын,
жылдамдығын және жиілігін) уақыт бойынша өзгертуге
болады.
Кеңістіктік модуляция – стационарлық процесс
параметрлерінің кеңістікте өзгеруі. Сызықтық емес және
толқындық жүйелерде модуляцияның кенеттен (күрт) пайда
болуы да мүмкін (автомодуляция).
Жалпы түрде модуляция деп бір сигнал параметрлерінің
басқа сигналдың – ақпараттық параметрлерімен сәйкес өзгеруін
айтады. Модуляция байланыс арналарында сигналдарды бөлу
немесе сигналдардың бөгетке қарсы тұруын жоғарлату
есептерін шешуге мүмкіндік береді.
U
9.1-суретте U 0 cos( 0 t 0 )
DU

U0 беретін сигнал сондай-ақ U cos( t )
гармоникалық сигналдың
t

амплитудасы бойынша модуляция
нәтижесі көрсетілген.
Рис.9.1 Амплитудно модулированный
гармонический сигнал
ДЕМОДУЛЯЦИЯ

Демодуляция үрдісі
бір жарты периодты
және екі жарты
периодты түзеткіш
үрдісімен ұқсас.
Түзетуден кейін
түзеткіш шығысында
ось қарағанда
симетриялы
емес пішінді ток пайда
болады.
Цифрлық қабылдағыштың демодуляция және
айқындау функциясы
1-суретте көрсетілген.
Кейбір авторлар демодуляция және айқындау
терминдерін синоним ретінде қолданады.
Демодуляцияғабіз сигналды қалпына келтіру деп
анықтама береміз, ал айқындау-сигналдың
цифрлық мәніне қатысты
шешім қабылдайтын процесс деп түсінеміз.
Айқындау термині кей кезде қабылдағышта
орындалған барлық
өңделген сигналдардың бірігуі ретінде
қолданылады.
Демодулятор (фр. demodulateur).
Модуляция процесіне кері процесті жүзеге асыратын құрылғы.
Радиобайланыс жүйелерінің, оптикалық және дыбыстық (суасты) байланыс
жүйелерінің құрамында демодулятор болады. Модуляцияланған тербелістің
модуляция тереңдігін азайту үшін де демодулятор қолданылады.
Радиоарна бойынша қабылданған сигналдарды бастапқы пішінге
айналдыратын құрылғы.
Демуляторға
мысал, DVD,
канал,антенна
және т.б
Демодуляция
Демодуляция (Demodulation). Модуляцияланған сигнал
құрамынан ақпараттық сигналды ажыратып, бөліп шығару
процесі. Оны боліп шығаратын құрылғыны
демодулятор деп атайды. Демодуляция екі сатыдан
тұрады:ақпараттық сигналды модуляцияланған сигнал
құрамынан іздеп тауып айқындау;оны бөліп шығару.
Модуляцияланған сигнал құрамынан ақпараттық сигналды
табу үшін модуляцияланған сигналды қисық сызықты
байланысэлементінің кірісіне берсе, оның шығысында
көптеген сигналдар (тасушы және ақпараттық)
комбинациясы, соның ішінде төмен жиілікті сигналы
(ақпараттық сигнал) болады. Осы сигналдар құрамынан
төмен жиілікті электр сүзгісі көмегімен ақпараттық сигналды
бөліп шығаруға болады.
Модуляциялау кезiнде жоғарғы жиiлiктегi толқындардың
қандай параметрiнiң өзгергенiне байланысты
амплитудалық модуляция, жиiлiк және фазалық
модуляциялары болуы мүмкiн.

Амплитудалық модуляция (лат. amplitudo — шама,
франц. modulatio — біркалыптылық)
— радиотаратқыш тарататын электромагниттік тербеліс
амплитудасын сол тербеліс жиілігінен төмен жиліктегі
тербеліс заңына сәйкес өзгерту. Мысалы,радиотаратқыш
тарататын жоғары жиілікті тербеліс амплитудасын
дыбыс жиілігіндегі тербеліс заңына сәйкес
модуляциялағанда,жоғары жиіліктік тербеліс амплитудас
ының көмкеруші сызығы дыбыс жиілігінің заңына
сәйкес өзгереді.
Радиотолқын ретінде таралатын сол жоғарғы тербелістің
жиілігі "тасымалдаушы жиілік" деп аталады.
Амплитудалық модуляция радио таратқыштың аралық
каскадтарының бірінде жүзеге асырылады.
Амплитудалық модуляциялауда тасымалдаушы
жиіліктен төмен және жоғары екі бүйірлік жиілік
жолақтары пайда болады:
Жиіліктік модульдеу, жиіліктік модуляция -
генератор жиілігінің модульдеуші (модуляциялаушы)
Кернеу әсерінен өзгеруі. Жиіліктік модульдеу,
негізінен,радиотехникада, телеметрияда, теледидарда
(теледидарлық көріністі дыбыспен үйлестіру үшін), т.б.
электрондық приборларда қолданылады. Амплитудалық
модульдеумен салыстырғанда жиіліктік модульдеу
қабылдау кезінде электрлік бөгеуілдер әсерін төмендете
алады.
Фазалық модуляция — тербеліс модуляциясының бір
түрі, Фазалық модуляцияда тасымалданатын сигнал
тасушы жоғары жиілікті тербелістің фазасын басқарады.
Егер модуляциялаушы сигнал синусоид түрінде болса, онда
Фазалық модуляция мен жиілік модуляциясы
жағдайындағы сигналдардың спектрі мен пішіні бірдей
болады. Айырмашылық модуляциялаушы сигналдың
әлдеқайда күрделі пішіндерінде байқалады.
Фазалық модуляция негізінен тасушы жиілігінің
орнықтылығы жоғары жиілікті модуляцияға аралық
түрлендіргіш ретінде қолданылады.

Ұқсас жұмыстар
МОДУЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ДЕТЕКТОРЛЕУ
Дербес жерсеріктік радиотелефондық байланыс. Дербес жерсеріктік байланыс жүйесінің нұсқалары. Жерсеріктік навигациялық GPS жүйесі
Ағза ұлпасының импедансы
Мүшелердің электрлік өрісі
Компьютерлік желі түсінігі
Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы мәлімет
Биологиялық басқару
Ethernet Wi-Fi/1EEE 802.11b стандарты.Сымсыз желідегі логикалық топология. Стандартты тополгия және бөлінетің аумақ IEEE 802.x стандарттардың структурасы
Ішкі жұқпайтын ауруларда қолданылатын физикалық күштер
Пәндер