Кәсіпкерліктің нысандары



Дәріс № 5. Кәсіпкерліктің нысандары
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ «Экономика және бизнес»
КАФЕДРА «Экономика және менеджмент»
Лектор АйтходжаеваГ. И.
Жұмыс. тел. : 2935295, ішкі номер №152

Сабақтың жоспары 1. Кәсіпкерліктің түрлері 2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары 3. Кәсіпкерліктің ұйымдық-экономикалық нысандары 4. Инвестиция

Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.

Өндірістік кәсіпкерлік
Тауар өндірумен және қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік
Коммерциялық кәсіпкерлік
Өнім өндірумен байланысты емес тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
Қаржылық кәсіпкерлік
Сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі.
Қаржылық кәсіпкерлікке
коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.

Кеңес беру кәсіпкерлігі
Нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
Сақтандыру кәсіпкерлігі
Белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
Делдалдық кәсіпкерлік
Бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

Ұйымдық-құқықтық
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары
Ұйымдық-экономикалық
Жеке кәсіпкерлік бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік - екі немесе одан да көп адамдардың капитал салымдары (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті.
Серіктестіктің түрлері
Толық серіктестік
Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады
Коммандиттік серіктестік
Мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы.
Акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын.
Ашық
Жабық
Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.



Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтердің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.
Орта кәсіпкерлік субъектілері деп жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
1. Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
2. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
4. Бәсеке дамуының негізін құрайды.
5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық формасы дегеніміз- ұйымдасқан түрде қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлердің арасындағы келісімдік кәсіпорындар.
Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
Концерн - көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум - ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест - белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

4. Инвестиция мәні мен түрлері
Инвестиция дегеніміз - табыс табу мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтердің (құралдардың) барлық түрлері.
Пайда табу мақсатында ұлттық және шетел экономикасының әртүрлі салаларына жеке немесе мемлекеттік капиталды ұзақмерзімдік формада салу. Сондықтанда инвестициялар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz