ЛОР мүшелерінің жарақаттары


Slide 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Офтальмология, оториноларингология және реаниматология кафедрасы

ЛОР мүшелерінің жарақаттары

Орындаған: Тангирбердиева Ұ. Е.

4049 ЖМФ

Қабылдаған:

Қарағанды 2016

Slide 2

Мұрын травмасы, мұрын жарақаты, мұрын сүйегінің сынуы

Сыртқы мұрын зақымдалу және оның қабырғаларының жарасы көбінесе ер адамдарда жас кезінде, спортпен айналысушыларда байқалады. Тері жабыны травмасы көбінесе көгеру, қан ағу, жаралану түрінде көрінеді. Сырттай қарағанда жара тек жеңіл беткей секілді көрінгенімен іштей ол тереңге жетіп, ауыр жарақат екенін естен шығрармауымыз керек. Көгеру және аздап қан кету суық затты басумен шектелсе, жарақат 5% йод ертітіндісімен өңделуі жеткілікті.

Slide 3

Мұрынның ішкі жағындағы жаралар шырышты қабатқа сызат, жарақат болып табылады. Мұндай жараға инфекция түскен кезде ол асқынып, абсцесс және мұрын пердесінің перихондриті болып кетеді.

Slide 4

Мұрын травмасы әртүрлі болып келеді. Оларға сүйек шығуы, сызат (трещина), ығысусыз сүйек шығуы, ығысумен сүйек сынуы жатады. Көп жайдайдағы мұрын травмасында мұрын сүйектері мен аралық перде зақымдалады. Аса қатты травмада тіпті маңдай өсіндісі, жоғары жақ сүйек қабырғалары, мұрын маңыз қойнаулар сүйегі де сынуы мүмкін. Жеңіл түрдегі жарақаттар мұрын маңындағы терінің зақымдауымен ғана шектеліп қойса, ал бұдан ауырлау түрінде жұмасақ тіндермен қоса сүйек, шеміршек зақымдалады. Бірақ кейбір жағдайларда тіпті ауыр жарақаттың өзі сырттай білінбей, жұмсақ тірденді зақымдамай ақ болуы мүмкін.

Slide 5

Атылған жарақатта жекелей немесе толықтай мұрын бөлінуімен жүреді. Оның мұрын сүйектерін және оның айналасындағы құрылымдарды зақымдаумен көрінеді. Тікелей тиген оқ, мұрын қуысы сүйектерін жарып, мұрын маңы қойнауларына, одан бассүйек қуысына, мойынға кетеді. Мұндай жағдайда адам бірден өліп кетеді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Диагностика: Мұрын жарақатын қаншалықты зақымданғанын білу үшін сырттай қарау, пальпация жасау, зондттау, эндоскопия, рентгенографиялық зерттеу әдістеріне жүгіну керек. Айналадағы мүшелерді зақымдауына байланысты лор, окулист, невропатолог қарап, лабараторлы және басқа зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

Slide 9

Травма уақытында науқаста шок, жүрек айну, лоқсу, есін жоғалту көріністері болуы әбден мүмкін. Осы көріністердің әрқайсысы бас миы шайқалуына, кейде бассүйек негізінің сынуына көрініс болып келеді. Науқас басына иммобилизация жасалып, неврологиялық зерттеу жүргізілу керек. Сыртқы мұрыннан қан ағу өздігінен басылып қалады. Бірақ егер қан кету этмоидальді артериядан кететін болса, қан ағу интенсивті болып, тек мұрын тампонадасын жасағанан кейін ғана тоқтайды. Конъюнктивальді және теріастылық қанталауларды (кровоподтеки) көз маңы орбитасындағы қан құйылулардан ажырата білу керек (көзілдік сипмтомы -симптом очков) .

Slide 10

Сырттай қарағанда және пальпация (ұстап, басып көргенде) жасағанда бірнеше күнге созылған мұрын тіндерінің ісінуі, үлкеюі байқалады. Мұрынның бір жаққа ығысуы оның сүйектерінің сынуын көрсетеді. Аса жарақ тудырушы жайт, мұрын сүйектерінің ыдырап сынуы. Мұндай жағдайда қолмен мұрынды ұстағанда ол аса қозғалғыш болып, кейде крепитация (сықыр) анықталып тұрады.

Рентгенологиялық зерттеу осы мұрын жарақаты, сынығы жайлы құнды ақпарат береді. Әсіресе айнала тіндер ісініп, қызарып, жұмсарып тұрғанда рентгенге түсіру таптырмайтын зерттеу құралы. Кей жағдайда компьютерлік томография түсіруге де болады.

Slide 11

Мұрын жарақаты емі: сүйек сыну кезінде бірініші көмекті алғашқы тәулікте көрсеткен эффективті болады. Қан ағуды бірден тоқтатуға тырысу керек, себебі ұзаққа созылған қан ағу науқас өміріне қауіп төндіреді. Мұрын маңы тіндерінің ашық жарақаты оған инфекция түсу және оның талауына бірден біл жолы екенін ескерсек, бірден науқасқа сіреспеге қарсы сары су енгізу керек. Егер ми шайқалуының 2-3 деңгейі анықталса, мұрын сүйегін салу және хирургиялық емді мүмкіндігінше кейінге қалдыра тұрып, неврологиялық ем жасау қажет. Мұндай жағдайда тек біріншілік хирургиялық өңдеу жасау керек. Бет және мұрын аумағы қанмен жақсы қамтамассыз етілген аумақ болған соң осы жерлер жылдам жазылады. Жараны сутегі асқын тотығымен өңдеп, кептіреді. Жиі орналасқан тігіс салынады. Таңу көп жағдайда жасалмайды.

Мұрын сүйектері ығысқан болса оны орнына саусақпен итеріп, немесе арнайы инструментпен (мұрын элеваторымен) орнына келтіреді.

Кей кездерде мұрын аумағындағы үлкен аумақты алған жарақатта сүйекті салып қана қоймай, бет пішінін қалпына келтіру де маңызды. Сыртқы мұрын конфигурициясын орнына келтіру маңызды іс болып тұрады. Бұл кезде мұрын жарақаты жазылған соң, аутопластикалық операция арқылы сыртқы мұрын пішінін қалпына келтіреді.

Slide 12

Құлақтың зақымдалуы

Құлақтың зақымдалуы әртүрлі болып келеді және де жарақаттаушы агенттің сипатына байланысты болады. Құлақ қалқанының жарақаттарына соққылар, кесілген жарақаттар, құлақ қалқанының түгелдей немесе бір бөлігінің жұлынуы, дабыл жолының жарақаттарына - төменгі жақ сүйегіне соққы тигендей оның қабырғаларының зақымдалуы және бас сүйектің негізінің сынықтары кезіндегі жарақаттар жатады.

Slide 13

Клиникасы: құлақтағы ауру сезімі, құлақтан қан кетулер, ауызды ашқандағы және шайнағандағы ауру сезімі лоқсу, құсу болады. Дабыл жарғағының зақымдалуы айқын ауру сезімімен, құлақтың шуылдауымен, есту қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Егер де ортанғы және ішкі құлақ зақымдалса, есту қабілетінің жоғалуы, бас айналулар, нистагм, бет бұлшық еттерінің салдануы байқалады.

Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Бадамша бездері
Жатыр жарақаты
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау
Омыртқа жарақаттары
Асқорытыу жүйесінің аурулары
ҚУЫҚ ЗАҚЫМДАНУЫ
Прегравидарлық дайындық
Емдік дене шынықтыру
Электр тоғының адам ағзасына әсері
Венерологиялық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz