Көйлек пішу бөліктері мен құрастыру сызықтары мен қималарының атаулары


Slide 1

30. 05. 2022 ж

Көйлек бөліктерін пішу

Slide 2

Пішу бөліктерінің атаулары. Пішу бөліктерінің комплектісіне көптеген бөліктер кіреді, олар тұрақты болмайды және моделіне байланысты өзгереді. Мысалы, көйлектің алды тұтас болады не екі не үш бөліктен тұруы мүмкін, жеңі -жалғыз тігісті және қос тігісті т. б. суретте кескінделген көйлекті дайындау үшін келесі бөліктерді пішеді: алды - екеу, артқы бойы - біреу, жең - екеу, белдешенің алдыңғы құрағы - біреу, белдешенің екі бөліктен тұратын артқы құрағы - екеу (тұтас болуы мүмкін), үстіңгі жаға -біреу, астыңғы жаға -біреу (екі бөліктен болуы мүмкін), өңірдің астары - екеу, манжета - екеу, жапсырма қалта - біреу, белдік - біреу.

Үлгісіне байланысты алдыңғы бойының орнына тұтас бір бөлік болуы - алдыңғы бойы артқы бойының орта тұсында тігіс болуы мүмкін; алдыңғы және бөліктен тұрады, ал жағасы тұтас (астыңғысы және үстіңгісі бірге) болуы мүмкін т. б

Slide 3 Slide 4

Пішу бөліктерінің сызықтары мен қималарының атаулары. Киім өндірісінің үлгісін жасауда, құрастыруда және технологиясында пішу бөліктерінің қималары мен сызықтарының бірегей атаулары қабылданған.

Алдыңғы бой 2 бөліктен, кейде моделіне байланысты бірнеше бөліктен тұрады, (суретте) құрастыру сызықтарының, қиықтарының және нүктелерінің келесі атаулары бар: 8 -өңір қиығы, 7 -өңір үсті қиығы, 6 -өңір шығыңқы нүктесі, 5 -мойын ойындысы, 4 -иық қиығы, 3 - қолтық ойындысы, 1 -бүйір қиығы, 2 -көкірек бүкпесі, 11 -етек қиығы немесе бел қиығы, 10 -бел қиығынан басталатын бүкпесі, 9 -алдыңғы өңір сызығы.

Артқы бой 1 немесе 2 бөліктен тұрады, (суретте) құрастыру сызықтарының, қиықтарының және нүктелерінің келесі атаулары бар: 1 -артқы бойының орта қиығы, 2 - артқы бойының мойын ойындысы, 3 -иық қиығы, 4 -иық бүкпесі, 5 -қолтық ойындысы, 6 - бүйір қиық, 7 -етек қиығы немесе бел қиығы, 8 -бел қиығынан басталатын бүкпесі.

Slide 5 Slide 6

Жең 2 бөліктен, кейде моделіне байланысты бірнеше бөліктен тұрады (в суретте) құрастыру сызықтарының келесі атаулары бар: 3 -алдыңғы иіліс қиығы, 2 -жең түбі қиығы, 1 -шынтақ қиық, 4 -жең аузы қиығы.

Slide 7

Белдемшенің алдыңғы құрағы (1 бөліктен, кейде моделіне байланысты бірнеше бөліктен (г сурете) құрастыру сызықтарының келесі атаулары бар: 1 - бүйір қиық, 2 - бел қиық, 3 -бел қиығынан басталатын бүкпелер, 4 -алдыңғы құрақтың орта қиығы, 5 -етек қиық.

Белдемшенің артқы құрағының 1 бөліктен, кейде моделіне байланысты бірнеше бөліктен(д суретте) құрастыру сызықтарының келесі атаулары бар: 5 -бүйір қиық, 4 -бел қиық, 3 - бел қиығынан басталатын бүкпелері, 1 -артқы құрақтың орта қиығы, 2 -артқы құрақтың бүкпемесі қиығы немесе бір жақты қатпарлардың ішкі бүктемесі, 6 -етек қиығы.

Slide 8 Slide 9

Өңір астары (е суретте) құрастыру сызықтарының келесі атаулары бар: 1 -сыртқы қиық, 3 -төбесі, 2 -мойын ойындысының қиығы, 4 -ішкі қиық, 5 - астыңғы қиық.

Астыңғы және үстіңгі жағаның (ж суретте) құрастыру сызықтары мен қиықтарының келесі атаулары бар: 1 -жағаның орта қиығы, 2 -жиек қиығы, 3 -жаға ұштары, 4 -тіктеме қиығы.

Жең аузы, манжетасы (з суретте 2 бөліктен, белдік 1 бөліктен(и-суретте)

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Белдікті киімдерді конструкциялау: шалбар мен белдемшенің пішу бөліктері және тігу технологиясы
Қарапайым электр тізбегі: құрамдас бөліктері, құрастыру әдістері және қауіпсіздік ережелері
Ұлпаларды ажырату әдістері, Лангер сызықтары, құралдар мен қан тоқтату тәсілдері
Ландшафттану: түсінігі, құрамдас бөліктері мен морфологиясы
Басқарушылық шешімдерді құрастыру технологиясы мен әдістері
Биогеоценоздың құрамдас бөліктері мен өзара байланыстары
Аминқышқылдар: жалпы сипат, атаулары мен изомерлері және адам организміндегі қызметі
Аминқышқылдардың жалпы сипаттамасы, табиғаттағы таралуы, атаулары мен изомерлері және қасиеттері
Еркек және ұрғашы жануарларды пішу: анатомиялық-топографиялық негіздер, әдістер және операциялық техника
Дербес компьютердің құрылысы мен негізгі құрамдас бөліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz