Шәкәрімнің әкесі
Презентация қосу
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(ҮШ АНЫҚ)
Орындаған; Орынбасар А
Жалғасқызы А
Жарылқасынұлы А
Нұрманбек Е
Мұхит Е
Курманкулиев М
Несипбеков Д
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858-2 қазан
1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор.
Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік
әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген
ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын
көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді
зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде
Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі
Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған,
яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл
молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактаты – отандық, гуманитарлық білім
жүйесінде ерекше орын алатын шығарма.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін
авторлардың еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау жасаған.
Ол сол замандағы сөздіктермен энциклопедиялық еңбектерді пайдаланған. Оның үстіне айтарым,
Шәкәрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығармалармен таныс болған.
Бұл тұста тағы бір ескертетін жайт, Шәкәрім үшін ғалымның атағы, оның кең танымалдығы басты
мәселе емес, оның шындыққа жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір автордың
ығына жығылып, оның насихатшысына айналмаған. Шәкәрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау Пифагор
дәуірінен адасқандарына еш күмән келтірмейді. Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені
адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі
адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар.
Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып,
адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар.
Шәкәрім осылардың бәрін білім, өзінің сау ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің кемел түйінін –
«Үш анықты» баян еткен.
Неге Шәкәрім еңбегін «Үш анық» деп атаған. Сонда «анық» дегеніміз не?
ХІХ жүз жылдықтың аяқ шенінде дүние өздігінен, жаратушы ие жоқ деген жол тұйыққа тірелді. Сол
кезде позитивизм деген ағым пайда болды.
Оның қалыптасуы негізінен француз Огюст Контқа қатысты айтылады, ол метафизиканы сынға алған.
Ол кезде метафизика деп философияны айтатын. Конт позитивистік түйіндерді алты ғылымнан:
математика, астрономия, физика, химия, биология және социологиядан тапты. Позитивизм кейінірек
тарам-тарам болып бүгінге дейін жеткен. Шәкәрім осы позитивизм ағымымен таныс.
Шәкәрім айтады: «Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген».
Шәкәрім позитивизмді қазақшаға «анық» деп аударған. Ұтымды аударма. Сонда не анық? Көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіген анық па, әлде анық сыры өзгерісте ме? Өзгеріс анық, бірақ көзбен көріп тұрғаның анық па? Шәкәрім Контты сынайды: «Адамда жаралыс жолынан жоғары
бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан
тоқтата алмайды».
Анық деген – жол таңдау. Адамзат адамдар жүретін жолда ма? Позитивистер адамзаттың адасуын айтуда. Өздерін анық жол көрсетушілер деп түсінген сыңайлы. Сондықтан олар «анықты» білушілерміз деген. Шәкәрім бұл оймен келіспейді. Ол «Қай жолдасың, айтшы сен?» деп басталатын
өлеңінде «Өмір деген – ұйқы ғой, түс көргізбей қоя ма?» деген.
Ұйықтап жүріп түс көргендер соны «анық» деуде. Бұл Шәкәрім сыны. Келіспесек, ояу жүргенімізді дәлелдеп көрейік. Ояу болсақ, неліктен ойсыздыққа жол береміз. Неліктен көпе-көрінеу теріс жолға түсеміз. Сонда ұйықтап өмір сүргеннен, ұйықтап жатып түс көргеніміз «анық» болғаны ма?
Шәкәрім «анық» мәселесін мүлдем күрделендіріп жіберген. Ойласақ солай, ойламасақ бәрі көрген түстей ап-анық.
Шәкәрім «анық» дегенді анықтай алмай қиналған, ол жоғарыда келтірген мәтінде «...ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей» – деген. Анықтың қолға ұстатпайтын шындық екеніне Шәкәрім грек ойшылы Платонның Үңгір философиясына сүйене айтқаны бар.
«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп былай мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып,
тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң,
аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Өйтіп сынап қараса, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз өмірімізде көргеніміз жоқ, ондайды білмейміз, біз білмеген соң ол
айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды.»
Шәкәрім заманында философ, ойшыл, данышпан дегендер дүние туралы айтқандары бұлдырлай
берді. Түсінікті-ау дегендерді терістеп түсініксіздікке айналдыра бастаған философтар қалыптасты.
Ақыл сенбейтін сөздер көбейді. Осы жағдайда позитивизм ағымы қоғамдық талқыға түсе бастады.
Оның объективтік негізі Батыс Еуропада нарық және нарықтық қатынастар нығая бастауында еді.
Нарыққа дерексіз философияның қажеті шамалы. Америка Құрама Штаттары өңірінде позитивизмнің
өзге түрі «прагматизм» өмірге келіп, күш алды.
Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ ғылымында мұндай
шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз
сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған
замандағы ғылымның, техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім,
теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол кезде жаңбырдан
кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қаптаған ақпараттарды талқыға салған. Осылардың анық-қанығына
толыққанды шолу жасаған.
Шәкәрім «Үш анықта» саясат жағына бармай-ақ анықтың ғылымдық, дүниетанымдық,
философиялық мәселелеріне талдау жасаған. Шәкәрім ғылымға арқа сүйеген. Ол заманда атом
бөлініп, ғылым, техника жаңалықтары қауырт шыға бастаған кез. Нарық және нарықтық қатынастар
өріс ала бастаған. Нарыққа ғылыми жаңалық, технология қажет. Яғни, ойлау жүйесі де нарыққа сай
болуы – табиғи үйлесімдік. Осы халге орай, Батыс Еуропада позитивистік идеялар өріс ала бастады.
Қазақшалап айтсақ, олар анық идеялар, бірақ дүниетанымдық, философиялық жағы қалай болмақ
дегенге Шәкәрім жауап іздеп, анық деген тек физикалық нәрселер емес, анық деген ой анығы деген.
Огюст Конттың позитивизмі (анығы) Шәкәрім, сау ақылына келмейтін, сыймайтын жай екен.
Бірінші анық
• Бірінші анық Жаратушы білімі. Шәкәрім мәселені мұнымен аяқтамайды. Ол Жаратылыстың мазмұны туралы
айтқан.
• Егер себепсіз бар болған Атом немесе Нұр десек, олар қозғалыста. Ал қозғалыстың өлшеулері бар. Осы ойды
ноқталап Шәкәрім: «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді. Ол қозғалыстың абсолюттігін айтып отыр.
Қозғалыстың себебі – себепсіз себепте, яғни түп Жаратушыда. Ал ол түп себеп өлшене ме? «Өлшеулі нәрсе өзі бар
болған емес», дейді Шәкәрім. Олай болса, өлшеусіз нәрсенің бар болғанын қалай білмекпіз. Өлшеусіз нәрсені
ғылымда абсолют дейді.
• Түп себептің өлшеуі жоқ. Ол Жаратушы білімі. Жаратушының өзі де абсолют, Жаратушының білімі де абсолют.
Хакім Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегеніндей.
• Жаратушы абсолют – онтология. Жаратушы білімі де абсолют (гносеология). Шартты түрде осылай бейнелеуге
болады. Негізінде Жаратушы да, оның білімі де – тұтас абсолют.
• Жаратушы білімнің себебі өзінде, ол еш нәрсемен өлшенбейді, құпия, сыр.
• Алла тағала – абсолют. Негізінде «тағала» деген абсолют деген мағына береді. Шәкәрім Абсолютті өлшенбейтін,
өлшеуі жоқ нәрсе деген.
• Шәкәрім бірінші анық Абсолют – Жаратушы дегенмен ойын аяқтамаған. Ол Абсолютті – субстанция десе, оның
акциденцияларын атап өткен, олар: өлшеусіз Құдірет оны ғылым тілінде – онтология деуге болар;
• Өлшеусіз білім (Алла тағала білімі бізге беймәлім), оны ғылым тілінде гносеология деңіз.
• Өлшеусіз шеберлік, оны ғылым тілінде гармония деңіз. Хакім Абайдың «Безендірген жер жүзін Тәңірім шебер»
дегені осы жағдайға саяды.
• Қорыта айтсақ, бірінші анық – Абсолют. Жаратушы (Алла тағала).
• Абсолютті – субстанция десек, оның акциденциялары:
• – өлшеусіз құдірет
– өлшеусіз білім
– өлшеусіз шеберлік
• Демек, бірінші анық Жаратушының білімі, құдіреті, шеберлігі. Бұл үшеуінің өлшеуі жоқ, олар Абсолюттің
акциденциялары.
Екінші анық
• Жан туралы. Адамзат тарихында жан мәселесімен айналыспаған, пікір айтпаған ғұлама жоқ. Жан туралы
айтылған, жазылғандарда есеп жоқ.
• Шәкәрім жанды былайша түсіндірген. Әуелі бар болған жан ешқайда жоғалып кетпек емес, ол барлықтың ішінде
жүре бермек. Жан әр түрге түсуі мүмкін, бірақ жоғалмайды. Мысалы, дейді ол: «Инстинкт – сезімді жан, сознание
– аңғарлық жан. Мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей әртүрлі қасиеттері болады».
• Ойланайық. Шәкәрім алдымен Жанды денеге қатысты айтты. Жарайды. Келістік. Бірақ бұл өте үлкен даулы
мәселе екенін ескерте кетелік.
Бұдан әрі Шәкәрім Жанды ақылмен қоса өрбіте баяндап, пікір айтуда. Ол кісі жанның нәпсіге қатысты жағын
айтпаған. Ол мәселені, әзірше қоя тұралық.Сезімтал жан – инстинкт. Бұған талас жоқ. Ол адамға дейінгі (тіптен,
кейде адам баласына да қатысты – Ғ.Е.) жандылар әлеміне тікелей қатысты жағдай. Шәкәрім «сознание» дейді,
оны біз «сана» дейміз, оның Жанға қатысы күрделі. Сана – жан туралы түсінік, сонымен бірге жанның құпиясын
жабушы. Мен солай ойлаймын. Саналы жан түсінеді, бірақ, шын мәнінде, бәрін санаға салса, айнала дүние –
тұйық түсініксіз, әншейін құмырсқа – тіршілік.
• Келесіні Шәкәрім «Мысль» дейді, ол ой, ойлау. Ойлаушы жан азап әлемінің есігін ашушы. Ой, ойлау әлем
құпиясына саяхат. Нағыз азапты жан. Себебі бәрі түсініксіз, бәрі құпия. Содан үміт, қиял, армандар өсіп-өніп
шыққан.Ойшылдық «ум» – ақылды жан дегені Жанның адамға қызметі. Шәкәрім: «толық, терең ақыл адамнан
шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес». Тамаша ой!
Шәкәрім жанның мәңгілігі деген мәселені өлімге қатысты түсіндіріп көрген. Тыңдайық, ол кісі не деген екен.
«Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен?
Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып
қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген
соң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген соң
біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі?
Әрине жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште
болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек».
• Жан мәңгілігін қабыл алмағандар дүниеден аса бір қиналыспен өтеді. Жанның мәңгілігі деген иман мәселесіне
тірелді. Осыдан әрі Шәкәрім үшінші аныққа ауысады.
Үшінші анық
• Шәкәрім пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-совесть. Күрделі мәселе. Шәкәрімді тыңдалық, ол
«Адамдығы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар». Ұждан
араб сөзі, ол мұсылмандық түсінік. Оның құрылымы ақын айтуынша нысап (қанағат деуге болады – Ғ.Е.), әділет,
мейірім. Негізінде бұл жердегі басты ұғым – әділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр.
• Абай да, Шәкәрімнің өздері де ар деген ұғым қолданады. Ар білімі дегенді Шәкәрім айтқан деп жүрміз. Ұждан
деген мұсылмандық түсінік. Ар білімі дегенде ұждан, нысап, әділет, мейірім дегендер Ар білімі құрылымдары.
Шәкәрім ілгеріде өзі айтып жүрген Ардың орнына неге Ұжданды айтты десек, сірә, ол араб тіліндегі оқыған көп
кітаптарының ықпалы болса керек. Сондықтан үшінші анықты жанның екі дүниеге азығы болатын Ар білімі
десек, артық емес. Мұқият оқыған адам «Үш анықта» ар білімі туралы айтылып отырғаны белгілі болмақ. Бірінші
анық Алла тағаланың алғашқы білімі (Алла тағала білімі – Ғ.Е.) болса, екінші анық жанның мәңгілігі туралы
пайым, үшінші анық – ар білімі.
• Шәкәрім «Мен сол ұждан, совесть (Ар деп түсіне беріңіз – Ғ.Е.) қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты»
дейді. Жауап бар. Жанды қиянатқа жұмсайтын нәпсі. Шәкәрімнің өзі айтқан нәпсі қиянатты жастанып жатыр деп.
Жан қиянатқа ұшыраса, оның арашасы – Ар. Бұл екі дүниеде қатысты сөз.
Нәпсі жанды қинағанда, күнәлі болғанда «ар соты» деген болады. Мұны жалғанның ісі десек, бақида қалай
болмақ, Шәкәрім пайымында ар соты о дүниеде болмақ. Пенде Жаратушысына жауап бермек, пенде қойылатын
сауалдарға даяр болмақ. Олай болса, бұл жалғанда пенденің жүретін бір ғана жолы бар, ол мұсылмандық жолы
дейді Шәкәрім. Данышпанның өзін тыңдалық: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен
өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты».
• Осы тезиске талас бар ма, әрине пікірлер болар, бірақ адам атаулы бір бауыр деп түсінуден биік ұғым бар ма?!
Шәкәрімнің үш анығы мұсылмандық жолға бастамақ. Ол адамзатты бауыр ететін ізгілік жолы. Осы жолды
қабылдағандар адаса ма, әлде адамзатты тура жолға сала ма?
• Ол үшін Алла тағала білімін анық деу, жан мәңгілігін мойындау және оның екі дүниедегі азығы Ар білімін үйрену
керек.
Бұл әр Зиялының көңіл қалауына ұсынылатын Шәкәрім пайымдауы.
түйін
Шәкәрім қажы қияда
тұрып, қыран көзімен алты
құрлықты түгелдей барлап,
атақты ғалымдардың
әркімге танымал
еңбектерін оқып, ой
елегінен өткізіп, сау
ақылмен сынатып,
соңында шығарған саналы
қорытындысы – «Ұждан»
қасиеті, ар ілімі және қазақ
ұлтының бағзыдан ұстанып
келе жатқан мұсылмандық
жолы. Міне, осы жолдан
айнымаған адам екі
дүниеде де бақытты
болатынын аманат етеді.
Назарларынызга рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz