Жұқпалы аурулардың клиникалық сипаты


Slide 1

Инфекция туралы ілім. Инфекцияның түрлері. Микроорганизмдердің патогенділігі.

Slide 2

Инфекция немесе инфекциондық процесс деп микро- және макроорганизмнің сыртқы орта жағдайында өзара қатынасын айтады.

Микроорганизммен кездесудің барлығы бірдей инфекциондық аурудың туындауымен аяқталмайды.

Егер осындай, өзара әсерлесу нәтижесінде аурудың морфологиялық субстраты қалыптасатын микроорганизм функциясының бұзылуы болып, клиникалық симптомдары көрінетін болса ғана жұқпалы ауру туралы айтуға болады.

Slide 3

Ал инфекциялық процесс патологиялық субстрат қалыптасуына, аурудың клиникалық симптомдар көрінісіне әкелмесе, және қанда арнайы антиденелер титрінің өсуі байқалмаса, бұл жағдайларда сау тасымалдаушылық туралы айту керек.

Инфекциялық процесстің өзіндік формасы инаппарантты инфекция болып табылады.

Осындай форма кезінде микро жєне макроорганизмнің өзара әсерлесуінің клиникалық симптомдары болмайды, бірақ тропты мүшеде (немесе мүшелерде) тән морфологиялық өзгерістер байқалады, ал қанда арнайы антиденелер жиналады.

Slide 4

Микро және макроорганизмнің өзара әсерлесуінің принципиалді өзгеше түрі баяу инфекция болып табылады, оған мүшелердің ауыр зақымдалуымен жүретін аурудың біртіндеп (көптеген жылдар бойында) үдеуі және жиі қолайсыз аяқталу тән.

Инфекциялық процесс сапрофиттеуші симбиотты флораның белсенуі нәтижесінде (эндогенді инфекция, немесе аутоинфекция) болу мүмкін, бұл әдетте, антибактериальді және цитостатикалық дәрілермен ұзақ емделген, алдыңғы аурумен әлсізденген балаларда байқалады. Ерте жастағы балаларда аутоинфекция ретінде кандидоздар, стафилококкты, протейлі, көкіріңді, клебсиелезді инфекциялар өтеді.

Slide 5 Slide 6

Микроорганизмдер патогенділік, вируленттілік, инвазивтілік және токсигенділік сияқты қасиеттерге ие.

Патогенділік- микроорганизмнің ауру шақыруының патенциалды қасиеті. Ол айқын спецификалығымен сипатталады, яғни бір түрлі микроб және вирустың белгілі бір клиникалық және морфологиялық өзгерістер шақыру қасиеті.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Вируленттілік- патогенділіктің дәрежесі.

Клиникалық жағдайда микробтың вируленттілігі туралы, олармен шақырылған аурудың ауырлығымен аяқталуы бойынша, ал лабораторлықта - 50% жұқтарылған экспериментальді жануарларды инфекциялық процесс немесе олардың өлімін шақыратын мөлшер көлемі бойынша бағаланады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Инфекциондық аурудың ағымында кезеңдері

Инкубациондық кезең - қоздырғыштың енуiнен бастап аурудың бiрiншi клиникалық симптомдары байқалғанға дейiн есептелiнедi. Оның ұзақтығы әр түрлi жұқпалы ауруларда әр қилы болады - бiрнеше сағаттан бiрнеше айларға дейiн.

Продромалдық кезең, немесе алдын-ала бiлдiрушi кезеңi көбiне анықталмаған аурудың алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiмен сипатталады (қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, жалпы селқостық, бас ауру жєне т. б. )

Slide 16

Өршу кезеңі, немесе аурудың даму кезеңi, аурудың жалпы симптомдарының максимальдi айқындылығымен және сол жұқпалы ауруға типті белгiлердiң пайда болуымен байқалады.

Реконфалесценция кезеңiнде барлық клиникалық симптомдар бiртiндеп жоғалып, зақымдалған мүшелердiң функциясы мен құрылымы қалыптасады.

Slide 17 Slide 18

Микро және макроорганизмніңµзара әсерлесуінің нәтижесі персистентті инфекция бола алады. Бұл өз мағынасы бойынша қатерсіз ағымдағы созылмалы жұқпалы ауру. Инфекцияның бұндай формасы жиі вирусты гепатит В, ұшықтық инфекция, цитомегалия, іш сүзегі және т. б. кезінде кездеседі. Қызылша вирусының персистенуін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

Персистентті инфекция, әдетте, клеткалық және гуморальдық иммунитеті депрессиялық жағдайдағы балаларда қалыптасады жєне вирус пен бактериялардың L-формасы типі бойынша микроорганизмдердің ақаулы бөлшектерінің репродукциясымен байланысты болу мүмкін.

Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25

Инвазивтілік немесе агрессивтілік - қоздырғыштың тері, шырышты қабаттары арқылы мүшелер мен клеткалар ішіне ену қабілеті. Микробтардың осындай қасиеттерін әр түрлі фермент құру қабілеті қамтамасыз етеді (гиалуронидаза, фибринолизин, коллогеназа, нейроминидаза, дезоксирибонуклеаза және т. б. ), оның көмегімен қоздырғыш табиғи тосқауылдан оңай өтіп, макроорганизмнің иммунокомпетентті жүйесінің үздіксіз әсері жағдайында өзінің тіршілік қабілетін сақтауды қамтамасыз етеді.

Slide 26

Токсигенділік - микроорганизмдер токсикалық заттар бөлу қабілеті. Олардың арасынан экзо- және эндотоксиндерді ажыратады.

Экзотоксиндер - сыртқы ортаға шығарылатын микробтың метоболизм өнімдері. Экзотоксиндер белоктық заттар болып табылады. Негізінен Гр+ микробтармен өндіріледі. Экзотоксин әсері жоғары спецификалық, ол белгілі бір мүшеге немесе тіндерге тропты болады, нәтижесінде бұл ауруға тән клиникалық көріністі негіздейді. Экзотоксиндер - клеткадағы қышқылдану процесiн бұзады, олар некротикалық, гемолитикалық және т. б. әсерге ие. Олар жоғары температура әсерiне өте сезiмтал. Белгiлi бiр жағдайларда (мысалы формалинмен өңдегенде) экзотоксиндер токсикалық қасиетiн жоғалтуы мүмкiн, бiрақ организмге антидене өңдiруде антигендiк қасиетiн сақтайды. Бұндай залалсызданған токсиндер препараты анатоксиндер деп аталады. Олар иммунизация кезiнде кең қолданылады.

Slide 27

Эндотоксиндер микроб клеткасымен тығыз байланысқан жєне ол бұзылған кезде ғана шығады. Химиялық құрылысы бойынша ол күрделi көмiрсу-липидтi-полипептид кешенi болып табылады. Эндотоксиндер термостабильдi. Негiзiнен Гр- бактериялармен түзіледі. Экзотоксиндермен салыстырғанда, улылығы аз. Олардың организмге әсерi қатаң спецификалығымен ерекшеленбейдi және көбіне дене қызуының жоғарлауымен, әлсiздiкпен, ентiгуiмен және диареямен көрiнедi.

Slide 28

Патогенез

Жұқпалы ауру пайда болу үшiн қоздырғыш патогендiлiкке, вируленттiлiкке, инвазивтiлiкке жєне т. б. ие болу қажет, организмге инфекцияның кiру қақпасы арқылы ену қасиетi болу керек. Әр қоздырғышқа кiру қақпа орны қатаң тұрақты. Кейбiр микроорганизмдер үшiн жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары (ЖРВИ, қызылша, скарлатина, кезiнде), басқаларына - АIЖ (шигеллёз, iш сүзегi, тырсқақ кезiнде), үшiншiсiне - терi жамылғысы (безгек, бµртпе сүзегi кезiнде) кiру қақпасы болып табылады.

Slide 29

Кейбiр микроорганизмдер организмге терi арқылы, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары немесе асқазан-iшек жолы арқылы да ене алады (стрептококк, стафилакокк, дифтерия таяқшасы) .

Қоздырғыштың ену орнында қабыну ошағы қалыптасады.

Ал қан жұқпалы ауруы деп аталатындарда, кiру қақпасында қоздырғышы кµбеймейдi, ол тiкелей қанға түсiп, гемотогендi жолмен орналасуы сүйiктi мүшелеріне жетедi.

Slide 30

Жұқпалы аурулардың клиникалық сипаты.

Жедел жұқпалы аурулардың ажырату белгiсi: инкубациялық, продром (алдын-ала бiлдiрушi), қызу, басылу және реконвалесценция кезеңдерiнiң циклды ағымдарының алмасуы болып табылады.

Slide 31

Патологиялық процестің басылу кезеңінде осы ауруға тән клиникалық симптомдардың күшеюін аурудың өршуі деп түсіну керек.

Рецидив - аурудың клиникалық көріністері толық жойылғаннан кейін негізгі симптом кешенінің қайталануы.

Slide 32

Аурудың өршуі және рецидиві инфекциялық процесс кезінде тұрақты иммунитет қалыптаспағанда болады, ал бұл туа болған немесе жүре пайда болған иммунологиялық жеткіліксіздік пен организмнің жалпы резистенттілігінің төмендеу нәтижесінде туындайды.

Slide 33

Аурудың асқынуы деп инфекциялық процесс кезінде туатын, этиологиялық жєне патогенетикалық онымен байланысқан патологиялық жағдайды атайды (спецификалық асқыну) . Мысалға дифтерия кезіндегі асқыну миокардит, полиневрит, токсикалық нефроз; скарлатинада - гломерулонефрит, лимфаденит жєне т. б. ; іш сүзегінде - ішектен қан кету, тесілу перитонит жне т. б.

Асқыну, рецидив және қайта өршу дамыған кезде жұқпалы аурудың ағымы айқын баяулайды, бұл кезде аурудың созылыңқы және созылмалы ағымы болу мүмкін.

Slide 34

Эпидемиология

Эпидемиялық процестің пайда болуына және үздіксіз ағымының болуына үш фактордың әсері қажет:

Инфекция қоздырғыш көзі

инфекцияның берілу механизмі

организмнің сезімталдығы

Инфекция көзінің сипаты бойынша барлық жұқпалы аурулар :

Антропоноздар,

Зооноздар және

Протозооздар деп бөлінеді

Slide 35

4 типі бар:

Ауа-тамшылы және шаңтозаңмен (аэрозольдік жолы) . (вирустар да, бактериялар да) .

Фекальді-оральді, немесе алиментарлық жол

Тұрмыстық-қатынас жолы

Трансмиссивті

Тағы да трансплацентарлы жұғу жолы бар (вертикальді)

Slide 36

Жұқпалы аурулардың диагнозы клиникалық, эпидемиологиялық жєне лабораторлық зерттеу әдістерінің жиынтығы негізінде қойылады.


Ұқсас жұмыстар
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Жұқпалы емес аурулар
Жұқпалы аурулардың кезеңдері
Инфекциялық аурулардың классификациясы
Іріңді паротит
Клиникалық бағыттар
ІШЕК ПЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Инфекциялық ауру
Індеттанулық балау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz