Лимфаның химиялық құрамы


Slide 1

Лимфа (лат lympha) - жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады.

Slide 2

Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.

Slide 3

Лимфа - кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналымына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.

Slide 4

Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз, 0, 1% глюкоза, 0, 9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2- 4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3- 4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар.

Slide 5

Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм.

Slide 6

Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

Slide 7

Лимфа организмнің ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі- белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады.

Slide 8

Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағұлматтар тек XVI ғ. пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Италия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі - Азелий шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды.

Slide 9

Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын қаналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасқан. Лимфа тамырларының өте қабырғасы дәнекер ұлпалар мен біріңғай салалы ет талшықтарынан құралған.

Slide 10

Олардың ішкі қабығы бір қабат энтотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш жүйке талшыктамен жүйкеленген. Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады.

Slide 11

Лимфа тамырлары денеге кәріздік (дренаждық) жүйе құрып, органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан, лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтік кетеді. Олар биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфациттер де түзіледі. Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарайды.

Slide 12

Адам денесінің клеткаларының арасында сұйықтықпен толып тұратын өте кішкене кеңістіктер болады. Осы клетка аралық жолдардан тұйық капиллярлар тобы түрінде лимфа тамырларының жүйесі басталады. Бұл лимфа капиллярлары олардан ірірек лимфа сосудтарына жалғасады, кейінгілер дененің әр түрлі бөліктеріде қолтықта, мойында, шапта лимфа түйіндеріне келеді де, онда өте майда тамырларға тарамдалады.

Slide 13

Қан ешуақытта денедегі клеткаларымен тікелей жанаспайды. Қанмен келетін қоректік заттар, оттегі және тағы басқалар, клеткалар араларын толтырып жатқан мөлдір я сарғыштау сұйық зат- ткань сұйықтығы арқылы беріледі. Әртүрлі органдардан ағатын лимфаның өзіндік ерекшіліктері болады, себебі, әрбір органда жүретін алмасу процесінің өзіндік өзгешіліктері бар. Мысалы, ішектен ағатын лимфаны сүт сөлі деп атайды. Оның себебі, ішектен лимфаға ас қорыту кезінде өте майда май түйіршіктері өтедіде, ол лимфаның түрін ағартады.

Slide 14

Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Slide 15 Slide 16

Лимфа түйіндері


Ұқсас жұмыстар
Ағзаның қорғану жолдары
Лимфа құрамы және физиологиялық қасиеттері
Лимфа айналымының бұзулуы
Организмнің ішкі ортасы. Қан. Лимфа
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ
Лимфа жүйесінің құрылысы
Мүшелер және ұлпалар биохимиясы
Жасуша құрамы
Құс лейкозы
Қан айналым шеңбері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz