Сипап сезу Иіс сезу




Презентация қосу
«Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу,
дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі

ТОБЫ: ЖМҚА-07-21
ОРЫНДАҒАН:
МАХАМЕТҚЫЗЫ М.,
ҚАЛЫБЕК Ұ., ТАҒАЕВА А.
ҚАБЫЛДАҒАН: САБИТ А.Е.

Шымкент 2022
ЖОСПАР

1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2,1ТАЛДАҒЫШ ТҮРЛЕРІ
2,2 ДӘМ СЕЗУ ТАЛДАҒЫШЫ
2,3 ИІС СЕЗУ, ДӘМ СЕЗУ, КӨРУ
ТАЛДАҒЫШТАРЫНЫҢ ӨЗАРА
ӘРЕКЕТТЕСУІ
2,4 ДӘМ СЕЗУДІҢ БҰЗЫЛУЫ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе

Сезімдік жүйелер организмнің өзін қоршаған ортамен
өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын
алады.Сезімдік жүйелер немесе
талдағыштар(анализаторлар) белгілі райлы ақпаратты
қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан
тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.
Көру талдағышы Есту талдағышы

1.ТАЛДАҒЫШ
ТҮРЛЕРІ

Дәм сезу
Сипап сезу Иіс сезу
ДӘМ СЕЗУ ТАЛДАҒЫШЫ
Дәм қабылдағыштары - дәм
сезу баданасы тілдің түпкі
жағына , жұмсақ таңдайда ,
тілше мен жұтқыншақтың
шырышты қабықшасында
орналасқан . Әсіресе тілдің
ұшында , екі бүйірінде
және түпкі жағында көп
кездеседі. Глутамин
қышқылының арнайы
рецепторлары әсер еткенде
пайда болатын бесінші
дәмді – умамиді (натрий
глутаматының дәмі)
оқшаулау ұсынылады.
ДӘМ СЕЗУ ТАЛДАҒЫШЫ
Алайда кейінгі кездегі
зерттеулер бойынша , тілдің
түбінде орналасқан
қабылдағыштардың ащы
тітіркендіргішке сезімталдығы ,
оның ұшындағыларға
қарағанда , тек 6 есе , ал
бүйіріндегілермен
салыстырғанда 4 есе жоғары
екендігі көрсетіледі
Қабылдағыштардың ұқсас
тітіркендіргіштерді жіктеп
айыра білу қабілетін " ажырату
сезімталдығы " деп аталады
Адамда дәм сезудің әркелкі
абсолют табалдырығы болады
Ол организмнің әртүрлі
( аштық , тоқтық т.б )
жағдайларына байланысты Дәм
сезу талдағышы ми қыртысының
артқы орталық қатпарының
ДӘМ БАДАНАЛАРЫ ТІЛДІҢ ЕМІЗІКШЕЛЕРІНДЕ
ОРНАЛАСҚАН . БҰЛАРДЫ ЕМІЗІКШЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ
БЕЗДЕРДІҢ СӨЛІ ШАЙЫП ОТЫРАДЫ
ҚАБЫЛДАҒЫШТАРДЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ = 10-20 МКМ, ЕНІ =
3-4 МКМ ҰШҚАРЫ ЖЕРІНДЕГІ ӨТЕ СЕЗІМТАЛ ШАҒЫН
ТҮКТЕРДІҢ САНЫ = 30-40 ДЕМЕУШІ ЗАТТАР ДӘМ
СЕЗУШІ ЖАСУШАЛАРҒА БАДАНАНЫҢ ТЕСІКТЕРІ
АРҚЫЛЫ ӨТЕДІ
Қабылдағыштың әртүрлі заттарды іріктеп сiңiретiн
стереоарнамалы шектері болады деп жорамалдайды
Әрбір қабылдағыштардан сезгіштік жүйке талшықтары
басталады Қабылдағыштар организмнің ең аз өмір
сүретін жасушаларына жатады Олар әрбір 250 сағаттан
кейін дәм сезу баданасының шетінен ортасына
жылжып келетін жаңа жасушамен алмасады Көшкен
кезде суйке ұштары қабылдағышқа айналады Дәм
баданасынан 2-4 сезгiштiк жүйке талшықтары шығып,
тіл , жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында
сопақша мидың жалпы будасына келеді Бұлардан
шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында
таламуска жетеді Одан ми қыртысының дәм сезетін
аймағына келетiн , үшiншi нейрон басталады Дәм
қабылдағыштарында дәмді түйсіну үшін жеке
хеморецепторлар болады.
Иіс сезу, дәм сезу, көру
Талдағыштарының өзара әрекеттесуі

Дәм сезу жүйесі ауыз қуысына түскен тағамның
сипатын, мөлшерін және түрін анықтап,
организмнің тіршілігін,зат алмасуын, сыртқы
ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді.
Дәм және иіс талдағыштары бұл екі сезім бір-
бірімен тығыз байланысты.Олар асқорыту
процесінде үлкен рөл атқарады,сондай-ақ
иісті,дәмді сілекей бездері мен асқазан бездері
көмегімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ағзадағы
өткір заттар,жағымсыз иістер осы ақпараттар
адамның иіс сезу қабілетін төмендетеді.
Дәм сезудің бұзылуы

Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде ауыз кілегей қабығының дәм
сезу қызметінің бұзылуы да орын алады. Дәм сезу
рецепторларының көбі тіл кілегей қабығында орналасқандықтан
дәм сезу қызметін анықтау үшін тіл рецепторларының
функциональдық белсенділігін (функциональная мобильность)
анықтау әдісі кең қолданылады. Тілдің рецепторлары қабылдаушы
қызмет атқарады және асқазан-тіл рефлексінің эффектрлі немесе
аяқтық тізбегі болып саналады. Қабылдағыш рецепторлардың саны
ас қорыту жолының функциональдық жағдайына байланысты және
олардың жоғары белсенділігі ашқарын кезінде байқалады. Ас
қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторларының функциональдық
қабылдағыштығы төмендейді. Сондықтан аш кезде барлық тағам
дәмді көрініп, адамның араны (апетит) ашылады. Дәм сезу
рецепторларынан орталыққа басталатын (центробежный) жолы
арқылы келетін импульстерге жауап ретінде дамиды. Асқазан-ішек
жолы аурулары кезінде дәм сезудің бұзылуы өте жиі кездеседі
және ол рецепторлардың функциональдық белсенділігінің
өзгеруімен (жоғарылауы, төмендеуі немесе бір белсенділік дегейде
болуы) сипатталады. Дәм сезудің бұзылуы тіл бүртіктеріндегі
Асқазан жарасы ауруы кезінде рецепторлардың
функциональдық белсенділігінің бұзылуының бірнеше түрі

: Асқазан жарасы ауруы кезінде рецепторлардың
функциональдық белсенділігінің бұзылуының бірнеше түрі
анықталған: ас қабылдағаннан кейін дәм сезу
рецепторлары белсендігігі төмендейді; бұрмаланған
реакция – ас қабылдағаннан кейін рецепторлардың
белсенділік деңгейіннің жоғарылауы; реакциясы қалыпты
жағдайдағыдай. Асқазан обыры кезінде ащының және
тәттінің дәмін сезу қызметі төмендейді. Аш ішек пен тоқ
ішектер қабынуы кезінде ас қабылдағаннан кейін дәм сезу
рецепторларының елгезектігі төмендемейді. Асқазан-ішек
жолы аурулары кезіндегі гистологиялық зерттеулер
кезінде тілдің нерв талшықтарында дистрофиялық
өзгерістерді анықтаған және олардың аурудың
ұзақтығына байланысты күрделенуі байқалған. Жабынды
эпителийде гиперкератоздану, жоғарғы қабатының түлеуі,
астыңғы қабатының домбығуы, кейде жаралардың пайда
болуы сияқты үрдістер орын алған және бұл өзгерістер
Тілдің кілегей қабығының атрофиялануы немесе тілдің атрофиялы қабынуы
(атрофический глоссит) көбінесе жіпке ұқсас бүртіктерінің семуімен
сипатталады және көптеген ауыр сырқаттар кезінде (бауырдың қабынуы және
циррозы, пернициозды анемия, темір жетіспеушілік анемиясы, асқазан
ахилиясы, В тобындағы витаминдер тапшылығы) орын алады. Тілдің
атрофиялы қабынуы кезінде тілдің үсті тегіс және жылтыр, түсі ашық-қызыл
түсті, тітіркендіргіш тағамдарға аса сезімтал болады. В12 витаминінің
тапшылығы немесе пернициозды анемия кезінде тілдің түсі таңқұрай (малина)
түстес болады (Гентер-Меллер глосситі). Тілдің атрофиялы қабынуы байқалған
кезде негізгі ауруын анықтау үшін науқасты толық зерттеу (қанын зерттеу,
гастроэнтерологтың кеңесін алу) қажет. Бауыр аурулары да ауыз кілегей
қабығында әртүрлі белгілермен сипатталады. Эпидемиялы гепатит немесе
Боткин ауруы кезінде таңдайдың, тіл үзбесінің (уздечка), үлкен сілекей
бездерінің шығарушы түтектерінің, кілегей қабығының түсі сарылау болып
келеді (Банченко Г.Н. және б., 2000). Таңдай кілегей қабығының, көздің мүйіз
қабығының сары түстенуі бауырдың, өт қабының созылмалы қабынуы, өт тасы
ауруы, бауыр циррозы бар адамдарда кездеседі және науқас адамдар
ауыздарында ащы және қышқыл дәм (кейде металл дәмі) сезілітініне
шағымданады.
Қорытынды

Қорытып айтқанда, дәм сезу жүйесі ауыз қуысынатүскен
тағамның алмасуын,сыртқы ортағабейімделісін
қамтамасыз есипатын мөлшерінжәне түрін
анықтап,организмнің тіршілігін,заттеді.
Ауа неғұрлым таза болса,иіс
талдағышыныңсезімталдығы соғұрлым жоғары
болады.Иіс сезумүшелерінде қозу тудыратын заттың ең
аз мөлшеріноның “табалдырығы” деп санайды.Иісті
заттардыңмұрынның кілегей қабығындағы иіс аймағына
өтуіқиындаған жағдайда,мысалы тұмау
кезінде,сезутабалдырығы көтеріліп,иіс сезімталдығының
күрттөмендейтіндігі және тіпті толық жойылып
кететіндігібайқалады

Ұқсас жұмыстар
Иіс сезу мүшесі
Түйсік психологиясы
ТАЛДАҒЫШТАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Көру анализаторы
Дәм сезу мүшесі
Көру сезу
Анализаторлардың ортақ қасиеттері
Сезім мүшелері
Дәм сезу анализаторы
Көз жас мүшелері
Пәндер