Психолингвистиканың тарихы мен қазіргі зерттеу бағыттары


Slide 1

Психолингвистика тарихы

Орындаған: м1901-12 тобының студенті: Халикова М

Slide 2

Жоспар:

1. Тілде психикалық кешеннің болуы.

2. Тіл - ойлау шарты.

3. Тіл әлімді тануды шектейді

Slide 3

Психолингвистика

Психолингвистика - психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді.

Slide 4

Психолингвистика

Психолингвистика - адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.

Slide 5

Зерттелу тарихы

Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты.

Slide 6

Зерттелу тарихы

Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (адамның ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек.

Slide 7

Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.

Slide 8

Психолингвистика

Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда

Slide 9

Қазақстан психолингвистері

Қазақстан психолингвистері (М. М. Мұқанов, Н. М. Құрманбаев, М. К. Қайырбаева, Ш. С. Баймешева т. б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т. б. ) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келеді

Slide 10

Зерттелу тарихы

Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А. Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж. Пиаже) елеулі үлес қосты.

Slide 11

Зерттелу тарихы

1960-70 жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы.

Slide 12

Психолингвстика ғылымының зерттеу нысаны

Сөйлеу әрекетінің субьектісі танылытын адамзат баласының тілдік санасы, ұжымдық сана:

Сөйлеу комуникациясы, сөйлеудің туындауы және оны жүзеге асыру процесі:

Шет тілін оқыту және оны меңгеру процесі:

Slide 13

Қорытынды:

Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді.

Slide 14

Әдебиеттер:

1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. - 255 б.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Психолингвистиканың тарихы, теориялық бағыттары және Қазақстандағы дамуы
Нейропсихология: қалыптасу тарихы, зерттеу пәні мен объектісі және қазіргі даму бағыттары
Психолингвистиканың қысқаша тарихы және Қазақстандағы дамуы
Психология ғылымының қазіргі зерттеу бағыттары мен негізгі салалары
Халықаралық қатынастар әлеуметтануы: тарихы мен зерттеу бағыттары
Адам анатомиясы: тарихы, зерттеу әдістері және ғылыми бағыттары
Нейропсихология: тарихы, зерттеу пәні мен бағыттары және А.Р. Лурияның рөлі
Психолингвистиканың тарихы мен лексика-семантикалық өріс теориясының дамуы
Медициналық әлеуметтану: тарихы, ұғымы және негізгі зерттеу бағыттары
Жасанды интеллект: негізгі ұғымдар, даму тарихы және зерттеу бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz