Майда еритін



Витаминдер. Витаминдердің классификациясы.
Дайындаған:Сабиров А
Тобы:СТК-101
Қабылдаған:Еримова А

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Майда еритін витаминдер.
Суда еритін витаминдер
III. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.

Әріп белгісі
Химиялық аты
Физиологиялық аты
1 күнге қажет мөлшері
Майда еритін витаминдер
А
D
Е
К
Q
Ретинол
кальциферол
токоферол
филохинон
убихинон
Антисиростоминалық
антирахитическ
антистрилдік
антигеморагикаралық
антигемфагиналық
2, 5 мг
0, 025 мг
5 мг
0, 015 мг
1 гр
Суда еритін витаминдер
В1
В3
В5 (РР)
В6
В12
Вт
С
Н
Р
Тиамин
пантотен қышлы.
никотин қышқылы.
перидоксин
сеанокобаламин
корнитин
аскорбин қышқылы
биотин
рутин
Антиневрин
антидермотид
актипеллагра
антидерамтин
антиамилия
антискорбут
капилярды бекітуші
антидерматид
антистирилдік
3 гр
1, 2 мг
25 мг
2 мг
0, 001 мг
100 мг
0, 01 мг
50 мг
3, 2 мг

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Дәрумендердің топтары мен түрлері
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.
Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады. Соңғы кезде дәрумендерді классификациялап, үлкен 4 топқа бөледі: алифатты, алициклды, ароматикалық, гетероциклды,

Майда еритін дәрумендер
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5 мг.

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2, 5 мг.

Е витамині токоферол
Е витаминінің биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейнгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды. Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл зат Е витамині, немесе токоферол /грек, «тұқым қуалағыш»/ деп аталды.
Химиялық тұрғыдан барлық токоферолдар екі циклды, бір атомдық фенолдарға жатады. Қазіргі кезде токоферолдардың 7 түрі белгілі. Оптикалық активтігі жағынан α - токоферол ерекше орын алады.
Е витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Токоферолдар бензолда, бензинде, хлороформада, ацетонда және басқа органикалық заттарда да ериді, қыздыруға айталықтай тұрақты.

К витамині филлохинон
Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтын 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. 1942 ж А. В. Палладин және М. М. Шемякин К витаминінің суда еритін викасол атты жасанды түрін бөліп шығарды. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де керек екені анықталды. Олар К витаминге деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арқылы қамтамасыз етеді.
К витамині өсімдіктер пигменті хинондар тобына жатады. Оның табиғи және жасанды бірнеше түрлері /К1, К2, К3/ белгілі.
Химиялық құрамы жағынан бүйірлік тізбегі изопреннен тұратын нафтахинонның туындысы болып келеді.
К авитаминозының белгілері:
К витамині жетіспегенде қан тамырының қабрығасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Себебі, К витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті протромбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К авитаминозы кезінде протромбиннің ұюы баяулайды.
Қан ұюына керекті негізгі компоненттер пайда болуы үшін К витамині бауыр клеткаларында жағдай жасайды.

К витамині жетіспегенде, протромбиннің және басқа заттардың мөлшері азаяды да бұлшық еттерге қан құйылады. Балапандардың кеуде бұлшық еттеріне және аяқтарына қан құйылып, барлық денесі бозарып, еттің қабыршақ қабаты сыпырылады.
Сүтқоректілерде К авитаминозы байқалмайды. Оның себебі бұл витамин организмде ұлтабар мен ішектегі микроорганизмдер арқылы түзіледі.
К витамині жетіспегенде организмдегі тыныс алу және фосфорлану процестері тежеледі.
АТФ - бұлшық еттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині жетіспесе, бұлшық еттерде АТФ-ның мөлшері азайып қана қоймай тегіс бұлшық еттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің активтігі төмендейді.
К витамині организмге азықтар мен бірге еніп, ішек бактериялары әрекетінің арқасында түзіледі. Оның сорылуы үшін ішектерге ет тұздары бөлінуі керек, ал азықтарда май болуы қажет. Ішектің қалыпты қызметі бұзылғанда К витаминінің сорылуы нашарлайды.
К витаминінің антигеморрагиялық /грек. holmorr hogra - қан, rhegnymi - жарамын/ активтігі жоғары.
К витамині көк шөпте, пішенде және сүрлемде болады. Әсіресе көк беде, шақпа шөп, жақсы пішен, сүрлем, капуста жапырағы және азықтық капустада мөлшері көп. Жануар тектес азықтарда К витамині аз кездеседі.

Суда еритін дәрумендер
С дәрумені (аскорбин қышқылы) . Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.
В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. дәрумен ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz