Нағыз тері қабаты


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:Терінің қызметі мен құрылысы

Slide 2

Тері:

Көп қызмет атқаратын күрделі мүше.

Адам денесінің сыртқы жабыны.

Ол микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбейді.

Ауру мен денсаулықтың айнасы.

Сипап сезу мүшесі болып табылады.

Жүйке жүйесімен байланысты.

Slide 3

Терінің атқаратын қызметі

Қорғаныш

қызметі

Сезімталдық

қызметі

Ыдырау өнімдерін шығару

Жылу реттеуші

қызметі

Тыныс алу

Механи

калық зақымда

нудан қорғайды

Температура,

ауырғанда,

сипап сезу

қызметін атқарады.

Су, тұз, май,

көмірсу,

дәрумен алмасуды реттейді.

Денені салқындаудан,

қызып кетуден сақтайды.

Адамда

1% газ алмасуды тері жүзеге асырады.

Slide 4

Сыртқы қабат -

эпидермис

Нағыз тері -

дерма қабаты

Шел қабаты

Slide 5

Терінің құрылысы

Сыртқы қабат

(эпидермис)

Ортаңғы қабат

(нағыз тері)

Ішкі қабат

(тері асты шел қабаты)

Мүйізді қабат

Өсуші қабат

Емізікшелі

қабат

Торлы

қабат

Май ұлпасы

Тірі

жасушалар

Қантамырлар, жүйке, лимфа

Тер, май,

сүт бездері

Энергия қоры

Түктер:

шаш,

сақал,

мұрт

Slide 6

Дәнекер ұлпадан тұрады. Терінің бұл қабаты қан тамырлар мен жүйке талшықтардың таралған ұштарымен торланған.

Эпителий ұлпасынан тұрады. Үстінгі қабат өлі жасушалардан тұрады. Ол теріні қатты бөлшектердің газдардың, сұйықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген өлі жасушалар орнына жаңасы келіп отырады

Май ұлпасынан түзіледі, ол ағза мүшелері үшін оқшаулағыш қабат, “төсеніш” қызметін атқарып, қоректік заттар мен энергияға қойма болып есептеледі.

Сыртқы қабаТ

Ортаңғы қабат

Ішкі қабат

Slide 7

Май бездері - нағыз теріде түк түбірлерінің

маңында орналасады. Алақан мен табанда

мүлдем болмайды. Адам тәулігіне 20 гр

дейін май бөледі. Ол теріні құрғап кетуден,

жарылудан сақтандырып, шаш-түкті жұмсар-

тып оған жылтыр рең береді.

Тері бездері - нағыз терінің терең қабатын-

да және шел қабатында болады. Олар

шумаққа оралған түтікшелер болып табы-

лады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп

шығатын тер түзіледі. Олар табанда, ала-

қанда көп болады. Әдетте тер аздаған

мөлшерде бөлініп отырады да, сол сәтте

терінің бетінен буланып отырады. Қоршаған

ортаның температурасы жоғарылағанда

немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну

күшейеді.

Slide 8

Шаш-түктер - бұл тері түзінділері. Олар

алақанда табанда және кілегейлі қабықша-

дан басқа адамның бүкіл терісін жауып

жатады. Олар терінің бетінде көлбеу орна-

ласқан. Әрбір шаш-түктің түбірі мен өзегі

болады. Түбір түк қалтасында орналасқан.

Кез-келген шаш-түкте бірыңғай салалы

бұлшықет талшығы, эфференттік жүйке

ұштары және қан тамырлары болады.

Тырнақ тері түзінділері. Ол жұқа мүйізденген

пластинка болып табылады. Ол тырнақ

ернеуінде орналасқан және дәнекер ұлпаны

талшықтар арқылы саусақтың тырнақ

буынымен тығыз байланысқан. Тырнақ саусақ

басын зақымданудан сақтайды.

Slide 9

(семантикалық карта)

Р\с

Терінің қабаттары

Эпидермис қабаты

Дерма қабаты

Тері шелмайы қабаты (гиподерма)

1.

Дәнекер ұлпадан тұрады

2.

Көп қабатты эпителий ұлпасынан тұрады

3.

Қалыңдығы 1-2, 5 мм

4.

Мүйізді және өсуші қабаттардан тұрады

5.

Майлы қосылыстар көп болады

6.

Емізікшелі және торлы қабаттардан тұрады

7.

Атқаратын қызметіне байланысты қалыңдығы түрліше болады

Slide 10

Жеке жұмыс

Ойлау деңгейлері

Сұрақтар

Оқушы жауаптары

Білу

Терінің маңызы қандай?

Түсіну

Тері қандай қызмет атқарады?

Қолдану

Денесі қызған адамға қандай көмек көрсетіледі?

Талдау

Эпидермистің мүйізді қабаты мен өсуші қабаттарының қызметін сипаттаңдар.

Жинақтау

Терінің құрылысын сипаттаңдар

Бағалау

Терінің қалыпты жұмысын қамтамассыз ету үшін гигиена сақтаудың маңыздылығы неде?

Slide 11

Тест арқылы тексеру. 1. Терінің сыртқы қабаты. а) шел. ә) эпидермис. б) дерма. 2. Терінің сыртқы қабатындағы ұлпа. а) жүйке ұлпасы. ә) бір қабатты эпителий. б) көп қабатты эпителий. 3. Нағыз тері қабаты.

а) дерма. ә) шел. б) эпидермис. 4. Тері бездері терінің қайсы қабатында орналасқан? а) эпидермис ә) дерма б) шел 5. Нағыз тері қабаты қандай ұлпадан тұрады? а) майлы ұлпа ә) эпителий б) дәнекер 6. Терінің қызметтері. а) қорғаныш. ә) зәр бөл. б) екеуі де 7. Қоңыр пигмент терінің қайсы қабатында түзіледі? а) шел ә) эпителий б) дерма 8. Теріде түзілетін дәрумен. а) Д ә) В б) С 9. Саусақ басын қорғайтын терінің мүйізделген құрамы. а) май ә) тырнақ б) шаш 10. Газдардың алмасуы терінің қандай қызметіне негізделген. а) зәр бөлу ә) қорғаныш б) тыныс алу


Ұқсас жұмыстар
Тері
Терінің құрылысы. Терінің қызметі
ЭФФЕРЕНТТІК СОМАЛЫҚ ЖҮЙКЕЛЕРІ ТАМЫРЛАРЫ МЕН ТЕРІ
Терінің қызметі
Тырнақ тері түзінділері
Жануардағы тері және олардың туындылары
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Тері гигиенасы туралы
Анализаторлар физиологиясы
Балалардың терісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz