Ақша массасы - халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы




Презентация қосу
Ақша нарығы - кең мағынада - нарыққа бейтауар активтер: ақша
жиыны, бағалы қағаздар, туынды құралдар, несие капиталдары,
т. б. бойынша қатысушылардың арасындағы экономикалық
қатынастардың жиынтығы; тар мағынада сайып келгенде
қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қол ақшасыз нысандағы
айналысты, вексельдер мен чектер, банк сертификаттары мен
депозиттерінің, т. б. айналысын қамтитын ақша жиынының
агрегаттарына біріктіру дәстүрге айналған қысқа мерзімді ақша
және қаржы активтері бойынша экономикалық қатынастар;
ұлттық несие және депозит нарықтарының жиынтығы, орталық
банк, коммерциялық банкілер мен қаржы институттары қысқа
мерзімді несие беру операцияларын жасайды.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы
ақша массасын, несие көлемін, сыйақы
(мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге,
жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы.
Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы,
сонымен бірге кредиттік қатынастардың дамуы
нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір
қызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т айналымы
барысында Т-А және А-Т деген екі метафора бөлініп
шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып
алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда
тауарды сатушы кредит берушіге,ал сатып алушы –
қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің
бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа
қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін,
төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым
процесін бастамайды,оны аяқтайды. Сатып алушы
тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда
тауар кредитке сатылады екен. Төлем міндеттемені
(кредитті) өтегеннен кейін жүзеге асады, ал ақшалар
сату-сатып алу актін анықтамайды,кредитті жаба
отырып,тек қана оны аяқтайды.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің)
биметализм және монометаллизм деген түрлері
қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті
пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда Батыс
Еуропа елдерінде пайда болды. 19 ғасырдың
соңында куміс өндірісі жағдайларының
өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен
арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі
оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп
биметтализмді монометаллизм мұнда ақша
материалы болып, бір ғана металл – алтын
есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары
осы металға еркін айырбасталады.
Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар
мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу
мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда,
кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және
мемлекетте болады.

Ақша массасы құрылымының белсенді – активті бөлігіне
шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша
құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының
есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп
айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап
айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі
және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек
қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес.
Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі
өте төмен (25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен
ұйымдар арасында дамыған рыноктық экокномикада
бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы
жүреді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты
ақша саясатының қысқа және ұзақ мерзімді
нәтижелері болатындығын көреміз. Бұл
мәселеде де неокейнсияндықтар мен
монитаристердің позициялары сәйкес
келмеді. Неокейинсияндықтар үшін
жалақы және баға икемсіз құралдар
олардың рыноктық шаруашылықтың
дамуына әсері шектеулі, сондықтан қысқа
мерзімге болса да үкімет ақша массасын
ұлғайту арқылы көрсетілген кесте
бойынша ЖҰӨ-нің өсуін қамтамасыз етеді.
Ұзақ мерзімді жоспарда мұндай ақша
саясаты ЖҰӨ-нің едәуір өсуіне әкелмейді,
ол тек инфляцияны туғызады.

Ұқсас жұмыстар
Ақша массасы
Коммерциялық банк
Ақша және ақша айналымын реттеу,ақша несиелік саясатты реттеу
Қор сыйымдылығы - негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші
Инфляция тарихы және түрлері
Ақшалар төлем Ақша төлем құралы ретінде құралы
Ақшаның түрлері
Қаржыға кіріспе
НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ
ЖҰӨ дефляторы номинальды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ
Пәндер