Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте ауқымды




Орындаған: Мәни Ернар
Группа: ПиМО-21-1к
Тексерген: Блялова Алуа
Тақырыбы: Шаштараз

Бизнес-жоспардың мақсаты - жергілікті тұрғындар мен балаларға арналған шаштараз орнын ашу. Шаштараз шаш қиюды қол жетімді бағамен ұсынып, өзінің сапалы қызмет көрсетуімен тұрғындар көңіленен шығып, пайданы орта максималды деңгейге жеткізу.

Неден бастау керек?
Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет. Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет.

Идеяны іске асыру
Орналасқан жері: Ақтоғай ауданы Ермекова58/6
Басқару персоналы біліктілігі жоғары, осы салада жұмыс жасаған мамандардан құралады. Кәсіпорын қапиталы меншікті капиталдан құралады. Қарыз капиталы тартылмайды. Кәсіпорынның қысқа мерзімді стратегиясына: тұрақты клиенттерді тарту. Кіріс көзі әр айда әр түрлі. Пайданың максималды деңгейі тек мейрам және той маусымдарыда өсіп тұрады. Осындай кәсіппен айналасу жоғары табыстылыққа әкеледі. Инвестицияға қажетілікке мұқтаждық жоқ, себебі бұл шағын кәсіпкерлікке жатады, осы себепті біз қарыз қаражатын тартпаймыз. Қолдағы арнайы жиналған қаражатты тартамыз.

Қызметкерлер
Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән беріңіз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлуге кеңес береміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздеген жөн, баспа беттеріне, интернетке жарнама беру немесе кадрларды таңдау агенттілігіне хабарласуға да болады.

Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте ауқымды
Бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың, сәндеудің, емдеудің әртүрлілігі. Шаштараздың бизнестің аралас түрлерін ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады. Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын қоюға болады.
Сіздің шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін, клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер, плакаттар және т. б.

Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар.
Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның оптималды сәйкестігіне сүйену керек. Дегенмен, клиенттер үшін қолайлы жағдай туғызуда үнемдеудің қажеті жоқ, ыңғайлы креслолар, шаштараз жуғыштарын, сенімді электр құралдарын таңдаңыз. Мысалы итальяндық айна сатып алу міндетті емес, қытайлық сапалы айнаны да қолдануға болады.
Сізге құрал-жабдықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш, шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкаф-тумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар жуғыш, айна.
Сондай-ақ, Сіз мынадай жабдықтар мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары, сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы, ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, пенка), сүлгілер мен жамылғылар.

Шығыстар:Жалақы 35000 деп алсақ 2 қызметшіге*35000 =7тг
· Ғимаратты жалдау 3тг
· Қысқы уақыттағы газ :5000тг
· Электр қуат көздері :5000тг
· Су жүйесі :1000тг
· шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, пенка) :4000тг
· шаш бояулары:4000тг
· сабынсулар: 1000тг
· салық табыстың 2 %*245000 =4900
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz