Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер


Slide 1

Микроорганизмдер-биотехнологиясы

Тексерген: Бекенова Назым

Орындаған: Мирзалим Алуа

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Микробиологиялық биотехнологияның тарихы

Биотехнологияда қолданылатын микрооргонизмдерге қойылатын талаптар

Биотехнологиялық процестерде микроорганизмдердің жүзеге асыратын ролі

Микроорганизмдердің биотехнологиядағы қызметі

Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер

Микроорганизмдердің морфологиялық тобы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Микробиология - микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері - ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдер әсерінен болады.

Slide 4

Микробиологиялық биотехнологияның тарихы

Микробиология тарихында римнің профессоры Афанаси Қирхердің (1601-1680) есімі де аталуы тиіс. Қирхер сасыған ет, щарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады. Ол қанды қарап, онда түрлі клеткаларды көреді. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И. И. Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И. И. Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықты ілім жасады.

Slide 5

Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресте, шырынды азық - сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған. Жалпы микроорганизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан зор.

Slide 6

Микроорганизмдер биотехнологиясының мақсаты; Микроорганизмдердің бірінші және екінші ретті метаболиттер мен биомассасы мен өнімін медицина мен ауыл шаруашылығы немесе түрлі өнеркәсіп саласы үнемдеп алудың бұрынғы және қазіргі жаңа озық технологияларымен танысу.

Slide 7

Микроорганзмдер биотехнологиясы биотехнологияның негізгі салаларының бірі. Көптеген маңызды биопрепараттар мен өнімдерді алудың атап айтқанда витаминдер мен ферменттерді полисахаридтер мен бейтарап өнімдерді алудың жолын осы микроорганизмдер биотехнологиясы зерттейді.

Slide 8

Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдерге қойылатын талаптар

Біріншіден, қолдану саласы бойынша микроорганизмдер топтары бөлінбейді (мысалы: медициналық биотехнологияда микробтардың бір тобын, тағамдық биотехнологияда - келесі, ауыл-шаруашылық биотехнологияда - үшінші тобьн және т. б. ) . Айта кету керек, бір микробтық метаболитті (аминқышқылдар, органикалық қышқылдар, антибиотиктер, витаминдер және т. б. ) түрлі таксономиядағы микроорганизмдер түрлері (ашытқылар және бактериялар, мицелллалы саңырауқұлақтар мен актиномицеттер және т. б. ) синтездей алады; сондай-ақ бір метаболитті әртүрлі салада қолдануға болады.

Slide 9

Екіншіден, әртүрлі салада биообъект ретінде қолданылатын микроорганизмдерге қойылатын талаптар әртүрлі, бір бірінен айырмашылықтары болады. Антибиотиктер өндіретіндерге бір талап қойылады, вакцина түрінде қолданылатын штамына қойылатын талаптардан бөлек, ал пробиотик ретіндегі микроорганизмдерге қойылатын талап екеуіне мүлдем ұқсамайды және т. б.

Slide 10

Үшіншіден, биотехнологияның түрлі салаларында қолданылатын биообъект маңызы, рөлі және қатысуы жағынан ерекшеліктері болады. Микроорганизмдердің бейімделуі технологиялық жағдайларға, өндірістің ауқымдылығына және жасанды (биореакторда) тіршілік етуінде функциаланғанда техникалық, өндірістік микробиологиядан "өндірістік микроорганизмдер" термині туындады.

Slide 11

Төртіншіден, технологиялық міндеттерге байланысты бионысанды монодақылда (антибиотиктер, витаминдер, аминкышқылдар өндіретіндер, вакциналық штамдар және т. б. ) немесе ажыратуы қиын қоғамдастағы таксономиялық топтар (ағынды суларды активті лаймен тазартуда) түрінде пайдалануға болады.

Жалпы алғанда, "бионысан" түсінігі биотехнологияның әртүрлі саласында қолданатын түрлі микроорганизмдер топтарын бірік-тіреді.

Slide 12 Slide 13

Биотехнологиялық процестерде микроорганизмдердің жүзеге асыратын ролі

Биологиялық объектілер арасында ең алдымен микроорганизмдер туралы айту керек

Биообъектілерден шикізат(субстрат) , технологиялық жағдай және құрал жабдықтардан құралған биотехнологиялық жүйе өндірісте нақты өнім алу үшін тағайындалады.

Slide 14

Ашыту, биосинтез және биотрансформация процестері нәтижесінде өнім алынады.

Себебі көптеген жұмыс істеп жатқан үлкен масштабты биотехнологиялық өндірістер олардың биопродукциялық активтілігіне негізделген.

Slide 15

Микроорганизмдерді қолдану аясы

Қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған орта жағдайын қадағалау

Энергия алу.

Жемдер, тағам қоспалары, сусындар, тұрмыстық химия өнімдерін алу.

Минералды шикізаттарды бөлу.

Затты тазалау және қанықтыру.

Физиологиялық белсенді қосылыстарды алу.

Биосинтез, биотрансформация, биодеградация үшін қолдану.

Медицинада, ветеринарияда, өсімдік өсіру шаруашылығында қолданылады.

Биоэлектроникада қолданылады.

Slide 16

Тіршілік ететін, биологиялық активті микроорганизмдер

ауыл шаруашылықта (биотыңайтқыштар, биоинсектицидтер),

азық түлік өндірісінде (ұйытқылар),

биогеотехнологияда( металлдарды сілтіден айыру),

тамақ және қоректік ақуыз ретінде (микроорганизмдердің инактивацияланған биомассасы) қолданады

Slide 17

Микроорганизмдердің биотехнологиядағы қызметі

Микроорганизмдер биотехнологияда ерекше басым міндет атқарады.

Адам тіршілігіне қажетті биологиялық активті қосылыстарды (БАД) алу, прокариоттың метаболизм жүйесін қолдана отырып гендің-инженерлік технология жолымен аса құнды эукариоттық ақуыздар алуға болады.

Slide 18

Микроорганизмдер биотехнологияда микробиология зерттеу нысаны бойынша қарастырады.

Биотехнология биологиялық ғылымның бір саласы болғандықтан биообъект ретінде микроорганизмдердің келесі таксономиялық топтарын қолданады:

бактериялар мен актиномицеттерді

саңырауқұлақтар мен ашытқыларды,

микробалдырларды,

вирустарды

қарапайымдыларды.

Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер

Slide 19

Бактериялар

Тамақ өнеркәсібінде Lactobactericeae, Bacillaceae, Mycobactericeae тұқымдасының өкілдері биообъект ретінде пайдаланады.

Lactobactericeae тұқымдасының жататын түрлері көбінесе сүт пен сүт тағамдарында кезедеседі. Бұл бактериялар сүт құрамындағы қантпен қоректеніп сүт қышқылын түзеді. Ал сүт қышқылы сүтті ашытып айранға айналдырады. Сондықтан оларды сүт қышқылы бактериялары деп атайды. Бұл бактериялардың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында маңызы зор.

Slide 20

Lactobactericeae тұқымдасына Lactobacterium, Streptococcus туысы жатады. Олар грам+ таяқша пішінді анаэробты және факультативты анаэробты бактериялар. Ашудың соңғы өніміне байланысты сүт қышқылы бактериялары 2 топқа бөлінеді:

Гомоферментативті

Гетероферментативті

Гомоферментативті сүт қышқылы бактериялары - қанттан тек сүт қышқылын түзеді. Олардың ішіндегі маңыздылары:

Lactobacterium bulgaricum - айран дайындауда

Lact. Cucumeris - көкөністі, сүрлемді ашыту, қияр тұздауда

Lact. Casei, Lact. Plantarum - ірімшік даярлауда, көкөніс, сүрлем ашытуда

Streptococcus lactis - сүтті ұйытып, сүт тағамдары айран, қаймақ дайындауда қолданылады.

Бұл бактериялар тобы спора түзбейді, қозғалмайды, тіршілік жағдайына талғампаз болып келеді.

Slide 21 Slide 22

Гетероферментативті сүт қышқылы бактериялары - қанттан сүт қышқылымен қатар сірке, янтарь қышқылы, этил спирті түзіледі.


Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдерді гендік инженерия мен биотехнологияда қолдану мысалдары
Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер туралы
Микроорганизмдер биотехнологиясы
Тұздардың жоғары концентрациясы биотехнологиясы
Гендік инженерия өндіріс
Микробтық массалар алуға негізделген биотехнологиялық процестер
Вирустармен приондар
Микроорганизмдер алуантүрлілігі
Жасушалық селекция
БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚҰНАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz