Бастауыш мектептегі



Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті “Білім беру мектебі”
Пәні:Жаратылыстану пәнін оқыту теориясы мен әдістемесі.
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі Жаратылыстану пәнін оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологиялар.
Оқытушы:Махметова С. Тобы:Пимно 19-3
Дайындаған: Мадраймова Бағила
СОӨЖ

Бастауыш мектептегі Жаратылыстану пәнін оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологиялар

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі - бастауышта, яғни бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Соның ішінде ― жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні негізінен үш блокты: «адам», «табиғат»,
«қоғам» ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады. Яғни ―өмір әліппесі болып саналған ― «жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі ― «Жаратылыстану» пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал ― Жаратылыстану пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін ― «Жаратылыстану» пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Жаратылыстану пәнінің міндеті:
оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т. б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі) ;
оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т. б. ) ;
дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі- оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірітабиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.

3 Сонымен бірге оқыту әдістері - практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т. б. ) . Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, көзқарастарын қалыптастырады. Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі ― Жаратылыстану пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты. Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану, астрономия және т. б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді. Сонымен қатар ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.
Жаратылыстану пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Жаратылыстану пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ ― «Жаратылыстану» пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz