Қанды зерттеу әдістері


Slide 1

СӨЖ

«Семей қаласының Дүсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖК КМК»

Орындаған: Тұрғазина Б

Тексерген: Зан А

Тақырыбы: Қан айналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды және оның туыстарын денсаулықты нығайтуға, аңалтуға және алдын-алуы бойынша оқыту

Slide 2

Қанды зерттеу әдістері:

NB! жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.

Қанның жалпы анализі

Қанның биохимиялық анализі

Қан ұю жүйесін зерттеу

Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу

Slide 3

Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемолабин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды

Slide 4 Slide 5

Қан алу.

Қан сол қолдың төртінші саусағынан немесе шынтақ венасынан алынады. Ол үшін қанды бір рет қана қолданылатын скарификатор - инелермен алу міндетті. Спиртпен, кейін эфирмен сүртіп дайындап, саусақтың басын жұмсақ жерінен теседі. Алғашқы қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртіп тастайды.

Slide 6

Гемоглобин.

Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Hb) -бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз) . Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.

Гемоглобин жоғарылау себебі:

Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану) ;

Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;

Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;

Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)

Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия) ;

Slide 7

Эритроциттер

Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес. Себептері:

Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам) ;

Қан жоғалту;

Лейкоздар;

Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)

NB! Эритроциттер санын анықтауда эритрогемометр, электрофотоколориметр, электрондық есептегіштер қолданылады.

Slide 8

Лейкоциттер

Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.

Лейкоциттердің жоғарылау себептері:

1. Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау: Тағам қабылдаудан кейін, ; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін; Етеккір кезінде;

2. Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық) : Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т. б) ; Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде; Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде) ;

Slide 9

Гематокрит - зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.

Гематокрит - зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.

Гематокрит жоғарылау себептері: Эритемия; Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі; Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет)

Гематокрит төмендеу себебі: Анемия, Бүйрек жетіспеушілігі; Жүктіліктің екінші жартысы;

Slide 10

Лейкоцитарлы формула

Лейкоцитарлы формула бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды.

Нейтрофилдер

Сегментоядролы форма 47-72% Таяқшаядролы форма 1- 6%

Эозинофил 0, 5-5%

Базофил 0-1%

Моноциттер 3-11%

Лимфоциттер 19-37%

Slide 11

Лейкоцитарлы формуланың оңға немесе солға ығысуы деген не? Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы қалыпты жағдайда тек сүйек кемігінде болатын жас, жетілмеген нейтрофилдердің қанда пайда болуы және мөлшерінің көбеюін айтады. Мұндай жағдай жеңіл және ауыр түрдегі инфекциялық аурулар кезінде, қабыну аурулары кезінде (ангина, малярия, аппендицит), сонымен қатар қан жоғалту кезінде, дифтерия, пневмония, скарлатина, сепсис және интоксикация кезінде байқалады.

Лейкоцитарлы формуланың оңға жылжуы қанда кәрі, яғни сегментоядролы нейтрофильдердің көбеюін атайды. Мұндай көрініс радиациялық фоны жоғары аумақта тұратын сау адамдарда байқалады. Сонымен қатар В12 жетіспеушілік анемия, фолий қышқылының жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы аурулары бар және обструктивті бронхитпен ауыратын адамдарда кездеседі.

Slide 12

Эритроциттер тұну жылдамдығы

ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) қанның плазмаға және эритроциттерге бөліну жылдамдығын анықтайтын лабараторлы анализ. Кейбір қазақ тілді материалдарда орысша СОЭ сөзін ЭТЖ (эритроциттер тұну жылдамдығы), ал басқа жерде ЭШЖ деп (эритроциттер шөгу жылдамдығы) деп аударады.

Зерттеу мақсаты: эритроциттер плазмадан және лейкоциттерден қарағанда ауыр болып келеді, сондықтан жердің тартылыс күшінен олар пробирка түбіне түседі. Сау адамдарда эритроциттер мембранасы теріс зарядта болып, бір бірінен тебіледі (алшақтайды) . Бұл олардың тұну жылдамдығын баяулата түседі. Бірақ кейбір ауруларда қанда келесідей өзгерістер туындайды: Фибриноген мөлшері көбейеді. Сонымен қатар альфа- және гамма-глобулин және С-реактивті белок жоғарылайды. Бұлар эритроциттер бетіне жабысып, олардың салмағы жоғарылауына алып келеді. Альбумин концентрациясы төмендеу. Мұндай жағдайда эритроциттер жабысуына кедергі туады. Қанның электролиттік балансы жоғарылайды. Соның әсерінен эритроциттер заряды өзгеріп, олар бір бірінен тебілмейтін болады. Осындай өзгерістер нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктері бір бірімен жабысады. Біріккен және ауырлаған эритроциттер пробирка түбіне жылдам түсетін болады. Нәтижесінде ЭТЖ жоғарылайды.

Slide 13

ЭТЖ жайлы не білуіміз керек?

ЭТЖ анықтау спецификалық болып табылмайды.

ЭТЭ көптеген ауруларда қан белок плазмаларының сапалық және сандық өзгерістері әсерінен жоғарылауы мүмкін.

2 % науқастарда (тіпті ауыр жағдайда да) ЭТЖ қалыпты болып қала береді;

ЭТЖ аурудың бірінші күні жоғарыламайды, тек екінші күнінен бастап жоғарылайды;

Аурудан жазылғаннан кейін ЭТЖ бірнеше апта, кейде 1 ай бойы жоғары сақталуы мүмкін.

Кей кезде сау адамдарда ЭТЖ 100мм/сағ дейін жоғарылауы мүмкін.

ЭТЖ тамақ ішкеннен кейін 20 мм/сағ дейін жоғарылайды.

Сондықтан анализді аш қарынға алу аса маңызды.

Егер лабараторияда температура 24 граддустан жоғары болса, эритроциттер жабысу процессі бұзылып, ЭТЖ төмендейді.

Бұл анализдің жалған нәтиже көрсетуіне алып келеді. ЭТЖ жалпы қан анализінің міндетті критерийлерінің бірі.

Slide 14

ЭТЖ-да 2 әдіс жүргізіледі:

Вестергрен әдісі. 2 мл веналық қанды 0, 5 мл натрий цитраты және антикгулянтпен бірге араластырады. Қоспаны жіңішке пробиркаға 200 мм деңгейге дейін құйып, вертикальді штативке орналастырады. Бір сағаттан кейін милиметр бойынша плазманың жоғарғы шекарасынан эртироциттер деңгейіне дейін өлшейді. ЭТЖ өлшеу бірлігі мм/сағ.

Панченкова әдісі. Бұл зерттеуде саусақтан капиллярлы қанды пайдаланады. 1 мм диаметрі бар шыны пипетка көмегімен 50 мм натрий цитратын алып, пробиркаға құяды. Кейін 2 рет пипеткамен саусақтан қан алып, натрий цитраты бар пробиркаға құяды. Осылай антикогуянт пен қан ара қатынасы 1:4 тең болады. Осы қоспаны шыны капилярға 100 мм деңгейге дейін құйып, вертикальді жағдайға орналастырады. Нәтижелерін бір сағаттан кейін бақылайды.

Slide 15

Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу

Пункция (лат. punctio - укол) - шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықты немесе газды сыртқа шығарады. Мысалы: іш кепкенде, құрсақ ішіне сарысу жиналғанда және жұлын миға сұйық жиналғанда пункция жасаймыз . Пункция диагностика қою немесе емдік мақсатта жасалады. Диагностикалық пункция адам тінінде немесе ағзасындағы патологиялық процестерді зерттеу мақсатында, сол ағзадан не тіннен сұйықтық (ірің, сарысу) алу үшін жасалады.

Slide 16

Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу

Стернальды пункция - төс сүйегіне пункция жасап, сүйек миын зерттеуге алу. Алынған сүйек миынан жағынды дайындап, Романовский-Гимзе бойынша бояп, сосын клеткаларды санап зерттейді,, қорытындысы миелограмма деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Қарасан қоздырушысы
Несеп жүйесінің аурулары
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. ІРІҢДІ-ҚАБЫНУ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ. БАКТЕРИЕМИЯ. СЕПСИС. БАКТЕРИЕМИЯ. СЕПСИС
Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым
Қосмекенділер класы туралы
Операция кезінде болатын қан ағу түрлері, қан тоқтату
Клиникалық биохимия пәні
Асқазан рагының жиілігі
Некробактериоз ауруына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz