МИКРООРГАНИЗМДЕР ӘЛЕМІ, ЖАЛПЫ ТӘН БЕЛГІЛЕРІ МЕН АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МИКРООРГАНИЗМДЕР ӘЛЕМІ, ЖАЛПЫ
ТӘН БЕЛГІЛЕРІ МЕН АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ
ОРЫНДАҒАН:МУХАММЕДИЯ
ЛЕЙЛА ТОБЫ:1507-29
Микроорганизмдер- тек қана
микроскоппен көруге болатын өте
ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет
17 ғасырда голланд ғалымы
А.В. Левенгук ашқан.
Микроорганизмдер арасында
прокариоттар және эукариоттар
тобына жататындары бар. Кейде
микроорганизмдерге вирустарды да
жатқызады. Микроорганизмдерді
зерттейтін ғылым саласы –
микробиология.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі
бір клеткалы организмдер. Олар,
көбінесе, қарапайым бөліну арқылы
тез көбейеді. Көп клеткалы
организмдерге тән күрделі жынысты
көбею процессі бұлардың көбінде
болмайды.
Микроорганизмдер физиологиялық және
биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі.
Олардың кейбіреулері басқа организмдер
өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге
бейімделген.
Мысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары
деңгейдегі радиацияда және
концентрациясы өте күшті қышқылды
немесе сілтілі орталарда, NaCl-дың жоғары
концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ
жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете
алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте
төмен температурада да, құрғақшылық
ортада да көбейе алады
Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына
қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні
пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды.
Бұлардың ішіндегі кейбіреулері ( сүт қышқылы
бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің
дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын
витаминдер, органикалық заттарды өздері синтездей
алмайды. Мұндай микроорганизмдерді – ауксотрофтар
деп атайды.
Көптеген микроорганизмдер өте күрделі органикалық
қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар) ыдыратса,
кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын
(метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер)
заттарды пайдалана алады,
ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата
алады (ксенобиотиктер).
Микроорганизмдер табиғатта – биосферадағы зат
айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер
фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың
минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы
СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай ақ
топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді
қайтарады.
Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге
де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары
мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы
қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт)
түзілуіне әсер етеді.
Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор.
Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында
(мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру),
адам шауашылығында (сүрлем даярлауда,
өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен
қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас
суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде
пайдаланылады.
Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар және
өсімдіктердің патогені болып саналады.
Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты
құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін
бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді.
Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін
шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның
нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып,
биотехнологияның негізі қаланды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz