Химияны оқытуда ойын технологияларын қолданудың әдістемесі мен тәжірибесі


Slide 1

Химияны оқытуда ойын технологияларын қолдану.

Орындаған:Мухаммедия Лейла

Тобы:1507-29

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Slide 2

Адам, табиғат, қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған ортаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән - химия.

Slide 3

Ойын арқылы оқыту технологиясы:

дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді.

Педагогикалық ойындар әрекет бойынша: физикалық, интеллектуалдық, еңбектік, психологиялық, әлеуметтік болып бөлінеді.

Педагогикалық процесс сипатына қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

· Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту.

· Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

· Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық;

· Коммуникативті(қатынас), диагностикалық хабардар ету.

Ойын әдістемесі бойынша:

пәндік, сюжеттік, іскерлік, рольдік, имитациялық, драмалық болады.

Slide 4

Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім-білік дағдылары, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді. Оқыту үрдісінде - көзбен көрген(тәжірибе, оқу) : есте сақтау ақпараты-50%. Құлақпен естіген ақпарат - 10% ғана есте қалады, оқушының өзі қызығып, қатысқан (ойын) жағдайда -90% ақпарат жадында қалады екен. Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс-әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Slide 5

Қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әртүрлі сұрақтар туады. Одан әрі сол сұрақтың жауабын табуға ынталанады. Нәтижесінде оқушының химия пәніне деген қызығушылығы артып, ынтасы дамиды. Қызықты тәжірибелердің мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өзіне ойландырып айтқызған дұрыс.

Slide 6

«Домино» ойыны. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ немесе реакцияға түскен заттар, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы немесе реакция өнімдері жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.

Slide 7

Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Білгір химик», «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?» сияқты танымдық ойындарын қолдануға болады.


Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологияларын қолданудың әдістемелік негіздері
Кіші сыныптарда математика сабақтарында мультимедиа технологияларын қолданудың әдістемесі
Геометрияны оқытуда компьютерлік технологияларды қолданудың әдістемесі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының әдістемесі мен нәтижелілігі: Үкібаева Алия Рахимбаевнаның тәжірибесі
Жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуда АКТ пен смарт техниканы қолданудың тиімділігі мен тәжірибесі
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда интерактивті және инновациялық технологияларды қолданудың әдістемесі
Оқу-тәрбие процесінде ойын элементтерін қолданудың педагогикалық негіздері мен әдістемесі
Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізудің әдістемесі мен тәжірибесі
Информатика пәнінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың әдістемелік негіздері
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі: Укибаева Алия Рахимбаевнаның педагогикалық тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz