Шартты рефлекстердің тежелуі


Slide 1

Жоғарғы жүйке әрекеті.

Студент:Өтепберген Айгерім

Slide 2

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледді

Жоғары жүйке әрекеті

Slide 3

Рефлекс және оның түрлері.

Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:

1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.

2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.

3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.

Slide 4

4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.

5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.

6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.

7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.

Slide 5

Шартсыз рефлекс

Шартты рефлекс

1 Туа пайда болған

1. Жүре пайда болған

2. Тұқым қуалайды

2. Тұқым қуаламайды

3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады

3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.

4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес

Slide 6

Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді:

1. Экстрорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.

2. Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.

3. Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.

Slide 7

Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады Мысалы, көзге әсер етсе - көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта (мысалы, тамақ - шартсыз тітіркендіргіш, ал орталық - ас қорыту жүйесі) екінші бір қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу біріншіге қарағанда анағұрлым күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып, шартты рефлекс тез туады. Жағдай қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады.

Slide 8

Шартты рефлекс күшейген сайын ми қыртысында қозудың жайылуы нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі - ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында у а қ ы т ш а нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы: Лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады, лимонның дәмі ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады, ми қыртысындағы екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады.

Slide 9

Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.

Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мысалы, мұғалімнің айтқанын ұқыпты тыңдап отырған бала, кенеттен даладан шыққан қатты дауысты естісімен мұғалімді тыңдамай, дереу терезеге қарайды. Мұнда ми қыртысында пайда болған жаңа қозу ошағы шартты рефлекторлы түрде болған қозу ошағын тежейді.

Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдай өзгергенде туады.

Slide 10

Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар мида талданады.

Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды.

Slide 11

Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді.

Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.

Slide 12

Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И. П. Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратады:

1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.

3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.

4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.

И. П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.

Slide 13

И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген.

1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ - холерик.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ - сангвиник.

3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ - флегматик.

4. Әлсіз топ - меланхолик.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері
Шартты рефлекстің тежелуі
ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Шартты рефлекс түрлері
Шартты рефлекс
В12-тапшылықты анемия
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті
Рефлексология принциптері
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
Жоғары дәрежелі нерв әрекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz