Ғылым тарихы мен философиясының пәні



Ғылым тарихы мен философиясының пәні

Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.

Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М. Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну - қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім береді. Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зерттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым философиясы-ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы -соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша-- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.

Ғылым - бұл қоғамдық сананың формасы. Ғылымның негізгі компоненті - теориялық. Ол белсенді - ізденуші сипатта болады.
Ғылым - бұл объективті шындықты қайта құру мен танып білудің құралдары мен әдістері.
Ғылым оқиғаларды алдын ала болжау арқылы адамдардың мақсатты қызметінің негізін құруға мүмкіндік беретін, әруақытта ақиқаттың объективті мәнді байланыстардың танымдық тәжірибесіне сүйеніп дамып отыратын жүйелік білімнің негізгі формасы.

Ғылымның құрылымы:
- теориялар (фактілер, құбылыстар және үрдістер жөніндегі ғылыми мәліметтерді жүйелеу) ;
- заңдар (көлемді ғылыми білімді анағұрлым ықшамды формада мазмұндау) ;
ғылыми фактілер (ғылыми қорытынды, жалпылау, заңдар үшін негізгі материал) .
Ғылымның қызметтері
Жалпы қызметі - адамдардың іс-әрекеті мақсатты және тиімді болуы. Ол басқа қызметтерді қарастырады:
танымдық (объективті әлем заңдарын танып білу) ;
мәдени-тәрбиелік (ғылым жалпы адами мәдениетті дамыту мен тұлғаны тәрбиелеу факторы ретінде) ;
әрекетті тәжірибелік (ғылым адамның қалыптасуы, табиғат пен қоғамның қайта құруларының тікелей күші ретінде) .

Ғылымның даму процессінің логикасы:
ғылыми мәселенің қойылуы (қайшылықтарды анықтау) ;
ғылыми фактілерді өңдеу мен жалпылау;
гипотеза құру және ғылыми мәселелерді нақтылау;
бақылауды, эксперименттерді, нақты зерттеулерді алынатын ғылыми нәтижелерін сәйкес рәсімдеу арқылы ұйымдастыру;
алынған мәліметтердің анализі мен синтезі;
анықталған тәуелділікті, үдерісті, заңдылықты, заңдар мен принциптерді негіздеу;
ғылыми нәтижелер жөнінде ақпарат беру;
алынған ғылыми мәліметтер мен нәтижелерді тәжірибеде тексеру.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz