Дене іріктеу және бағыттау оны дамыту әдістемесі




Презентация қосу
Тақырыбы : қуаты қасиеттері,
Спорттық
Дене іріктеу және
бағыттау
оны дамыту әдістемесі

Өткізетін: Оразмахан Диас
Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының
негізгі сипаттаммасын, оның оқушылардың дене
тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі, спорттық
бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет.
Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді.
Оқушылар спортқа жан-тәнімен берлуі қажет.
Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және
онымен бар ықылысымен айналысса, онда ол
сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіді.
Жаттығушылардың спорт секцияларында
тұрақтамауы, оқу-тәрбие жұмысына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін
таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен
жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, бірігіп
жұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау және
іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына,
баланың өз басының
ерекшеліктеріне,қабілеттілігіне көңіл аударған
жөн.
Қабілеттілік-баланың өзі таңдап алған
спорт түрінің қимыл, әрекеттерін тез
және нәтижелі меңгере алуы және сол
әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттағы дарындылық дегеніміз-
бала қабілеттілігінің, оның
анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы
спорт әрекеттерінің нәтижелі
орындалуы.
Баланың қабілеттілігін,
қызығушылығын, ұмтылысын,
спорт түрімен шұғылданғысы
келуін ескеріп сол спорт түріне
бағыттау шараларын спорттағы
бағдарлау дейміз.Оны бірнеше түрге
бөлуге болады.
1.Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар
беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің
баяндаулары, спорт туралы қабырға
газеттері,стендтері,көрмелер,радио,
теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар
оқу,спорт жарыстарын көру т.б.
2. Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене
тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы
көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі,
сұрақтарына жауап береді.
3.Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін
анықтау.
4. Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты
нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне
бағыттау.
Оқушының дарындылығын, спорттық
көрсеткіштерін ескеріп нақтылы спорт
түріне спорттық іріктеу дейміз. Спорттық
көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының
техникасын жақсы меңгере білуі,дене қуаты
дайындығын сынақ жаттығуларынан жақсы
көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет
дене қуаты қасиеттернің даму деңгейі т.с.с.
Жаттықтырушы дарынды балаларды
іріктеп алып, оларды жоғарғы
жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне
алады. Спорттағы іріктеу бірінші және
екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші іріктеу-келешек спортшымен
танысу,оны жан-жақты зерттеу. Ол
мынандай әр түрлі іріктеу түрлерінен
тұрады.
1. Қозғалыс қасиеттерін әр 2. Дене құрылысы
түрлі сынақтар арқылы ерешеліктерін көру,бағалау.
бағалау.

3. Психо-физиологиялық 4. Ата-аналарымен танысу.
тексерулер (сұрақ қою
әдісі)
Екінші іріктеу кезеніңде жас спортшының
қабілеттілгі және бастапқы мамандану кезіндегі
кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың
морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған
жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері).
Спорт түрлері адаманың морфологиясына әр
түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната,
диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр
салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы
мен ұшу жылдамдығын үшін қолдары да ұзын
болуы шарт. Жеңіл атлетикамен
айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы
қажет т.с.с. Жоғары спорттық көрсеткіштерге
жету үшін суға жүзу спорт түрлеріндегі баланың
алақаны мен табанының жалпақтығының өзінің
бірталай әсері бар екен.
Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін,
келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың
да көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9
жас кезінде жанындағы балалардан биік болса ол
18-19 жасқа дейін солай мүмкіндігі әлдеқайда
көп.
Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт
арқылы дене қасиетін дамытуға,өзіне
сенімділікке, мықты,күшті болуға ұмтылушылық
байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін
сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт
түрін таңдауына жалпылама үгіт, насихат көп
әсер етеді. Сонымен қатар ата-аналары да
баласының қай спортқа бейім екендігін байқап
сол спорт түріне жазылуға ақыл кеңестерін
бергені жөн.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде
көптеген, әр түрлі амалдар қолданады:
1. Жарыс. Бұл амал ресми және әртүрлі бәсеке
түрінде өткізіледі.
2. Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін
жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3. Бақылау сынақтары.Жаттықтыру кезінде
қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен
сынақтар алу.
4. Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін
әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.
Назарларыңызға рахмет !!

Ұқсас жұмыстар
Дамуында ауытқуы бар және қалыпты балалармен жұмыс жасаудағы драматерапия
Музыканы тыңдау әдістемесі
Көркем әдебиет
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ КЕЗІНДЕ ШАБУЫЛ МЕН ҚОРҒАНУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Диалогтық оқытудың мәні
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
Психологияны оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде
Ұйымдағы персоналдың еңбегін басқару және бағалау
Дарынды оқушылар тізімі
Пәндер