Қаптаушы заттар, адсорбциялаушы заттар




Презентация қосу
Илік заттар(немесе тұтқыр
заттар),Тітіркендіруші
заттар.Қаптаушы
заттар,адсорбциялаушы
заттар.
Орындаған: Жүсіп М.
Қабылдаған: Байзақова Б.
Тобы: ЖМ-311
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Илік заттар(немесе тұтқыр заттар).
2.Тітіркендіруші заттар.
3.Қаптаушы заттар,адсорбциялаушы заттар.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Илік заттар дегеніміз не?
Илік заттар — илік заттар барлық өсімдіктер
құрамында кездеседі. Тырыстыратын дәрі құрамына
кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі
болатын қасиеті бар, суық тигенге қарсы, қанның
қалпына келу процесіне қатысады.
Илік заттар (дубильные вещества) тамақ
өнімдеріне (шай, кофе, кейбір жемістерге) өзіне тән
ауыз қуыратын дәм береді. Ауа оттегісі қатысында
тотығады да, қою түске енеді. Илік заттар
антиоксиданттар болып табылады.
Ғылыми
мәліметтерде илік
заттардың
антигепатоксикалық,
антибактериалық,
антимутагендік,
әртүрлі
саңырауқұлақтарға
қарсы сондай-ақ
қаннның қалпына
келуіне, суық тигенге
қарсы белсенділігі
бары анықталған.
Азық-түлік ішіндегі илік заттардың құрамы.
Азық-түлік Илік заттардың құрамы

Көк шай 10-30%

Қара шай 5-17%
Құрма 0,5-2%

Кизил 0,6%

Айва 0,6%

Смародина 0,1-0,4%
Мысалға , шамамен
шайдың 30%-ы илік
заттардан тұрады.Бұл
полифенолдық
қосылыстар және
олардың
туындыларының
қоспасы болып
табылады.Бұл
заттардың көп
пайдалы қасиеттері
бар:қатерлі ісік
дамуына
қарсы,микробқа
қарсы,
дезинфекциялық.
Клиникада қолданылуы:

Тұтқыр заттар
микроорганизмдерге бактерицидтік
немесе бактериостатикалық әсер етіп
олардың клеткасындағы белоктарды
денатурациялайды.Сондықтан
құрамында илік заттар бар
шикізаттарды күйген кезде ұнтақ
түрінде себуге, асқазан-ішек
аурулары мен ауыр металдармен
улану кезінде ішке қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар.
Соңғы жылдары әртүрлі зерттеулер жүргізу
нәтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы,
антигипоксиялық, антиоксиданттық, антивирустық,
фунгицидтік, бойдың өсуін реттеуші, тұмауға,
гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері
анықталынды. Олардың ішінде ауыл
шаруашылығында қолдануға болатын далалық және
өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық
аурулардан қорғау, тамыр жемістілерді ұзақ сақтау
кезінде шіруден сақтау құралдары, дәнді
дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық
таза құралдары ретінде қарастырған. Сондықтан
ғалымдар илік заттары көп кездесетін шикізат көзін
іздестіруде
Тітіркендіруші заттар.
Тітіркендіруші заттар -сезімтал жүйке ұштарын
белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін
арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені
немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге
орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру
сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер
көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың –
гистаминнің, брадикининнің және серотониннің
бөлінуіне әкеледі.
Тітіркендіргіш заттардың
түрлері.

Қыша Тазартылған
терпентин
қағазы майы

Аммиак
Ментол
ерітіндісі
Ментол(Mentholum) жалбыз
майынан алатын (бұрыш жалбызының
жапырағында) – салқындатқыш
рецепторларды тітіркендіреді, аздап
жансыздандырады, рефлекторлы
жолмен қан тамырларының қысымын
өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан
тамырларын кеңейтетіндігінен
байқауға болады.

Аммиак ерітіндісі(SоІ. Ammonii
caustici) мүсәтір спирті. Өткір иісі
бар, ұшқыш сұйықтық. Тыныс
алғанда жоғары тыныс жолдарының
сезімтал жүйке ұштарын
тітіркендіріп, тыныстың орталығына
қоздырушы әсер береді.
Қыша қағазы -қағазға жұқалап жағылған
майсыз қыша қоспасының ұнтағы,ол мирозин
және синигрин гликозид ферменттерінен
тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан
ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты
және теріні қатты тітіркендіретін қыша
майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке
ұштарын тітіркендіру салдарынан
рефлекторлы реакциялар пайда болады.

Терпентиннің тазаланған майы
скипидар – эфирлік май. Бұл кәдімгі
қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері
арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын
тітіркендіреді, ауыруды басатын
(алаңдатушы) және антисептикалық әсер
көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам»
майларының құрамына кіреді.
Қаптаушы заттар.
Қаптаушы заттар – шырышты
қабатты жаба отырып, сезімтал
жүйке ұштарын тітіркенуден
сақтайтын заттар деп атаймыз.
Қолданылуы: Асқазан-ішек
жолдарының қабынуы,
тітіркендіргіш заттармен бірге
қолданылады.
Қаптаушы заттардың
препараттары:
Жібек дәнінің шырышы крахмал шырыны.
Адсорбциялаушы(сорғыш)
заттар
Сорғыш (адсорбциялаушы) заттар – суда ерімейтін,
тіндерді тітіркендірмейтін ұнтақ тәрізді инертті заттар.
Оларға: тальк, белсендірілген көмір жатады.
Қолданылуы: Терідегі безді бөлінділерде, химиялық
қосылыстармен улануларда, диарея, метеоризмде.
Сорғыш заттар жануарлардан және өсімдіктерден
алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын,
нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе
дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің
бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден
қорғайтын сорғыш дәрілер. Бұлар іш өту кезінде және
улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Илік заттар барлық
өсімдіктер құрамында кездесіп,антиоксиданттар
болып табылады. Тітіркендіруші заттар-сезімтал
жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп
қозу әрекетін арттырады. Қаптаушы заттар
– шырышты қабатты жаба отырып, сезімтал
жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды. Сорғыш
(адсорбциялаушы) заттар – суда ерімейтін,
тіндерді тітіркендірмейтін ұнтақ тәрізді инертті
заттар болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Д.А.Харкевич.Основы Фармакология.2008.
2.Орманов Н.Ж., Орманова Л.Ж. Фармакология.2009.
3.Д.А.Харкевич.Фармакология.2004.
4.http://freeref.ru/
5.http://studopedia.org/
6. http://wapref.ru/
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
БАУЫР АУРУЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІЛЕР
Дәрілік тәуелділік шақыратын заттар
Дәрілік заттар
Неврологиядағы диагностика және емдеу әдістері
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Біз таңдаған жолдар
Графтар әдісі
Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар
Натрий гидрокарбонаты және литий карбонаты
Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Пәндер