Қышқылға төзімді бактерия
Презентация қосу
Бактериялды жасушаньң кұрылымы.
Оларды зерттеу әдістері .Қарапайым
және күрделі бояу әдістері. Қышқылға
төзімді бактерия. Циль-Нильсен
әдісімен бояу. Микроскопиялық зерттеу
Дайындаған: Турагалиев Х.А
Курс: 2 курс
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық
сақтау
Тобы: 201 А
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Бактерия клеткасы, классификациясы
2.Жағынды дайындау
3.Қарапайым және күрделі бояу әдістері
4.Циль-Нильсен әдісімен бояу.
5.Боялған микроорганизмдерді зерттеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына,
Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера)
дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге
байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар
және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын:
Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар
(Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы
ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние
деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991)
пiкiрiнше, бактериялар - бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты)
бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы:
процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.
Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып
табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша
әртүрлi болып келедi
Бактерия клеткасы, классификациясы
Бактериялар – ядросыз,
микроскопиялық бiр клеткалы
организмдер (құрылымның
прокариоттық
типi).Бактериялардың тұқым
қуалау материялы (нуклеоид)
цитоплазмада орналасқан сақина
тәрiздi нуклеин қышқылымен
(ДНК) берiлген. Бактериялардың
нуклеин қышқылындағы
гендердiң саны адам
клеткасындағыдан 500 есе аз.
Бактерия клеткасы жарғақшамен
қоршалған. Оның iшiнде сiлемейлi
капсуланы, клеткалық қабықшаны,
және цитоплазмалық жарғақшаны
керуге болады.
Клеткалар бiрiгу
ерекшелiктерiнiң түрлерi
жағынан бiрнеше топқа
бөлiнедi: шартәрiздес – кокктар,
жұп байланысқан кокктар –
диплококктар, жiп тәрiздес
стрептококктар, жүзiм шоғы
тәрiздес – стафиллококктар, жiп
тәрiздi – таяқшалар мен
бациллалар, спиральдi иiрiлген
– спириллалар, ұзын, қатты
иреленген-спирохеттер.
Кейбiр бактерияларда қозғалыс
органоидтары талшықтары
болады.
Спораның түзiлуi тек кейбiр
бактерияларға ғана тән, мысалы
клостридиуль бациллалары.
Боялған препараттың
дайындалуы келесі
кезеңдер арқылы
өтеді:
• жағыңды дайындау,
• кептіру,
• фиксациялаау,
• бояу.
Жағынды дайындау
Майсыздандырылған зат әйнегінің астына қарындашпен d – 10 – 15мм
болатын шеңбер сызады. Бактерия дақылын алардың алдында
бактериологиялық ілмекті от жалынында шоқтанғанша қызыдырып
аламыз, ілмекті сабынан оң қолымен ұстайды. Дақылы бар пробирканы
сол қолға дақыл бетімізге қарайтындай етіп ұстаймыз да, оң қолдың
кішкентай бөбек және шылдыр шүмек саусақтарымен (4,5) тығынын
алақанға қысып ұстап пробирка аузын от жалында бір өткізіп өңдеп,
ішіне ілмекті енгізіп зерттеу затын алады; ілмекті абайлап шығарып,
пробирканың аузын өңдеп, тығыны мен тығындап жабады.
Егер препаратты тығыз қоректік
ортада өскен бактерия дақылынан
дайындасақ, онда зат әйнегіне
алдымен 1 тамшы физиологиялық
ерітінді тамызамыз. Алынған
дақылды бірыңғай бағытпен,
айналдырып отырып шеңбердің
ішіне жағып шығамыз, ілмекті
дереу от жалынында өңдеу керек.
Бұл кезде тірі
микроорганизмдермен жұмыс
жасалып жатқанын естен
шығармау керек, икемсіз қимылдар
зерттеу затының қолды жіне
айналадағы заттарды ластауына
әкеледі.
Жағындыны ауада немесе от жалынының
жылы лебінде кептіруге болады.
Жағымдыны фиксациялау үшін зат әйнегін
(жағымдысы жоғарыда) от жалынының
үстінен ұш рет өткізеді. Фиксация кезінде
микроорганизмдер зат әйнегінің бетіне
жабысып, өледі, өңдеулер кезінде шайылып
кетпейді. Аса ұзақ қызыдыру жасуша
құрылысын бұзуы мүмкін. Бұлай
фиксациялаған кезде бактериялардың
формалары, споралары, болютин дендері
сақталады, бірақ бұл әдістері қаннан
дайындалған, ағзалардан отпечатка –
жағымдыларды дайындаған кездерде
талшықтарды анықтауда қолдануға
болмайды. Бұл кездерде фиксацияны этиль
спирттерінде (20мин), Никифороф
қоспасында (сприт пен эфирдің мөлшері
біркелкі-20мин), Салқын ацетонда
жүргізеді.
Қ ара па йы м ж әне кү рд ел і бо яу әді с те рі
Қарапайым бояу әдістерін
микроорганизмдердің
формаларын анықтау үшін
қолданады. Бұл кезде
жағымдыларды қандай да бір
бояумен бояиды. Негізгі
бояулардың ішінде көбінде
негізгі, фенолды фукцинді,
сафранилді, бейтарапты
қызғылт, безуви, генциан күлгін
қолданылады. Қышқыл
бояулардын-қышқыл фукцн
эозин, қызыл канго эритрозин
.
Күрделі бояу әдістерін
жасуша құрылыс мен
микроорганизмдердің
дифференциациясын
жасауда қолданылады.
Күрделі және сонымен
бірге универсалды бояу
Грамша бояу әдісі. Соған
бойланысты барлық
микроорганизмдердің
грамм оң және грамм
терістерге бөлінеді.
Циль-Нильсен әдісімен бояу.
Циль-Нильсен әдісі бойынша туберкулез микобактериясын анықтау
үшін 1 мл қақырықта кем дегенде 10-100 мың микобактериялар болу
керек. Егер микобактериялар бұл саннан аз болса жалған нәтижелер
пайда болады. Сүртінді дайындау үшін қақырықты Петри табағына
құяды да, үшкір таяқшалармен 5-6 жерден іріңді түйірлер алып
сүртінді дайындау үшін екі әйнекке салады. Бір препаратты
эластикалық талшықтарды анықтау үшін қолданады. Екінші
әйнектегі қақырық түйіршіктері үшінші әйнекпен ысқылайды,
сөйтіп екі препарат пайда болады.
Бұл препараттардың біреуін Циль-Нильсен бойынша, ал екіншісін
мысалы флюрохромды бояулармен бояйды, сөйтіп мүмкіндік болған
жағдайда люминисцентті микроскоппен тексеру үшін қолданады.
Циль-Нильсен бояуы бойынша препаратқа карбонды фуксин құйып,
бу пайда болғанша ысытады, сонан соң 5% күкірт қышқылының
ерітіндісімен немесе 3% тұзды қышқылды алкогольмен
түссіздендіреді, сөйтіп 0,25 % метиленді көк ерітіндісімен бояйды.
Боялған сүрітінділерді иммерсиялық жүйемен микроскопқа
дайындайды. Бұл кезде туберкулез микобактериялары көк фонда
қызыл түсті болып көрінеді. Кәдімгі микобактериялар жіңішке, тік
болатын немесе шамалы майысқан дәнді таяқшалар түрінде болады.
Боялған микроорганизмдерді зерттеу.
Микрорганизмдердің боялған
денелері препараттың жалпы
фонынан ерекшеленіп тұрады
да ол зерттеу объектісіндегі
микроб пейзажының құрамын
болжамдауға, дақылдың
тазалығын,
микроорганизмдердің
морфологиялық ерекшеліктерін
(пішінін, мөлшерін,
спораларының боуын,
талшықтарын, капсулаларын)
анықтауға мүмкіндіктер береді.
Клеткалық қабықша муреиннен тұрады.
Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен
бояу қабiлетiне қарай грамм – оң және грамм
терiс деп ажыратады (бұл әдiс зат ғалымы
Грамм ұсынған). Грамм оң бактериялардың
муреин қабақшасына басқа заттардың –
полисахароид және ақуыздардың
молекулалары ендiрiлген, ал грамм терiс
бактерияларда клеткаларының
қабықшаларына ерекше қасиет беретiн
муреин үстiнде липидтер қабаты
(майтәрiздес заттар) орналасқан. Кейбiр
бактериялардың плазмалық жарғақшасы
клетканың iшiне майысып, фотосинтезбен
тыныс алуда қатысатын ферменттердiң
негiздерiн құрайды. Бактериялардың
цитоплазмасында клетка органоидтарынан
тек рибосомалар ғана бар. Эукариот
клеткаларына тән органоидтар (ядро,
митохондриялар, пластидтер, Гольджи
аппараты) бактерияларда болмайды.
Грамм теріс бактериялардың жасуша
қабығында диаминопимилен
қышқылы болады. Грамм оң
микробтардың жасуша қабығында
пефтидогликан көп, ол көпқабатты
және жасуша бетінде магний
йиодтарын тұрақтандыратын тейхой
қышқылдарымен байланысқан.
Сонымен бірге грамм оң
бактериялардың беткі қабатында
прибонуклеин қышқылының магний
тұздары орналасады. Бұл спирттен
бірнеше иқайтара өңделген кезде
бұзылмайтын белокпен
генцианвиолетқен және йодпен
тұрақты химиялық кешен түзеді
Қорытынды
Бактериялық зерттеу – зерттелетін заттарға бактериялық техниканың түрлі
әдістері мен тәсілдерін қолданып, бактерияларды табу. Бактериялық
зерттеулердің міндеті – зерттеуге алынған су, топырақ, мал азығы,
тағамдық заттар, қан, несеп, нәжіс, сүт, қақырық, ірің т.б., кейде өлген
жануарлардың мүшелерінде бактериялардың бар-жоғын, түрін,
зияндылығын, т.б. тез анықтау. Бактериялық зерттеуде бактерияларды
тауып,олардың пішінін, мөлшерін, құрылысын, капсуласы мен
спорасының бар-жоғын, бояғыш заттардың (метилен көгі, фукцин,метил,
йод т.б.) әсерінен түсін өзгертуін анықтайды. Бактерияларды арнайы
қоректік ортада және минералды тұздарға түрлі витаминдер, азот, қоректік
заттар қосып, қолдан жасалған ортада өсіреді, кейде табиғи тіршілік
ортасында зерттейді. Бактериялық зерттеуде әр түрлі күрделі
микроскоптар (МБИ-3, МБИ-6 т.б., электрондық микроскоп) қолданылады.
Бактериялық зерттеудің жалпы бактерияларды зерттеуде, медицинада,
ветеринарияда, ауыл шаруашылығында, өндірісте, оның ішінде тағам
өнеркәсібінде, сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарында да маңызы үлкен.
Қолданылған әдебиеттер
• Ж.К. Төлемісова, Г.Т. Қасенова, Б. Мұзапбаров, З.Ә. Қожахметова
«Тағамдық микробиология» Алматы 2013ж Айтұмар баспасы 27-бет
• Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для
студентов
• http://chem21.info/info/278270/
• Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и
вирусология. — СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с
• Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері.
Алматы, “Қайнар”, 1982.
• Толысбаев Б. және басқалар. Мал дәрігерлік микробиология.- Алматы, 1999
• М.Х. Шығаева, Ә.Т. Канаев. Микробиология және вирусология. -Алматы,
2008. – 376 б.
• Сайдулдин Т.С. Ветеринариялық індеттану. Алматы, 1999.
• Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология.- Алма- ты,.2004.
• Емцев В.Т., Мишустин Е.Н. Микробиология. М.: ДРОФА. – 2006. – 445 с
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz