Бактериялардың өсіп, көбейуі


Slide 1

Бактериялардың өсіп, көбейуі. Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу. Тыныс алу типтері

Дайындаған: Турагалиев Х. А

Курс: 2 курс

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Тобы: 201 А

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Бактериялардың өсуі, көбеюi

2. Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу

3. Анаэробтар

4. Аэробтар

5. Бактериялардың қоректенуі

6. Бактериялардың тыныс алуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Бактериялар - ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер (құрылымның прокариоттық типi) . Бактериялардың тұқым қуалау материялы (нуклеоид) цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан

500 есе аз.

Slide 4

Бактериялардың өсіп, көбеюi

Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi (жыныссыз көбею) . Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс (генетикалық ақпарат алмасу) байқалады.

Қолайсыз жағдайда бактериялар спора түзедi. Спора күйiнде бактериялар жоғарғы және төменгi температураға төзiмдi және ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкiн. Осылай сiбiр жарасының таяқшасы спора түрiнде 30 жыл бойы өз тiршiлiк ету мүмкiндiгiн сақтайды.

Бактерияның вегетативтi формасы 60 градус температурада 30-60 мин. iшiнде, 80-100 градуста 1-2 минуттан кейiн өледi. Споралар төзiмдi болады. Сiбiр жарасының бацилласының спорасы қайнатуға 10-20 мин., ал ботулизм клостридийдiң спорасы 6 сағатқа шыдайды.

Slide 5

Бактериялардың өсуі деп - жасуның барлық компоненттерінің

Бір уақытта келісімді ұлғаюы.

Жасуша өсуі шексіз емес, өсу барысында жасуша бөлінеді.

Грам оң - болатын бактерияның бөлінуі көлденең қолқаның

Шетінен ортасына қарай синтезделуі.

Грам теріс - боялатын бактерия жасушаларының көбеюі

Ортасынан екіге бөлінуі арқылы жүреді.

Slide 6

Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу

Цейсслер әдісі Вейнберг әдісі

1. Цейсслер әдісі - зерттелетін затты

Китт - Тароцци ортасына сеуіп қанды агары бар табақшаға сеуіп Китт - Тароции ортасына себеді.

2. Вейнберг әдісінде - зерттеу материалын Китт - Тароцци ортасына себеді, кейін Вейон - Виньян түтікшесіне сеуіп, Китт - Тароцци орасына қайта себеді.

Slide 7

Анаэробтар

Анаэробтар, анаэробты микроорганизмдер - қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар. Анаэробтарға көптеген бактериялар, инфузориялар кейбір таспа құрттар, аскарид және аздаған ұлулар жатады.

Анаэробты организмдер, анаэробтар (гр. an - сыз, сіз, емес қосымшасы, гр. aеer - ауа және гр. bіos - тіршілік) - оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін организмдер 1861 жылы Л. Пастер май қышқылын ашытатын бактерияны тапқаннан кейін анаэробты организмдер терминін ғылымға енгізген. Анаэробты организмдер негізінен прокариотты организмдер арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер арасында ашытқы саңырауқұлақтарында, буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін қарапайымдарда, ал көп клеткалы организмдер ішінде ішек паразиттерінде (атап айтқанда таспа құрттар мен аскаридаларда) кездеседі. Анаэробты организмдер тіршілік ететін ортасында оттектің болу не болмауына байланысты олигатты анаэробты организмдер және факультативті анаэробты организмдер болып бөлінеді.

Slide 8 Slide 9

Олигатты анаэробты организмдер - тіршілігі мүлдем оттексіз жүретін организмдер. Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспе бактериялары жатады. Көп клеткалы жануарлар арасында олигатты анаэробты организмдер кездеспейді. Факультативті анаэробты организмдер - табиғатта оттектің бар-жоғына қарамай тіршілік ететін организмдер (мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары, іш сүзегі, топалаң қоздырғыштары, т. б. ) . Анаэробты организмдер негізінде құрамында оттек бар органикалық қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын, май қышқылын, т. б. ), ал кейбір түрлері минералды қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды) ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. Анаэробты организмдер аэробты организмдер сияқты табиғаттағы зат айналу процесіне, органикалық және минералды заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спирт және сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады. Кейбір анаэробты организмдер асқа, тағамға түссе, тез өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру тудырғыш (патогенді) анаэробты организмдер түрлі жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм газды гангрена, т. б. ) таратуы мүмкін.

Slide 10 Slide 11

.

Аэробтық организмдер, аэробтар (гр. αηρ - ауа және βιοζ - тіршілік) - молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер. Аэробтық организмдерге барлық өсімдіктер, көптеген қарапайымдылар мен көп клеткалы , микроорганизмдер жатады. Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдер өз организміне енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады. Олар облигатты аэробтық организмдер және факультативті аэробтық организмдер болып 2 топқа бөлінеді. Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон, қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады.

Аэробтар

Slide 12 Slide 13

Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т. б. қосылыстардан алады. Аэробтық организмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын организмдер - цианобактериялар, балдырлар және түтікті өсімдіктер. Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен әсерін тигізеді, мысалы, қарапайым аэробтық организмдер топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды өсімдіктердің жақсы сіңіруіне көмектесіп, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды.

Аэробтық организмдерді өндірісте сірке суын алуға, ауыл шаруашылығында, т. б. қолданылады. Аэробтық организмдердің тіршілігіне ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет, егер осы жағдай шамадан тыс өзгерсе, олар өліп қалады.

Slide 14

Тірі ағзалардағы ағзашалардың бүкіл ыдырау үдерісі 3 кезеңге бөлінеді

Кезең атауы

Орны (Өтетін жері)

Химиялық өзгерістер

Энергетикалық нәтиже

1. Даярлық

Асқорыту жүйесінде және лизосомаларда (қоректік вакуольдерде)

Қорек заттары құрамбөліктерге және мономерлерге: глюкозаға, аминқышқылдарға, глицериндерге және май қышқылдарына дейін ыдырайды

АТФ-0 молекула Энергия тек жылу түрінде

2. Оттекті

Жасушалар (гликолиз)

Глюкоза пирожүзім цитоплазмасы немесе сүт қышқылына дейін ыдырайды

АТФ-2 молекула

3. Оттексіз

Митохондриялар

Гликолиз өнімдерінің 02 мен өзара әрекеттесуі кезінде С02+Н20-ге дейін ыдырайды

АТФ-36 молекула Сондай-ақ жылу түріндегі энергия

Slide 15

Бактериялардың қоректенуі

Қоректену ол - бактерия клеткасына түскен қоректік заттардың күрделі физико - химиялық процессі.

Оған молекуланың үлкендігі, оның ерігіштігі клетка мембранасының өткізгіштік факторлары жатады.

Бактериялардың қоректенуінің 3 ерекшелігі:

1. Қоректік заттар бактерия клеткасының барлық бетінен енеді.

2. Метаболиттік процесстің өте жылдамдықта жүруі.

3. Қоршаған ортаның өзгеруіне бейімтал келеді.

Slide 16

Бактериялардың тыныс алуы

Тыныс алу - бактериялардың әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеуге жұмсалатын энергия көзі

Бактериялардың тыныс алу типі бойынша облигатты аэробтар, микроэрофилдер, факультативті анаэробтар облигатты анаэробтар болып бөлінеді

1. Облигатты аэробтар- тек атмосферада 20% - оттек мөлшері болған кезде сұйық, тығыз, қоректік ортаның беткі қабатында болуы.


Ұқсас жұмыстар
Жұпсыз жібек көбелегі
Сүйек кемігінде нейтрофилдердің жетілуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Жатағ ан укекіре. Таралуы. Морфологиясы. Зияндылығ ы. Биологиясы. Кү ресу шаралары
Бактериялардың клеткалық циклы және бөлінуі
КОМПЬЮТЕРЛІК КОМПАНИЯ AKCESS
Испания туралы
Сүт қышқылды бактериялардың туыстық бөлінуі
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР
АНОМИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz