КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ




Презентация қосу
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ
ТОЕРИЯЛАРДЫҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
Қабылдаушы:Махмутов Бекен
Орындаған: Смангали Әсел
Парзау Камшат
Кеңесбек Ақнур
Абдималик Ақерке
ЖОСПАРЫ:
• ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
• ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
• О.КОНТТЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
• ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР
ӘЛЕУМЕТТАНУ
Біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым
ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі
кезеңінде ғана қажеттілік туды. Әлеуметтану ғылымының кеш
пайда болуынан оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар
жайлы ойлар болмады деуге болмайды, қоғам туралы ойлар басқа
ғылымдардың шеңберінде көріне бастады: философиялық,
экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда бой көрсетті.
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӨРТ КЕЗЕҢІ
• 1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында - Бұл кезеңде
әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің,
түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре
бастады, алғашқы мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл
кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.

• 2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдары.
Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын
дайындау басталды, әлеуметтану эксперементальды (практикалық )
ғылымға айналды.
• 3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдары. Бұл кезенде әлеуметтану
өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-
тұжырымдарын өмірде қолдана бастады.
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ

• ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес
ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы
Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның
әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам
дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея
жатыр.
О.КОНТТЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

• О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір
қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады
деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан
О.Конт жалпы қоғамның дамуын
адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының,
санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының
3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық
және позитивистік сатыларын тұжырымдау
• Бірінші,яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс,
зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат
пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
• Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс
абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс,
олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың
негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да
бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп
қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды
дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.
• үшінші,
яғни позитивистік кезеңде адам
құбылыс, процестердің, заттардың
абстрактылы мәндері мен
мазмұндарынан, себептерінен бас
тартады.Ол тек қана құбылыстарды
бақылап, олардың арасындағы тұрақты
байланыс пен қатынастарды белгілеп
отырады.
КОНТ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫ
2-ГЕ БӨЛДІ:
1. ӘЛЕУМЕТТІК СТАТИКА -ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨМІР СҮРУІНІҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ
ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ҚАРАСТЫРАДЫ. ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ
БІРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ДИНАМИКА- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ҚАРАСТЫРАДЫ.
О.КОНТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫ
ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
• 1.Алғаш рет қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігін негіздеді;
• 2.Әлеуметтануды әртүрлі экспреименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше
ғылым ретінде анықтады;
• 3.Әлеуметтану ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді;
• 4.Тарихи дамудың заңдылық сипатын, әлеуметтік құрылымды және ондағы
әлеуметтік институттардыың өзіндік ерекшеліктері мен маңызын негіздеумен
анықталады.
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ
ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР:

• Себептер:
• 1.Франциядағы үш революция (1789, 1830, 1848) – яғни қоғам мен
ондағы өзгерістерді зерттеуге алғышарттар туындайды.
• 2.Жаратылыстану ғылымының дамуы (химия, физика, биология).
• 3.Англиядағы, Франциядағы капитализмнің дамуы.
• 4.Қалалардың өсуі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Огюст Конт Әлеуметтанудың негзін қалаушысы
Сабақта мұғалім
Ақпараттық технология құралдары
Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
Сабақты талдау түрлері
Қазіргі заманғы сабақты талдау
Банкроттықты басқарудың сандық және сапалық факторлары
Екінші кезең
Медициналық психология
Толағай
Пәндер