Дәрілік заттар
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
МИНИСТРЛІГІ
Кафедра «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология»
Презентация
Тақырып: Дәрілік заттарды тағайындау
ережелерін реттейтін негізгі
нормативтік құжаттар. Рецепт
формалары. Дәрілік нысандарды
тағайындау ережесі.
Орындаған:Хавазматова Ш.А
Тобы: ЖМКА 04 20
Қабылдаған:
Шымкент- 2022 - 2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Дәрілік заттар туралы ұғым
Жалпы рецептура
Дәрілік қалыптар: ( қатты, жұмсақ, сұйық)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрілік заттар
Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық
құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға
болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік
сипаты бар заттарды атайды.
Дәрілік заттар
Дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға,
оларды диагностикалауға және емдеуге,
сондайақ ағзасының күйі мен функцияларының
өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді
заттар.
Қасиеттері
Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық
құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың
бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне
байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді
әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын
көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың
құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін
молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді
болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың
әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни
комплементарлығы өте маңызды.
Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін
маңыздылығы
Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін маңыздылығы
өте жоғары. Ал дәрілік заттардың құрылысы
химиялық, физикалық қасиеттері әртүрлі. Әсер ету
ұзақтығы өте ұзақ және маңыздылығы жоғары.
Дәрілік заттардың адам ағзасына, жынысына,
жасына,генетикалық ақпаратына, тәуліктік
ырғақтығына тікелей байланысты болады. Заттардың
ағзаға әсер ету ұзақтығы егде адамдарда ұзақ, ал
орта жастағы адамдарға әсер ету ұзақтығы өте тез
және жеңіл жүреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың
дозаларымен қоса қайталап қолдану және өзара
әсерлесуіне де байланысты болады, яғни адам
ағзасына дәрілік заттардың әсерлері әртүрлі
болатыны анықталды.
▶ Рецепт-дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз
жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап
берілуі,онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері
көрсетілген,жазбаша нұсқауы мен жолдамасы.Рецепт өте
маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат.Рецепт
арнайы бланкте жазылады. Рецепт жүйелі 9 бөліктен
тұрады.
▶ 1.Емдеу мекемесінің аталымы(мөрі) және коды.
▶ 2.Рецепт жазудың мерзімі(күні,айы,жылы).
▶ 3.Науқастың аты-жөні.
▶ 4.Науқастың жас шамасы.
▶ 5.Дәрігердің ат-жөні.
▶ 6.Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны(жазбаша).
▶ 7.Дәрілік пішіндердің аталуы(май,ұнтақ және т.б.)немесе
фармацевтке басқа тапсырма.
▶ 8.Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері(сигнатура).
▶ 9.Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.
▶ Жалпы рецептура-дәрілік заттарды рецептерге жазу және
оларды тұтынушыға босату ережесі туралы оқытатын дәрі-
дәрмек тану ғылымының бөлімі.
Дәрі-дәрмек –патологиялық жағдайларды және әртүрлі
ауруларды емдеу,алдын-алу және диагностикалау үшін
қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.
Рецепт жазу үлгісі қысқартылған және толық түрде
болады.Дәрілік заттың аты латын тілінде жазылады,әрбір
келесі атаулар бірінің астына бірі жаңа жолдан жазылады ,
бірінші қатты әсер ететін және наркотикалық заттардың аты ,
содан кейін басқа заттардың аты жазылады.
«Recipe» - «ал» деген мағынаны білдіреді,дәрігердің
фармацевтке өтініші
(Rp.:- қысқаша атауы).
▶ Рецептура бланктерінің түрлері,олардың қолданылуы және есепке
алынуы,сонымен қатар рецептураға қатысты басқа да сұрақтарды 2008
жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №289
бұйрығында көрсетілген.Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің 3
түрі бар:Дәрілерді толық құнына беретін(кәдімгі бланк),дәрілерді
жеңілдікпен беретін(жеңілдік бланк),наркотикалық және соларға теңелген
препараттарды беретін бланк түрі.Дәрәлер тегін келесі жағдайларда
жазылып,босатылады:Ұлы Отан Соғысы мен интернационалист
ардагерлері мен мүгедектеріне,мүгедектерге,3-жасқа дейінгі балаларға,көп
балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін,экологиялық аймақта тұратын
зейнеткерлер мен мүгедектерге береді.Келесі аурулармен ауыратын
науқастар дәрілерді тегін алады:қатерлі ісік пен қан аурулары,қант
диабеті,психикалық аурулар,мерез,туберкулез,алапес,ИЖПС,АИВ-
инфекциясы.Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін(ресми
бланк)бланкті толтырған,соңында дәрігердің қолы,жеке мөрі мен мекеменің
мөрі болуы керек.Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.
▶ Дәріхана-тез бұзылатын қарапайым
дәрілерді(ерітінділер,қайнатпа,тұндырма,тұнба т.б)дайындайтын,сонымен
қатар фармацевтикалық өндірістерде дайындалған дайын дәрілік
препараттарды сақтау мен науқастарға дәріні беретін медициналық мекеме.
Негізгі рецептуралық қысқартулар
▶ Ana (аа) – бірдей
▶ Acidum(aa,acid) – қышқыл
▶ Ampulla(amp) – ампула
▶ Aqua(ag) – су
▶ Aqua distillate(Aq.destill) – тазартылған су
▶ Buturum(but) – май
▶ Compositus(comp,cps) – күрделі
▶ Dasigna.detur(D.S) – бер,осылай берілсін
▶ Da tales doses(D.t.D) – мынадай дозалар бер
▶ Dilitus(dil.) – араластырылған
▶ Divide in partes aequales(Div inp.aeg) – бірдей бөлікке бөлу
▶ Extractum(Extr) – экстракт
▶ Fiat(fiant-F) – болсын
▶ Gutta,guttae(Gtt) – тамшы,тамшылар
▶ Infusum(inf) – тұнба
▶ In ampullis(in ampull) – ампулада
▶ In tabulettis(in tab) – таблеткада
▶ Linimentum(lin) – сұйық май
▶ Ligor(lig) - сұйық
Қатты дәрілік қалыптар :
Ұнтақтар
Таблеткалар
Драже
Гранула
Капсулалар
Пилюлалар
Карамельдар
Пастилкалар
Қарындаштар
▶ Драже-Dragee-ішке қабылдайтын,дәрілік және
қосалқы заттарды түйіршіктерге бірнеше қайталап
жағу арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.
Дражеге рецепт жазу ережесі
1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,ж-ше
түрде-Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты бас әріппен ілік
септігінде 1 драже дозасы граммен жfзылады.Келесі жолда
D.t.d.N…одан кейін-S.
Мысалы: Rp.: Dragee Diazolini 0,05
D.t.d.N10
S.күніне 1 дражеден.
2. .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,-
Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты атау септігінде бас
әріппен тырнақша ішінде жазылады,N…келесі жолда-S.
Мысалы: Rp.: Dragee»Hexavitum»N100
D.S.күніне 3 рет 1 дражеден
▶ Гранулалар-Granula-ішке арналған біртектес бөлшектер түріндегі
дозаланбаған қатты дәрілік қалып.
Гранулаға рецепт жазу ережесі
1. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік
септігінде,»Granulorum»дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде
(егер комерциялық атпен шыққан болса,тырнақша ішінде дәрілік зат
аты бас әріппен атау септігінде жазылады)жалпы саны граммен
жазылады,келесі жолда-D.S.
Мысалы: Rp.:Granulorum Plantag lucidi 50,0
D.S.Күніне 2-3 рет тамаққа дейін
Капсулалар-Capsulae-ішке
қолданылатын,дозаланған, ұнтақ тәрізді, паста,түйіршік,сұйық дәрілік
заттарға арналған қабықтар.Капсула түрлері: қатты және жұмсақ.
Капсулалар рецептін капсулаға арналған ережелері бойынша
жазады,содан соң D.t.d. N…, берілген зат қандай капсулаларда
беріледі-in capsulis gelatinosis,in oblatis және т.б.
Мысалы: Rp.: Olei Ricini 1,0
D.t.d. N15 in capsulis gelatinosis
S.жарты сағат ішінде қабылдау
▶ Пилюлалар-Pilulae-салмағы 0,1-0,5 г,пішіні шар
тәрізді,біріңғай серпімді заттан жасалған,ішке енгізуге
арналған қатты дәрілік қалып.Қазіргі таңда өте сирек
рецепт жазып беріледі.
▶ Карамельдер-Caramel.Карамельдер-дәрілік заттарды
қантпен және сірнемен араластыру арқылы алынатын
қатты дәрілік қалып.Негізінде жұтқыншақ пен ауыз қуысы
шырышты қабатының ауруларында
қолданылады.Карамельдер рецепте ресми таблеткалар
сияқты жазылады.
▶ Қарындаштар-Stilus- дәрілік заттарды балқыту жолымен
алынатын,бір жақ ұшы сүйірленген қатты дәрілік
қалып.Қарындаштарды қармаушы және күйдіргіш әсер алу
үшін теріге,шырышты қабыққа жағады.(мысалы,қан
тоқтатаын қарындаштар)
▶ Таблеткалар-Tabulettae(атау сеп.ж-ше түрі-Tabuletta;табыс сеп.ж-ше
туріTabulettam;табыс сеп.к-ше түрі-Tabulettas;қысқартылуы-Tab.)
Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:
1. «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Tabulettam
дәрілік қалыптың аты жазылады,дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен
және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D.t.d N…одан кейін S.
2. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты үлкен әріппен ілік септігінде
және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады.Келесі жолда D.t.d N…одан
кейін S.
Мысалы: Rp.:Tabulettam Analgini 0,5
D.t.d N10
S.1 таблеткадан бас ауырғанда.
3. . «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде,көпше түрде- Tabulettas
жазылады,дәрілік заттың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде
жазылады,N...келесі жолда-D.S
Мысалы: Rp.:Tabulettas «Benalginum»N10
D.S.1 таблеткадан буын ауырғанда
Жұмсақ дәрілік қалыптар :
Жағылмалар
Пасталар
Пластырьлер
Линименттер
Суппозиториялар
▶ Жағылмалар-Unguenta-консистенциясы тұтқыр,сыртқа
қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып.Жағылма негізі ішінде біркелкі
бөлінген бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.
Жағылмаларды рецептте жазу ережесі:
1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік
септігінде-Unguenti6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде
жазылады,консентрациясы процентпен немесе граммен және жалпы жағылма
мөлшері граммен көрсетіледі,келесі жолда D.S
Мысалы: Rp.: Unguenti Oxalini 0,25%-5,0
D.S Күніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатынан
жағу.
2.Егер күрделі болса,Толық рецепт түрінде ілік септігінде,мөлшері
граммен көрсетіліп немесе ӘБ негізгі әрекет ететін зат пен
жағылмалық негіздері қоса жазылады.Келесі жолда M.f.unguentum-
одан кейін D.S.
Мысалы: Rp.: Oxolini0,0125
Vazelini ad 5,0
M.f.unguentum
D.S.Куніне 3-4 рет мұрынның шырышты
қабатына жағу
▶ Пасталар-Pastae-жағылмалардан ұнтақ сияқты заттардан тұратынымен
ерекшеленді.Дене температурасында пасталар жұмсарады.Пасталар
адсорбциялаушы,кептіретін қасиетке ие.Қолданылуына байланысты
стоматологиялық,ддерматологиялық т.б бөлінеді
Пасталарды рецептте жазу ережесі:
1.Rp.:-сөзінен соң жағылмалы негіздің аты мен мөлшері граммен көрсетілген,ілік
септігінде жазылған,негізгі әсер ететін заттан бастап,жалпы мөлшеріне дейінгі
компоненттері көрсетіледі.Келесі жолда M.f.pasta,одан кейін-D.S.
Мысалы: Rp.: Anaesthesini 5,0
Amyli 12,5
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.s.Тері зақымдалған аймаққа жағу
2.Официналды пасталарға «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-
Pastae,дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері
граммен көрсетіледі,келесі жолда D.S
Мысалы: Rp.:Pastae Zinci-Salicylatae 100,0
D.S.зақымдалған аймаққа жағу
▶ Суппозиториялар-Suppositoria- бөлме температурасында қатты,дене температурасында
еритиін,балқитын,дозаланған,жұмсақ дәрілік қалып.Пішініне қарай шарлар,жұмыртқа
тәрізді,пессария болып бөлінеді.
Суппозиторияларды рецептте жазу ережесі:
1.Қысқартылған түрі: «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Supositorium,содан соң cum
дәрілік зат аты бас әріппен жазылады.Келесі жолда D.t.d. N… S.
Мысалы: Rp.: Supositorium cum Glycerino 1,5
D.t.d. N16
S. 1 суппозиториядан тік ішекке
2.Толық рецепт түрі: «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде,1
суппозиторияның дозасы жазылады.Келесі жолда M.f. suppositorium rectale Одан кейін D.t.d. N.... S
Мысалы:Rp.: Euphyllini 0,2
Olei Cacao 3,0
M.f. suppositorium rectale
D.t.d. N 10
S.1 суппозиториядан тік ішекке
3.Комеррциялық атпен шыққан суппозиториялар «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде көпше түрде
«Suppositoria» содан соң тырнақшада дәрілік заттың аты бас әріппен атау септігінде, келесіде N D.S
Мысалы: Rp.: Suppositoria « Anosolum» N10
D.S. Тік ішекке күніне 2 рет
▶ Пластырьлер-Emplastra-сыртқа қолдануға арналған,дене
температурасында жұмсарған соң теріге жабысатын қабілеті бар
дәрілік қалып.Бұл көне дәрілік қалыптардың бірі болып
келеді,сирек қолданылады.
Линименттер-Linimenta-сыртқа қолдануға арналған қою сұйықтық
түріндегі,дене температурасында балқитын қоймалжың дәрілік
қалып.Гомогендігіне байланысты
бөлінеді:гомогенді,эмульсиялық,суспензиялық.
Линименттерді рецептте жазу ережесі:
1. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік
септігінде,»Linimenti» дәпілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде
жазылады,одан кейін концентрациясы %көрсетіледі және жалпы
мөлшері келесі жолда D.S.
Мысалы: Rp.: Linimenti Synthomycini 10%-30 ml
D.S. Конъюктивті қапқа күніне 2 рет
енгізу
Сұйық дәрілік қалыптар:
Ерітінділер
Тұндырма
Қайнатпа
Шырыштар
Микстура
Эмульсия Сығындылар
▶ Ерітінділер-Solutiones-дәрілік затты арнайы еріткіштерде еріту арқылы
алынатын сұйық дәрілік қалып.Ерітінділердің спиртті,майлы,сулы түрлері
бар.Қолдану әдісіне байланысты:сыртқа,ішке,иньекцияға арналған
ерітінділер деп бөлінеді.
Ерітінділерді рецептте жазу ережесі:
1.Қысқартылған рецепт түрі. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты
ілік септігінде «Solutionis»6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігіде
жазылады,одан кейін концентрациясы мен жалпы мөлшері көрсетіледі,келесі
жолда-D.S.
Мысалы: Rp.: Solutionis Naphthyzini 0,1%-10ml
D.S.Күніне 3-4 рет 1-2 тамшы мұрынға.
2.Толық рецепт түрі.Негізгі зат ілік септігінде,мөлшері граммен
немесе ӘБ көрсетіледі,әрі қарай(ad)ерітіндінің жалпы мөлшері көрсетілуімен
еріткіштің аты жазылады,келесі жолда M.D.S.
Мысалы: Rp.: Solutionis Cholini chloridi 20,0
Aquae purificatae ad 100ml
M.D.S.1 шай қасық күніне 3 рет.
▶Тұндырмалар мен қайнатпалар-Tincturae et Decocta-өсімдік шикізаттарынан
алынатын сұйық дәрілік қалыптар.Тұндырмалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен-
жапырақтардан,гүлерінен,шөптерінен,ал қайнатпалар өсімдіктің түбірінен,тамыр
сабақтан,қабықтан,түйнекшесінен жасалады.Оларды ішке сондай-ақ клизма түрінде
қолданады.
▶ Тұндырма мен қайнатпаларды рецептте жазу ережесі:
1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде»Tinctura немесе
Decocti»,дәрілік өсімдіктің аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,әрі қарай
мөлшері граммен және жалпы мөлшері миллилитрмен көрсетіледі,келесі жолда D.S.
Мысалы: Rp.: Tintura Foliorum Plantaginis10,0-200m
D.S.1 ас қасық күніне 3-4 рет
Тұнбалар-Infusi-сұйық,мөлдір,көп немесе аз боялған,өсімдік шикізатынан
қыздырмай алынатын спиртті сұйықтықтар.
Тұнбаларды рецептте жазу ережесі:
1. .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде(Infusi)дәрілік өсімдік аты
бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері мл мен көрсетіледі.Келесі жолда
D.S.
Мысалы: Rp.: Infusi Convallariae 15 ml
D.S.15тамшы күніне 2-3 рет
▶ Сығындылар-Extracta- ішке және сыртқа қолдануға арналған,дәрілік өсімдік
икізатынан алынған,қоюлатылған сірінділер.Консистенциясына қарай
сұйық,қю,құрғақ сығындылар ажыратады.
Сығындыларды рецептте жазу ередесі:
1.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты ілік септігінде «Extracti»,ал дәрілік
өсімдік аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,консистенциясы мен жалпы
мөлшері мл –мен көрсетіледі.Келесі жолда D.S.
Мысалы: Rp.: Extracti Eleutherococci fluidi 50ml
D.S. 20 тамшыдан күніне 2рет
Жаңа галенді препараттар-Галендік тұнбалар мен сығындылар байланысты
заттардан тұратын галендік препараттар болып келеді.Оларды парентеральды
ішке және сыртқа қабылдайды.Оларды өсімдік шикізатынан,тазартылған
тартқыштардан алады.
Препараттар тек қана қыстартылған рецепт түрінде жазылады.Rp.: сөзінен соң
дәрінің аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,жалпы мөлшері мл-мен
көрсетіледі,келесі жолда D.S.
Мысалы:Rp.: Adonisidi 15 ml
D.S. Күніне 2-3рет 20-40 тамшыдан ішке.
▶ Эмульсиялар-Emulsa- 2 фазалы дисперсті жүйе болып
табылатын,өзара ерімейтін сұйықтықтардан тұратын,ішке,сыртқа
қолдануға арналған сұйық дәрілік қалып,оның құрамына эмульгатор
қосады.Өзара тұқымдық ,майлы болып бөлінеді.
Қысқартылған рецепт түрінде: 1.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты
ілік септігінде «Emulsi»майдың аты бас әріппен ілік септігінде,жалпы
мөлшері мл-мен көрсетіледі. Келесі жолда D.S.
Мысалы: Rp.: Emulsi olei Ricini 20-200ml
D.S. Түнге қарай 1 ас қасықтан ішке қабылдау
Толық рецепт түрінде: Rp.: сөзінен соң майдың аты,көлемі,эмульгатор
аты,оның мөлшері,келесі жолда Aquae purificatae ad содан соң M.f.
emulsum және D.S.
Мысалы: Rp.: Olei Ricini 20ml
Gummi Armeniacae10,0
Aquae purificatae ad 200ml
M.f. emulsum
D.S. Ішке 1-2ас қасықтан 1қабылдауға
▶ Суспензиялар-Suspensiones- ұсақ бөлшектенген ерімейтін қатты дәрілік
заттар.Сол күйінде қандай да бір сұйықтықта суда,глицеринде сұйық
майларда болатын сұйық дәрілік қалып. Суспензияларды
рецептте жазу ережелері:
1.Қысқартылған түрде: .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік
септігінде «Suspensionis» дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде
жазылады,концентрациясы % және жалпы мөлшері мл-мен
көрсетіледі.Келесі жолда-D.S.
Мысалы: Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetasis0,5%-10ml
D.S.көзге 2 тамшыдан күніне 3-4 рет
2.Толық түрдегі рецептте:»Rp.:» суспензиялардың құрамына кіретін
барлық заттар және олардың мөлшері көрсетіледі ,содан соң M.f. suspesio
жазылады ,келесі жолда D.S.
Мысалы: Rp.: Trishomoncidi 0,25
Olti Vaztlini ad 50ml
M.f. sushtsio Sterilisetur
D.S. 10мл-ден қуыққа енгізу үшін
▶ Микстуралар-Mixturae- әртүрлі сұйық негіздерде бірнеше қаттызаттарды
еріту,араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік қалып.Микстуралар 3
не одан көп ингредиенттерден тұрады.Рецепт жартылай қысқартылған
түрде жазылады,егер толық түрде жазғанда компонентердің барлығы
мөлшері граммен жалпы мөлщерше дейінгі ертікіш жазылады,содан сон
M.D.S.
Мысалы: Rp.: Coffeini natrii-benzoftis0,2
Natrii bromidi 0,25
Aquae purificatae ad 200 ml
M.D.S. 1ас қасық күніне 3 рет
Шырыштар- Mucilagines –тұтқыр жабысқақ сұйықтық,майдаланған
құрамында шырышты заттары бар дәрілік шикізаттың сула тұгдыру немесе
еріту әлісінен алынады.Күйгенде, ісінулерде қолданылады.Шырыштарға
рецепт жазғанда Rp.: соң дәрілік зат аты ілік септігінде жазылады және мл-
мен жалпы мөлшері көрсетіледі.Шырыштар мен қатар
қышқылдарды,сілтілерді,спирттік ерітінділерді тағайындауға
болмайды,себебі олар шырыштың консистенциясын өзгертіп жібереді.
Қорытынды
Дәрілік заттардың әсері, ол организмнің
бірнеше қасиеттеріне байланысты өзгереді және
тәуелді болып келеді. Дәрілік заттар
сезімталдық жасына, жынысына, генетикалық
факторларға, ағзаның жағдайына, тәуліктік
және биологиялық ырғақтың маңызына
байланысты өзгереді
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Каркабаева,А.Д. Клиникаға кіріспе-2. 1-бөлім: оқу
құралы/ А.Д.Каркабаева, Н.Н.Теляева.-Астана: 2017
2. 1. Каркабаева,А.Д. Клиникаға кіріспе-2. 2-бөлім: оқу
құралы/ А.Д.Каркабаева, Н.Н.Теляева.-Астана: 2017
3. Кабиева,С.М. Введение в клинику. Т. 1. :учебник/
С.М.Кабиева – Алматы: Эверо, 2016
4. Кабиева,С.М. Введение в клинику. Т. 1. :учебник/
С.М.Кабиева – Алматы: Эверо, 2015
5. Клиникаға кіріспе. Том 1 :/С.М.Кабиева; ҚР денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. ҚММУ. –
Алматы: Эверо, 2016
Назарларыңызға
рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz