Актиномикоз қоздырғышы



Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Актиномицеттер. Актиномикоз қоздырғышы.
Орындаған:Алкарова Зарина
Тобы: ЖМҚА-02-20
Тексерген:Сейтханова Б. Т
Шымкент-2022

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Актиномициттердің таксономиясы, морфологиясы, тинкториалдық қасиеттері
Актиномициттердің ферменттік белсенділігі, антигендік қасиеті, резистенттілігі, клиникалық көріністері
Актиномикоздың лабораториялық анықтауы.
Алдын алуы мен емдеуі.
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Актиномикоз - жеделдеу немесе созылмалы түрде өтетін, клиникалық көрінісі көп түрлі - іріңдеу, абцесс, жыланкөз түзетін гранулематозды ауру. Адамдармен қатар жануарлар да ауырады. Қоздырғыштары актиномицеттердің түрлері болып табылады. Науқастың диагнозы көп жағдайда кешіктіріліп қойылады. Дертке ең бірінші болып 1845 жылы B. Langenbek сипаттама берген. Кейінірек 1877 жылы неміс ветеринары Otto Bollinger ірі қара малда ісік тәріздес зақымдануларда кристалл сияқты дәнді бөлшектерді тапқан, осыған байланысты оларды друзалар деп атаған. “Актиномикоз” терминін неміс ботанигі Carl O’Harz 1877 жылы грануладағы жіпшелерінің саңырауқұлақтардың мицелилері тәріздес сәулеленіп таралуына қарап ұсынған.

Таксономиясы
Қоздырғыштардың басым көпшілігі Actynomyces туыстастығына жатады. Ең жиі кездесетіні анаэробты түрі - A. israelii, кейбір түрлері Propionobacterium немесе Bifidobacterium туыстастығына жатады. Қалған түрлерінің ішінде жиі кездесетіндер: A. bovis, A. viscosus, A. naeslundii, A. odontolyticus болып табылады.
Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері.
Тармақтары бар жіпшелер мен жіңішке таяқшалар, грамша оң боялады, қозғалмайды. Саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша қабырғасында хитин немесе целлюлозасы жоқ, қабырғасының құрылымы грам оң бактериялар сияқты. Мицеллиялары қарапайым, жіңішке, тармақталған, тік немесе иілген таяқшалар. Актиномицеттердің ерекше қасиеттері - жақсы дамыған мицеллий түзеді. Мицелийдің гифалары бөлінбеген. Таяқша пішінді актиномицеттердің ұштары жуандау. Грам әдісімен нашар боялады. Жиі - дәнді немесе таспих пішінді. Конидиялары жоқ. Қышқылға тұрақсыз.

Дақылдандыру
Тыныс алуы бойынша - облигатты анаэробтар, факультативті анаэробтар, капнофилдер. Баяу өседі (7-10 тәулік) . Қанды агарда альфа, бетта, гамма гемолиз береді. Жүрек-ми қосылған агарда, сарысу мен қанмен байытылған орталарда, ашытқы экстракты қосылған орталарда, Сабуро және Чапек орталарында жақсы өседі. Қанды агарда ақ түсті томпақша колониялар түзеді.

Белгілері
Түрі
A. viscosus
A. naeslundii
A. israelii
A. bovis
A. bovis
Аэробты жағдайда өсуі
+
+
-
+
+
Серологиялық топтары (ИФТ)
В
Е
D
А
Ғ
Колониялары:
Тегіс
-
-
-
+
+
Өрмекші тәрізді
+
+
+
-
-
Каталаза
+
-
-
-
-
Уреаза
+
+
-
-
-
Крахмал
-
-
-
-
+
Арабиноза
+
+
+/-
-
?
Инозит
+
+
+
-
?
Ксилоза
-
-
+
-
+/-
Маннит
-
-
+
-
-
Манноза
+
+/-
+
-
?
АКТИНОМИЦЕТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

Ферменттік белсенділігі
Хемоорганотрофтар. Көмірсуларды газсыз, қышқылға дейін ыдыратады (сірке, құмырсқа, сүт, янтарь қышқылына дейін) . Индол түзбейді.

Антигендік қасиеті.
Резистенттілігі.
Жасуша қабырғасының түрспецификалық антигендері дифференциялаушы белгілері болып табылады. ИФТ көмегімен 6 серологиялық топтарға бөлінеді: A, B, C, D, F.
Ауаға түскенде бірден жойылады. Пенициллин, эритромицинб тетрациклинб клиндамицинге сезімтал.
Негізгі мекендейтін ортасы - топырақ. Тұрақты түрде суда, ауада, әртүрлі қоршаған орта объектілерінде, өсімдік, жануар және адамдарда табылады.

Актиномикоздар эпидемиологиясының ерекшеліктері:
Сапроноздар.
Жұқтыру көздері: қоршаған орта объектілері, науқастар мен бактерио-тасымалдаушылар.
Жұғу механизмі: аэрогенді.
Таралу механизмі: қарым-қатынастық, жанасу.
Берілу жолдары: жарақат арқылы.

Патогенезі
Актиномикоз - аэробты және факультативті анаэробты актиномицеттер тудыратын адам және жануарлардың созылмалы инфекциясы. Олар ауыз қуысы мен ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына кіреді. Сондықтан эндогенді инфекция дамуы мүмкін. Түрлі ағзалар мен тіндерде қабыну ошақтары - актиномалар түзіледі. Оларда актиномицеттердің друзалары табылады. Оппортунистік инфекция тудырады.
Алғашқы актиномицеттік зақымданулар олардың орналасқан жерлерінде пайда бола бастайды. Содан соң біртіндеп тарай бастайды.

Гранулемалық қабыну
Клиникалық көріністері
Полиморфты
Орналасуы бойынша мойынды-беттік, торакалді, абдоминалді, зәр шығару-жыныстық, сүйек-буындық, сепсистік т. б. Түрлерін ажыратады
Ең жиі кездесетін түрі - жақ-бет және мойын-беттік болып табылады. 58-97%
Актиномикоздың абдоминальды түрінде кіші жамбас қуысы ағзаларының перфорациясы салдарынан дамиды.
Ол - аппендикстің жарылуы, ойық жара тесілуі, хирургиялық дивертикулиттер мен басқа да жарақаттық зақымдалулар.

Иммунитеті
Аз кернеулі, ЖСБТ (ГЗТ) түзіледі. Толығымен зерттелмеген.
Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал.
Арнайы алдын алуы қарастырылмаған. Бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарылатуға бағытталған.
Емдеуі. Арнайы алдын алуы.

Микробиологиялық диагноз қою үшін келесі әдістерді қолданады:
Микроскопиялық әдіс.
Зерттеу материалы - қақырық, ликвор, ірің, пунктаттар, тіннің биопсиясы. Бактериологиялық әдіс кезінде гифалар көрінеді. Жарақаттан алынған зерттеу затын зат әйнекшесіне қойып бетін жабынды әйнекпен жабады, ұлғайтуын азайтып, конденсорды төмен түсіріп қарайды. Грам әдісі бойынша споралары қоңыр-аспанкөк түсті, мицеллийлері - аспанкөк түсті, друзалары - ақшыл қызыл түске боялады. Циль-Нильсен әдісі бойынша - споралары қызыл түске боялады.
Бактериологиялық әдіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz