Науқасты аспаптық тексеру әдістері




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Хирургиялық пәндер кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы : Хирургиялық науқастарды заманауи
тексеру әдістері (науқастарды жалпы аспаптық тексеру
әдістері ).

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған: ________________

Шымкент 2019 ж
Жоспар:

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. 1. Науқасты жалпы тексеру (субъективтік
2. объективтік )
3. 2. Науқасты аспаптық тексеру әдістері:
4. Рентгенологиялық,
5. Электрлік белсенділігін зерттеу.
6. Эндоскопиялық зерттеу.
7. Ультрадыбысты зерттеу
8. Радиоизотопты зерттеу
9. Магнитті-резонансты томография (MPT)
10. Тіндердің биопсиясы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе

Науқасты тексеру кезінде оған қолайлы жағдай туғызу
керек: Ауру белгілерін толық анықтау – дәрігер мен
науқастың арасындағы қарым-қатынасқа байланысты
болады. Дерт белгілерін, яғни симптомдарын ( грекше
symtoma –тура келу) субъективтік (зертханалық) және
объективтік (аспаптық) деп бөлеміз.
Ауру диагнозын тек бір белгісіне сүйеніп қою дұрыс
емес. Диагностикалық қателіктердің көбі науқасты
жеткіліксіз тексергеннен болады.
II Негізгі бөлім

1. Науқасты тексеру
Науқасты тексеру әдістері — белгілі бір ауруды
танып білу, аурудың әртүрлі белгілерін анықтау
және ағзадағы өзгерістерді анықттау үшін қажет.
Аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін:
науқасты сұрастырудан басталып, одан да күрделі
зерттеулер жалпы аспаптық тексеру әдістеріне
дейін жүргізіледі.
2. Хирургияның дамуы
XX ғасырдың соңында медицинада, әсіресе хирургияда
айтарлықтай прогресс болды.
Хирургияның дамуына бірден- бір себеп техниканың
дамуы.
Хирургияда заманауи машина аспаптары мен түрлы
жарақтар қолданысқа енгізілді. Операциялық блоктың
жиынтығында соңғы үлгідегі аспаптар операцияның
жарақатын барынша азайтуға мүмкіндік берді.
3. Аспапты зерттеу әдістері

Диагностикалық зерттеулер тым әр түрлі. Олардың көбі
инвазивті болғандықтан зерттеулердің қауіпсіздігі мәселесі
туындайды. Кез келген жағдайда жүргізілетін зерттеудің
қауіптілігі сол зерттеуді жүргізу барысындағы алынатын
зерттеу нәтижесінің маңыздылығынан аспау керек.
Рентгенологиялық зерттеу.

Әр түрлі ағзалардың рентгенологиялық зерттеуі асқазан-
ішек жолдары (соның ішінде өт қапшығы), бүйрек, ми,
сүйектер, жүрек ауруларын диагностикалау үшін
қолданылады. Көп жағдайларда зерттеуден толық мәлімет
алу үшін контрасты заттар енгізіледі (асқазан-ішек
жолдарына енгізілетін барий қоспасы, қан тамырларына
енгізілетін құрамында йод бар контраст).
Айтарлықтай ақпаратты рентгенологиялық әдіс —
компьютерлі томография, сонымен қатар жоғарғы қуатты
компьютерлі томография: рентгендік сәуле шоғымен сканерлеу
арқылы арнайы қатпардың рентгенологиялық кескіндемесін
алып, соңынан компьютер арқылы сол қатпардың бейнесін
құрастырып, контрасты заттарды қолданбай
рентгенологиялық сәулелерді қабылдау ерекшеліктері арқылы
тіндерді дифференсация жасайды. Компьютерлі томография
ағза кесіндісінің анық бейнесін алуға көмектеседі.
Электрлік белсенділігін зерттеу.
Кейбір мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу (ЭКГ —
жүректің, электроэнцефалография — мидың, электромиогра­
фия — бұлшық еттің) олардың функциялық белсенділігі
туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Эндоскопиялық зерттеу.
Икемді эндоскоптар сапалы жақсы бейнені алуға жағдай
жасайды және компьютердің арқасында асқазан, ішек
жолдарының, бронхтардың, несептік жолдарының және басқа
мүшелердің ішкі бетін зер салып қарауға мүмкіншілік береді.
Әдіс кейбір жағдайда морфологиялық зерттеумен
жалғастырылатын тін биопсиясымен толықтырылады.
Ультрадыбысты зерттеу
Ультрадыбысты импульстер әр
түрлі тығыз аймақ
шекараларынан қайтып оралу
арқылы мүшенің көлемі мен
құрылымы туралы мәлімет бере
алады. Айрықша жүректің УДЗ
әдісінің мағынасы жоғары, ол
зерттеу және де жүректің
жиырылу қызметін анықтауға
мүмкіншілік береді. Сонымен
қатар қүрсақ қуысы
мүшелерінің, соның ішінде
бауыр, өт қапшығы, үйқы безінің
УДЗ маңызды: бүйректің УДЗ
кеңінен таралған.
Радиоизотопты зерттеу
Жүрек-қан тамыр жүйесін,
бүйректі, бауырды, сүйекті,
қалқанша безді зерттеуде едәуір
кеңінен қоданылады. БҰл
зерттеуде ағзаға көк тамыр
арқылы немесе пероралды тиісті
мүшеде жиналатын
радиобелсенді изотоп заты
енгізіледі, соңынан заттың
сәулесі тіркеледі, сол арқылы
морфологиялык және
функционалды бұзылыстарды
анықтауға мүмкіншілік туады.
Магнитті-резонансты томография (MPT)
Ядролық-магнитті тербеліс құбылысына негізделген, КТ
қарағанда адам ағзасының «кесіндісін» алу арқылы толық
талдап тексеруге мүмкіншілік беретін әдіс. Дегенмен
әдістің негізгі кемшілігі — кұрал-саймандар бағасының
қымбаттылығы.
Тіндердің биопсиясы
Морфологиялык зерттеуге
материал эндо­скопия,
аспирациялық биопсия
(материалды инемен аспирациялау
арқылы алады), инцизионды
биопсия (бір жапырақ тінді тіліп
алу аркылы алады) арқылы
алынылуы мүмкін; стерналды
пункция немесе трепанобиопсия
сүйек миының ерекшелігін
анықтау арқылы қан ауруларының
дифференциалды диагностикасын
жүргізуге мүмкіншілік береді.
III Қорытынды

Тақырыпты қорытындылай келе, хирургияның дамуына
техникаландыру үлкен жетістіктер мен мүмкіндіктер алып
келді. Оның кемшілігі дәрігердің науқастан алыстауына
себепші. Анамнез бен клиникалық тексеру күрделі
зерттеулермен алмысты. Дегенімен, хирургияда үлкен
мүмкіндіктерге жол ашылды. Заманауи аспаптар түрлі
травмалық аурулар жайлы нақты мәліметтер беруде.
IV Пайдаланылған әдебиеттер

1. Н.А. Мухин В.С. Моисеев Ішкі аурулар
пропедевтикасы.
2. В.И. Маколкин, С.И. Овчаренко, В.А. Сулимов Ішкі
аурулар\ Қазақ тіліне аударған редактор проф. Қ.А.
Жаманқұлов(74-77 бет).
3. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия; Оқулық- Алматы,
2016.
4. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия; оқулық/.-
Қарағанды, 2017
5. http://www.gkb7.kz/kz/kyzmetter/statsionarlyk-
kyzmetter/khirurgiyalyk-sala-bolimi/gepatobiliarly-
khirurgiyaly-ortaly-pen-zhospary-khirurgiyaly-b-limshe

Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері
Тексеру әдістері
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Зертханалық зерттеудің мақсаты
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Обьективті және субьективті тексеру
Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы
Урологиялық науқастарды зерттеп тексерудің әдістері
Сүйектерді тексеру
Зертханалық зерттеу әдістері
Пәндер