Маскүнемдіктің этиопатогенезі
Презентация қосу
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
2 - кредит
№4 Тақырып:Маскүнемдік, нашақорлық,
токсикоманияның патофизиологиялық аспектілері
Орындаған: студент Алкарова З.
Тобы: ЖМҚА 02-20
Қабылдаған: м.ғ.к, доцент м.а. Бисимбаева С.Б.
2022ж
ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Маскүнемдіктің этиопатогенезі.
2.Маскүнемдік кезіндегі соматикалық және жүйкелік
бұзылыстары.
3.Нашақорлықтың түрлері.
4.Нашақорлық пен токсикоманияның этиологиясы және
даму сатылары.
5.Қорытынды
Пайдаланылган адебиеттер
Кіріспе
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге
салынушылық. Бұл адамның денсаулығына,
тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян
келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса,
қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар
семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас
адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре
алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға
ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады.
Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де
дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда
кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға
созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы —
бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз
әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы
қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі
ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай
белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын
жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ
жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз,
бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады.
Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын
ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады.
Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті
ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2
литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді.
Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
*Маскүнемдіктің даму сатылары
*Бірінші сатысы 1ден 4жылға дейін созылуы мүмкін.Бұл кезде
адам көп ішкенді көтере алады,артық ішсе де құспайды,ұдайы
ішкісі келіп тұрады;
*Екінші сатысында (5-15ж) ішімдікті көп және күнделікті іше
бастайды.ол ішу көңіл-күйінің қобалжуын баспай керісінше
қоздырады, жадында сақтау қабілеті жоғалады,ішпеген жағдайда
ойлау әрекеттері бұзылады. Есіл дерті ішімдік ішуге ғана ауып
тұрады, жұмысқа деген қабілеті жоғалады.
*Үшінші сатысы (5-10ж) кезінде ішімділікке төзімділік
азаяды.Болар-болмас ішкеннің өзінен қатты
масаяды.Ішімдіктің денені сергітетін әсері жоғалады,ол тек
адамның жалпы жағдайын ұстап тұруға ғана
жарайды.Әрбір ішкеннен кейін істегенін ұмытып
қалады.Ұдайы ішуге деген ұмтылыс адамның өмірінің
мәніне айналады. Ішімділікке организм төзімділігінің
аздығынан, өзінің шамасын дұрыс бағалай алмаудан науқас
адам жиі өлімге ұшырайды.
Алколизм адамның прогрессивті деградациясына және
ішкі ағзалардың тән зақымдалуына әкеледі: бауыр
(гепатит, гепатохолецистит, цирроз), асқазан-ішек
жолдары (панкреатит, гастрит, асқазан және он екі елі
ішек жарасы), жүрек (кардиомиопатия, гипертония,
миокард дистрофиясы, кардиосклероз), өкпе
(иммунитеттің төмендеуіне байланысты туберкулез).
Науқастар психикалық тұрғыдан нашарлайды,
олардың мүдделері тарылып, танымдық қабілеттері
бұзылады, ақыл-ойы төмендейді.
Нашақорлық -наркомания (грек тілінен narke – мелшию
және manіa – ессіздік, құтырыну ) – есірткі заттарға
патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын
созылмалы ауру. Нашақорлық-дамуының белгісі ол
адамның жеңіл міңезі, өзін-өзі ұстай білмеуі және жаңа
нәрселерді байқап көргісі келгені басты рөл ойнайды.
Нашақорлықтын бастапқы этаптарында адам
наркотиктің белгілі түрін тандайды және оларды кез
келген уақытта пайдалану тәуелділігі пайда болады.
Наркотиктерді жиі қолдана бастаған соң адам организімі
өзгере бастайды. Организімнің қорғану реакциясы
жойылады. Нашақорлар наркотикті 2-10 есе көп
қолданады.Бірте-бірте наркотиктерге психологиялық
мания пайда болады.
Нашақорлық себептеры
Әлеуметтік себептер: белгілі бір топ арасында есірткіні тарату
Әлеуметтік жағдайлары төмен немесе керісінше бай адамдарға сән ретінде қолдану.
Биологиялық себептер: ауыр микроәлеуметтік жағдай, зорлық немесе отбасында
эмоционалды оқшаулану,көбінесе генетикалық жолмен тұқым қуалайды
Психологиялық себептер: тұлға қасиеттері тұрақсыздық, интеллектуалды
қызығушылықтың төмендеуі, өзін-өзі бағалауы адекватты емес,өзін-өзі ұстауы
әлсіз,стресске тұрақтылығы төмен, қоршаған адамдар пікіріне тәуелді бағынышты,
енжар, ерік-жігері төмен
Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды.
Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-
сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез
ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам
ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын
морфи мен апииннан алынатын препараттарды
қолданатын.
Нашақорлық түрлері:
• Марихуана
• Героин
• Кокаин
• Экстази
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ
тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы
тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин
алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік
белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол
қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада демалады
«экстази» таблеткасын музыкамен біріктіруден болған
эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік
сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат
қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан
8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс
болғандардың саны көп.
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың,
тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора
гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде,
оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
*Уытқорлық
*Уытқорлықтар есірткеге жатпайтын заттарды қабылдаудан
дамиды.Ең жиі қолданылатын заттарға психотроптық дәрілер,
транквилизаторлар, антидепрессанттар жатады. Психотроптық
дәрілер психоздарды,
*жүйке тозуын және соған ұқсас жүйке бұзылыстарын емдеу үшін
қолданылады.
*Транквилизаторлар күңіл қобалжуларын,
үрей,қорқыныш,сезімдерін басатын дәрілер.
*Антидепрессанттар адамның көніл күй тұнжырауын жоятын,
тұнжырау синдромымен ауыратын адамдардың көңілін көтеретін
дәрілер.
*Нашақорлық пен уытқорлықтың
патогенезі
Есірткілер мен уыттардың құрамында және әсер ету жолдарында
белгілі айырмашылықтар бар. Алжалпы ортақ белгілеріне келетін
болсақ:
*Жан-дүниеге әсер ететін заттары қайталап қабылдауға деген дерттік
құштарлық болуы.
*Оларға организм төзімділігі қалыптасуы.
*Бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасуы
*Оларға физикалық тәуелділік қалыптасуы жатады
Қорытынды
Маскунемдік пен Нашақорлық - ғасыр дерті, анашалық заттар адам
өміріне аса қауіпті екен ін ұғына отырып, алдын алу, саналы да
салауатты өмір сүру. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Адам
өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы
өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап
етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп, отыруы абзал.
Жалпы халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол
ізде» деген дана қағидасы әрдайым жадымыздан шықпайтын биік
ұстаным болуға тиіс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz