Мектепте тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың әдістемесі



Мектепте тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың әдістемесі. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары -педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т. б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын.
Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлер, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.

Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
- Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін.

Қандай
жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.
- Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді) .
- Ата-аналармен жұмыс.
Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу - күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді. Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте оқушылардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар, тізімі және тұрақты мекен-жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz